Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1749 материал табылды

Қазақстан • 08 Сәуір, 2020

Алтын қорымыз көбейіп келе жатыр

«Ақпан айының соңында Қазақстанның халықаралық резерві 29,9 млрд долларды құрады. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 1,9%-ға, өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда  2,6%-ға  жоғары» деп хабарлады Finprom.kz. 

Экономика • 08 Сәуір, 2020

Қазақстан халық пен бизнесті қорғауға ЖІӨ-нің 9%-ын бағыттайды

Үкіметтің экономикалық блогы қаражат үш бағытта бөлінетінін айтты. Бірінші бағыт – төтенше жағдайды ескере отырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Екінші бағыт – макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне дайындық. Үшінші бағыт – азаматтар мен экономиканы қолдау, соның ішінде мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын орындау.

Әлем • 08 Сәуір, 2020

Ресей Орталық банкінің төрағасы банктерден несиелендіруді қысқартпауын талап етеді

«Ресейдегі Орталық банк төрағасы Эльвира Набиуллина банктерге өздерінің пайдасы туралы емес, нарықтық жағдайды қалыпқа келтіру туралы ойлануды ескертті» деп хабарлайды «Коммерсант» басылымы.

Экономика • 08 Сәуір, 2020

Әлемдік қор биржалары: қор индекстерінің өсу тенденциясы байқалады

Бұл 7 сәуірдегі жағдайдың қортындысы. Кеше инвесторлар арасында  әлемде  коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеп бастады деген үміт басым болды.

Экономика • 08 Сәуір, 2020

Жеңіл өнеркәсіп: Жыл сайын мультимиллионер шығаруға мүмкіндік бар

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова журналистермен кездескенде Қырғызстанда ішкі жалпы өнімнің 30 пайызын жеңіл өнеркәсіп беріп отырғанын, Қазақстанда ол небәрі 0,03 пайыз екенін,  2010 жылдан бергі уақытта отандық жеңіл өнеркәсіп ішкі қажеттіліктің тек 10 пайызын ғана өтегенін айтты. Қалған 90 пайызы сырттан келетін өнімдердің үлесінде. Сондай-ақ төраға көптеген кәсіпорынның жұмысын тоқтатуына мемлекеттік тапсырыстың бір қолға өтіп кетуі себеп болғанын да жасырмады. «Үкімет жеңіл өнеркәсіпті дұрыс жолға қоя білсе, халықты жұмыспен қамтудың негізгі көзі де осы сала»  дейді ол.

Экономика • 08 Сәуір, 2020

Қазақстанның ірі бизнес өкілдері салық жеңілдіктерін сұрайды

Енді  ірі бизнес өкілдері де  преференциялар алуға ниет білдіріп отыр.  «Атамекен» ҰКП  салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова қабылданатын шаралар ШОБ-ты әлсіретіп алмауға бағытталғанын айтты.  Бірақ қазіргі таңда  ірі бизнес өкілдері қиындықтармен бетпе-бет қалып отыр.

Экономика • 07 Сәуір, 2020

S&P Global Ratings: Банк секторының кірісі екі есе азайғанмен, тұрақтылығы сақталады

S&P Global Ratings жетекші несие талдаушысы Ирина Велиева «2020 жылы Қазақстанның экономикасы мен банк секторының даму келешегі» атты онлайн-конференция барысында қазақстандық банк секторының дамуын қиындататын факторларайтып, алдын ала болжауға болмайтын жағдайларға назар аударды.

Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Қазақстан ОПЕК+ министрлер вебинарына қатысады

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөздері 9 сәуірде бейнеконференция арқылы өтеді.

Әлем • 06 Сәуір, 2020

4-6 сәуірдегі металдар, мұнай бағасы және теңгенің бағамы - бір доллар үшін 443,5 теңге

Мұнай: Баға OPEC + 6 сәуірдегі кезектен тыс жиналысы болады деген ақпарат шыққалы бері  тұрақты өсіп келеді, ал Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 11% -ға жуық қымбаттады.

Экономика • 06 Сәуір, 2020

Алдағы күндері доллар 425-430 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе?

Бүгін таң атқалы бері сарапшылар   «Соңғы күндері теңге неге  қымбаттады, бұл бағаны қанша уақыт ұстап тұрады?» деген сұраққа әр қырынан келіп, жауап беруге тырысып жатыр.   Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының   басқарушы директоры  Олжас Төлеуов  Tengenomika телеграммасында осы сұраққа жауап беріпті.