Қоғам • 22 Қыркүйек, 2019
Онлайн қызметтерді қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!
Себебі қаржы алаяқтары телефон арқылы өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттар арқылы онлайн операцияларды жүргізу үшін жеке мәліметтерді білуге тырысатыны соңғы кездері жиірек байқала бастаған.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2019
Бұл жолғы қымбатшылық жол жүру картасын жоғалтып, оны қайта бастыруға өтініш бергенстуденттер мен зейнеткерлерге қатысты болмақ. Оның жаңа бағасы алдыңғы бағадан үш есе жоғарыға – 1500 теңгеге тоқтады.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2019
Жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тауар айналымының өсімі импорт көлемінің артуымен де байланысты екені анықталды. Бұл деректерді кеше Finprom.kz агенттігі жариялады.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2019
Алматы: Мәслихат аппаратының шығыны биыл 84 миллион 154 мың теңге
Оның 81 млн 854 мың теңгесі мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалады. Қалған 2,3 млн теңге оның «күрделі шығыстарының» орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл ақпаратты бүгін түс ауа Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
«Екі жұлдыз» байқауы Алматыда басталды
Бұл жолғы байқаудың қасытушылары – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. «Мүмкіндігі шектеулі болса да, тұла бойлары тұнған өнер екендігін көрсетуге келген олар үшін бұл фестивальдің маңызы ерекше» дейді ұйымдастырушылар.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2019
Орталық Азия мен Қытай стратегиялық келешегі Алматыда талқыланды
Алматыда осы тақырыпта өтіп жатқан бас қосуда Тұңғыш Президент-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың геоэкономикалық өлшемі туралы пікірін ортаға салды.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің зиярат туризімін дамыту бөлімінің бас маманы Сайдкомил Халходжаев кеше Алматыға келген сапарында көне Түркістан Түркі мемлекеттері арасындағы сопылық ілімінің негізі қаланған орталық деуге болатынын айтты. Оның түсіндіруінше, Ахмет Яссауи кесенесі мен оның тарихын, ұлы ойшылдың ілімін үйрену мен ислам мұралары түркі халқы үшін ғана емес әлем жұртшылығы үшін де қызықты.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2019
Өзбекстанның Бас Консулдығы тәуелсіздіктерінің 28 жылдығын Алматыда атап өтті
Бауырлас Өзбекстан халқының тәуелсіздік мерекесіне арналған қабылдауға Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласының өкілдігі, Алматыда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдігі қатысты. Мерекелік шара Алматыдағы дипломатиялық консулдықтың жаңа ғимаратында өтті. Өзбек консулдығының әрекет ету аясына Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қаласы енеді екен. Өзбек ағайындар Алматы консулдығының жұмысына ерекше мән беріп, оны Қазақстанмен сауда, экономикалық байланыстарында флагман ретінде қарастыра бастапты.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019
Алматыға Жапонияның сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы келді
«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жапондық сарапшымен жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесін орнатуды талқылады» деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.
Экология • 18 Қыркүйек, 2019
Апорттың даңқын қайтара аламыз ба?
Әлемнің ықыласы Алматының алмасына ауып тұр. Бірақ кедергі қолдан жасалып отырған сыңайлы.