Әлем • 28 Наурыз, 2020
БҰҰ-ның 86 қызметкері коронавирус жұқтырған
Бүкіл әлемде коронавирус жұқтырған БҰҰ қызметкерлерінің саны артып келеді. Бүгінге дейін БҰҰ-ның 86 қызметкері жұқтырды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының АҚШ-тағы тілшісі Майра Абдрахманова хабарлады.
Әлем • 28 Наурыз, 2020
Қытай визасы мен тұруға рұқсаты бар шетелдіктердің елге келуін уақытша тоқтатады
Әлемде COVID-19 эпидемиясының тез таралуына байланысты Қытай 28 наурызда 00: 00-ден бастап жарамды визалары мен тұруға рұқсаты бар шетелдіктердің келуін уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Экономика • 28 Наурыз, 2020
Қазақстан экономикасын қолдауға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді
Елдегі төтенше жағдай кезінде Ұлттық банк ұлттық валютаны тұрақтандыру және экономиканың салалары мен секторларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықтың және кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қолдау шараларын қабылдады.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай салдарынан жұмысынан айрылғандарға алғашқы әлеуметтік төлемдер беріле бастады
Қазақстанда төтенше жағдай салдарынан жұмысынан айрылғандар үшін тағайындалған әлеуметтік төлемдер беріле бастады.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2020
СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде қиын жағдайға тап болған азаматтарымыз туралы айтты
Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Ресейде туысқаны бар қазақстандықтар сол елге бара алады
Мұндай мүмкіндік Ресей Федерациясы Үкіметінің 25 наурыздағы бұйрығына сәйкес беріледі.
Қаржы • 27 Наурыз, 2020
Қазақстанда инфляция 9% жетуі мүмкін
Ұлттық Банк апта басында биыл жылдың алғашқы жартысында инфляцияның мақсатты дәлізден асып кету қаупін жоққа шығармайды (4-6%). Біз пікір алған сарапшылар бұл болжамның қаншалықты мүмкін екенін айтты. Сарапшы Владислав Киселев журналистермен өткен онлайн жыинда Қазақстандағы тұтынушылық инфляцияның жылдық деңгейі осы жылдың аяғында қазіргі 6%-дан 8,1-9%-ға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтады. Бағаның өсуі, теңгенің долларға шаққандағы 15% құнсыздануы аясында импорт бағасы өсті.
Бизнес • 27 Наурыз, 2020
Мүмкіндікті кім қалай пайдаланады?
Еуропадан, ЕАЭО елдерінен келетін бірқатар азық-түлік импорты шектелді. Апта басынан бері жан-жағымыз, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның шенділері шектеу салынған импортты енді немен алмастыратынын қайта-қайта айтып, қарашасына ой салып, арзан несиемен демеп жатыр.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2020
Банктер өндіріске қашан бет бұрады?
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып алмай, өркениетті елдердің сапынан көріну тым қиын екені анықтауды қажетсінбейтін ақиқат. Сондықтан, осы сала өкілдері соңғы кезде «отандық кәсіпкерліктің бет-бедерін айшықтап, «бизнес-банк-өндіріс» формуласын жетілдіретін кез келді» деген пікірге басымдық бере бастады.
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Карантиндегі Орталық Азия: Қандай қонақ үйлер ауруханаға айналды?
COVID-19 коронавирусты пандемия кезінде пандемия көптеген елдер сырт әлемнен оқшауланып қалды. Осыдан бірер ай бұрын төсекте басы, төскейде ұшақтары мен көліктері бір-бірімен мидай араласып кеткен елдер есігін тарс жауып алды. Шетелден келген отандастарымыз бен басқа елдердің азаматтары вирустың әр түрлі жағдайында тексеріліп жатыр. Көбінесе, әуежайдан адамдар дереу ауруханаларға жіберіліп жатыр. Төтеннен келген зауал шұғыл шешімдер қабылдауға мәжбүрледі. Санаторийлер мен ауруханалар ғана емес, сонымен қатар жоғары санаттағы қонақүйлер карантин жағдайына бейімделе бастады.