Аймақтар • 28 Қазан, 2019
«Алматыметроқұрылыстағы» тікетірес дауға ұласты
Бүгін Алматыда «Алматыметроқұрылыс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімов құқық қорғау орындары тарапынан болып жатқан заңсыздықтар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке ашық хат жазатынын мәлімдеді.
Экология • 28 Қазан, 2019
Көктөбедегі көшеттер көктей солды
Алматыдағы Көктөбеге қызғалдақтар мен алма көшеттері отырғызылып, бұл шараға қала әкімі Бақытжан Сағынтаев та қатысқан еді.
Аймақтар • 25 Қазан, 2019
Алматылықтар қала тарихын сақтауға қатысатын болады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сәулет ескерткіштері құрамына қаланың бірегей ғимараттарын енгізу бойынша алматылықтардың ұсыныстарын жинауды тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Қазан, 2019
«Алтын Орда» маңындағы айналма жол құрылысы тағы шегерілді
Оған мердігер компания мен мұндағы құрылыстың жүргізілуіне кедергі болып тұрған жанар-жағармай бекетінің арасындағы жағдай себеп. Одан бөлек, жобалық-сметалық құжаттарда көрсетілмеген қосымша жұмыстардың шығуы, құрылыс материалдарының қымбаттауы да әсер еткен. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясына сілтемемен Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі хабарлады.
Аймақтар • 24 Қазан, 2019
Биыл Алматыда кәсіпкерлер «Даму» қорынан 5 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие алған.
Экономика • 23 Қазан, 2019
АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай банк секторындағы активтердің сапасын бағалау (Asset Quality Review) басталғанына үш ай өтті. Ішкі нарық оның қорытындысын күтіп іштен тынып тұр. Алғашқы қорытынды желтоқсан айының соңғы күндеріне дейін белгілі болатынын Үкімет те, Ұлттық банк те айтты. Жуырда осы мәселеге орай өткен дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар АQR жобасының бізге тым қымбатқа түсетінін жеткізді. Себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл жоба ішкі нарықта сыр берген банктерді мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыру үшін қолданылады екен.
Экономика • 22 Қазан, 2019
Халықаралық валюта қоры Алматыда аймақтық орталық ашады
Бұл туралы ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Карла Грассо хабарлады.
Спорт • 22 Қазан, 2019
Халықаралық ат спорты федерациясының президенті Алматыға келді
Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығын және салт аттылар өркениетін қалыптастырды, үлгісін таныптты. Алғаш рет жылқыны қолға үйрету қазақ жерінде бастау алғандығын солтүстіктегі «Ботай» қазбалары дәлелдейді. Елдегі бұл спорттың әлеуетімен танысу үшін Халықаралық ат спорты Федерацияының президенті Ингмар де Вос Алматыға арнайы келіп, Алматы және Алматы облысындағы ат спорты клубтарын аралады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі хабарлады.
Қоғам • 21 Қазан, 2019
Мәскеуге құны 20 мың теңге болатын ұшақ билеттері сатылуда
Бұл баға бүгінгі күнгі нарықтық бағадан 60% төмен. FlyArystan елордадан Мәскеуге қатынайтын әуе жолын ашты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Қазан, 2019
1 желтоқсаннан бастап бензин бағасы қымбаттайды
Бұл жолғы қымбатшылыққа бензин литрі акциз ставкасының өсуі себеп болып отыр екен. Бірақ үкіметтің экономикалық блогы акциздердің ұлғаюы бюджеттен шығындардың ұлғаюын азайтуға көмектесетінін айтып отыр. «Бензиннің барлық түрлерінің құны акциздердің екі еседен артық өсуіне байланысты өседі. Сонымен қатар бензин бағасының 10 теңгеге өсуі тұтынушылық баға индексіне әсері 0,35% құрайды» дейді үкімет дайындап жатқан құжат жобасында.