Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1776 материал табылды

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Қазақстан Ресейден бензин импортына тыйым салады

Қазақстан Ресей Федерациясынан ішкі нарыққа бензин, дизель отыны мен авиациялық жанармай әкелуге уақытша тыйым салады, - деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.  

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Қазақстан Alibaba және Wildberries-дан 50 аккаунт сатып алды

«Қазақстандық тауар өтпей ме, әлде тұтынушысына жетпей ме?» деген күмән бар еді көп көңілінде. Енді бұл қауіп сейілді. Өткен  жылдың соңында Сауда және интеграция министрлігі Alibaba және Wildberries  сияқты интернет сайттардан 50 аккаунт сатып алғанын айтқан болатын.

Медицина • 31 Наурыз, 2020

Аллергиядан зардап шегетіндер коронавирустың таралуы кезінде сақ болуы керек

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Республикалық аллергологиялық орталығының жетекшісі, дәрігер Динара Талғатбекова маусымдық аллергиясы бар, тыныс жолдарының созылмалы аллергиялық ауруларына шалдыққан адамдарға коронавирустың таралуына байланысты жоғары қауіп төнуі мүмкін екенін айтады.  

Әлем • 31 Наурыз, 2020

Mastercard ПИН-кодсыз жасалатын түйіспесіз төлемнің шекті мөлшерін 29 елде ұлғайтып отыр

Mastercard ПИН-код енгізбестен жасалатын түйіспесіз төлемнің шекті сомасын Еуропаның көптеген елдерінде ұлғайтуға ниетті екендігі жайлы хабарлады. Жаңа тұғыр 29 елде, соның ішінде Қазақстанда жүзеге асырылмақ, бұл түптеп келгенде бүкіл осы аймақта адамдардың төлем жасау мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік бермек.

Әлем • 31 Наурыз, 2020

ЕАЭО елдері келісімге келді

Еуразиялық экономикалық одақ елдері коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл туралы бір-бірімен келісімге келді, деп хабарлайды ЕЭО баспасөз қызметі.  

Қаржы • 31 Наурыз, 2020

Қаржы институттары өзгеріске дайын

«Төтенше жағдай банктер мен клиенттер бір кемеді екенін ұқтырды.  Кейін де өмір бар. Сол өмірді клиенттің мүмкіндігін ескеруден бастау керек» дейді қаржы институты өкілдері. Банктер мен  журналистер арасындағы онлайн кездесуді ұйымдастырған Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы мен  Микро-қаржы  ұйымдары қауымдастығының өкілдері қаржы институттарының бәрі төтенше жағдайға бейімделіп үлгергенін, соның салдарынан туындайтын жағдайдың бәріне дайын екенін айтты.

Бизнес • 30 Наурыз, 2020

Кәсіпкерлер жағдайы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының назарында

Кәсіпкерлердің 58%-ы келісімшартты бұзып, 19%-ы қызметкерлерін қысқартқан. Бұл мәліметтер «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Шыңғыс Темірдің бүгін онлайн жүйесінде өткен жиыны кезінде белгілі болды. Ш. Темір  төтенше жағдай кезінде палата кәсіпкерлердің мәселесін қалай шешетінін жариялады.  

Қаржы • 30 Наурыз, 2020

Mastercard байланыссыз төлемдер мөлшерін ұлғайтуға өз үлесін қосуға ниет білдірді

Бұл үшін Пин-код енгізудің қажеті жоқ.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

S&P Global агенттігі «ҚазМұнайГаз» бен «Теңізшевройл» рейтингін төмендетті

Агенттік Brent маркалы мұнай бағасына қатысты болжамдар қайта қаралғанын және қазіргі уақытта оның баррелі үшін 30 доллар, 2021 жылы 50 доллар және одан кейін 55 доллар болатындығын еске салды. Агенттік сарапшыларының пайымдауынша, көптеген мұнай-газ компанияларының несиелік көрсеткіштері ағымдағы бағалауларға  қарағанда төмен болады. «Біз ҚМГ және ТШО рейтингісін «Тұрақтылықтан» «Теріске» дейін өзгертіп, несиелік рейтингтерді бекіттік» делінген агенттік таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Микроқаржы ұйымдарын, ломбардтар мен интернет-несие берушілерді тексеру басталды

Бұл туралы бүгін Қаржы нарығын бақылау және реттеу агенттігінде өткен онлайн жиын барысында белгілі болды.