Әлем • 09 Мамыр, 2020

CDC Қазақстанға 1,68 миллион доллар қаражат бөлді

195 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығы (Center for Disease Control and Prevention, CDC) Орталық Азия елдерін халықты жаппай коронавирус тестінен өткізуге шақырды. CDC Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Дэниел Сингер 6 мамыр күнгі брифинг кезінде жаппай тестілеу өткізу арқылы ғана аурудың қаншалықты кең тарағанын көруге болады, сонымен бірге індет ошақтарын анықтауға болады деді.

CDC Қазақстанға 1,68 миллион доллар қаражат бөлді

Сингердің айтуынша, CDC Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мен тұрғындарды тестілеуден өткізуге 1,68 миллион доллар қаражат бөлген. Ұйымның айтуынша, бұл қаражат зертхана жабдықтары мен құралдарын сатып алуға, атап айтқанда ПЦР-анализ, денсаулық сақтау саласы мамандарын тренингтен өткізу және техникалық көмек көрсетуге жұмсалмақ.

Дэниел Сингердің сөзіне қарағанда, ұйымның Орталық Азия аймағына 6,8 млн доллар көлемінде кешенді көмек беру жоспары аясында Қазақстанға қаржылай көмек көрсетіліп отыр. Бұл қаржы эпидемиялық дертке қарсы вакцинаға, екпеге  жұмсалады.

6 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 4432 адамнан коронавирус табылған, 30 адам қайтыс болған. Әлемде вирус жұқтырғандар 3,7 млн адамға жеткен. АҚШ-та 1,2 млн адамнан коронавирус табылған.

Екпе тақырыбы біздің елде де түрлі пікірлердің қалыптасуына себеп болып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осыған дейін Қазақстанда   екпеден ешкім өлмегенін талай рет айтқан.  

Хабар-24 телеарнасына берген сұхбатында Денсаулық сақтау министрі вакциналар әлемнің барлық дерлік елдерінде міндетті болып табылатынын айтты.  Сонымен қатар министр әлемдегі барлық елдердің дәрі-дәрмектерге қол жеткізе бермейтінін, ал біздің ел тиімділігі дәлелденген вакциналарды сатып алатынын,  олардың сапасы қатаң бақылаудан өтетінін айтты.

Дәрігер Алмаз Шарманов осыдан 4 жыл бұрын қазақстандық журналистермен кездескен кезде екпеден бас тартудың қатерлі зардабы туралы айтқан болатын. Дәрігер бізбен әңгімесінде екпенің 200 жылдық тарихы барын айтып берді. «Осыдан 200 жыл бұрын  Эдвард Дженнер атты ағылшын дәрігері екпе арқылы кез-келген аурудың алдын алатынын дәлелдеп шыққан. Алғашқы кезде дәрігерді «сиқыршы, көзі байлап қойып, емдейді, оның әсері болмайды» деп айыптаған.  

«Екпенің  қаншалықты тиімді және қауіпсіз екенін жеке мысалмен көрсету үшін Ұлыбританияның королі  өз балаларын егіп, осылайша оларды жұқпалы аурулардан сәтті қорғады. Содан бері вакцинация жер шарындағы миллиардтаған балалардың өмірін дифтерия, сіреспе, қызамық, полиомиелит және басқа да қауіпті аурулардан сақтап қалды» дейді Алмас Шарманов.

Алмас Шарманов  кәсіби емес көздерге сеніп және вакцинациядан бас тарта отырып, ата-аналар баласын өлімге душар ететінін айтып өтті.

«Лондон медицина мектебінің профессоры Хейди Ларсон «Табиғат» журналында былай деп жазды: «Келесі ірі індет алдын алу технологияларының жетіспеушілігімен емес, «әлеуметтік желілер мен сандық технологиялармен көбейтілген эмоционалды инфекциямен» байланысты. Денсаулық сақтау жүйесі батыл шаралар қабылдауы керек» деп атап өтті Алмас Шарманов. 

Алмас Шарманов ел ішінде екпеге байланысты қиял-ғажайып әңгімелерден хабардар екенін айтып өтті. Оларға қарсы тұру үшін ең алдымен қарсыластың дәлелдерін зерттеу маңызды екен.  «Вакциналар пайда болғаннан бері екі ғасырдан астам уақыттан бері вакцинация қарсыластарының вакциналарға қарсы деп аталатын пікірлері айтарлықтай өзгерген жоқ. Олардың пікірлерінің теориялық негіздемесі жоқ екенін оңай дәлелдеуге болады. «Қоғам  вакцинация қарсыластарының  жетегінде кетпеу үшін жүйелі, үздіксіз және тиімді ақпараттандыру науқанын жүргізу  қажет. Вакциналарда химиялық заттар бар, бірақ олардың  улы емес екенін,  вакциналар иммундық жүйе   күн сайын сансыз патогендермен күресуге арналғанын, және аутизмді турдырмайтынын айтсаң – жеткілікті» дейді Алмаз Шарманов. 

Алмаз Шарманов, вакцина белгілі бір деңгейде өзінің жеңісінің құрбандығына айналып отырғанын айтып өтті. Кәсіби емес пікірлерге сеніп және соған еріп, екпеден бас тартып, ата-аналар өздерінің балаларының өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, жұқпалы аурулардың алдын алуға да айтарлықтай кедергі келтіруде.

Дамыған елдерде дәрігерлер мен ата-аналардың көпшілігі өлімге әкелетін жұқпалы ауруларды ешқашан кездестірмеген. «Вакцинация жыл сайын 3 миллионға дейін өлімнің алдын алады, улы емес және аутизм тудырмайтынын әрдайым айту маңызды. Ғалымдар бұл мәселеде күмәнға орын беру мүмкін еместігін айтады. 

«Вакцинация бағдарламасының жетістігі - бұл жүздеген мың адамның өмірін құтқару ғана емес, сонымен бірге ауруға қарсы күресте адам ойының ұлы жеңістерінің бірі. Полиомиелитке қарсы вакцинаның авторы  Джонас Салктан «Сіз өз вакцинаңызды патенттедіңіз бе?» деп сұраған кезде «Күнге патент алуға бола ма?» деп жауап берген дейді Алмаз Шарманов.   

 

АЛМАТЫ