Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1776 материал табылды

Қоғам • 02 Ақпан, 2023

Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды

Жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық форумы – бұл бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, IT-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың қатысуымен өтетін Алматыдағы ең ірі Tech-іс-шара. Осымен бесінші рет өтіп жатқан форум «Жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік» деген тақырыппен өтіп жатыр. Жалпы панельдік сессия 20 тақырыптан тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 31 Қаңтар, 2023

Бәсі аспандаған алтын

Жыл басында Қазақстанда алтын қоры азайып қалғаны туралы ақпараттар ресми орындар тарапынан айтылды. Ұлттық банктің хабарлауынша, алтын қорының қысқаруына оның сыртқы нарықтарда сатылуы, алтын бағасының бір унциясы үшін 1,8 мың долларға дейін немесе 0,43 пайызға дейін төмендегені де себеп болған. Бір жыл ішінде алтын-валюта активтерін әртараптандыру мақсатында бағалы металды сыртқы нарықтарға сатылым кезең-ке­зеңімен жүргізді. Бұл ретте қор­лардағы алтынның үлесі 68 пайыздан 58 пайызға дейін төмендеген.

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023

Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды

Алматы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы бойынша 2023 жылдың ақпан айында жаңа бу-газ қондырғысын салуға арналған тендердің бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылатын болады. Осы жылы станцияда мердігер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. 2025 жылы жиынтық қуаты 543,6 МВт болатын екі бу-газ қондырғысын іске қосу арқылы Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту аяқталады, деп жазады Egemen.kz «Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап.

Экономика • 29 Қаңтар, 2023

Инфляция барометрі не дейді?

Сарапшылар инфляцияның шарықтау шегі алдағы бірер айда күшінде болатынын, одан төмендеу бізге қийын тиетінін айтып отыр. Они тежеудің әкімшілік емес, нарықтық тетіктерін меңгермесек, біразға дейін осы көрсеткіштің құрсауында қалуымыз әбден мүмкін. Себебі Үкімет пен Ұлттық банктің қолында тек әкімшілік ресурстар ғана бар. Ал ішкі жалпы өнім көрсеткіші әзірге мәз емес.

Әлем • 28 Қаңтар, 2023

Будапештте Түркі инвестициялық қорының президентіне құрмет көрсетілді

Түркі инвестициялық қорының президенті  Бағдад Әміреев Будапештке 2018-2022 жылдар аралығында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы лауазымында түркі әлеміне сіңірген еңбегі және Венгрия мен бауырлас түркі халықтары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Венгрияның мемлекеттік Құрмет орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұхбат • 25 Қаңтар, 2023

Ләззат ҚАЛДЫБЕКОВА: Қазақ киносының жауапты дәуірі туып келеді

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Ләззат Қалдыбекова жақында жазушы-драматург Дулат Исабеков пен режиссер Алма Кәкішеваның «Жүзжылдық махаббатында» Мағжанның жары Зылиха бейнесін сәтті сомдап шықты. Бұл спектакль академиялық театрда тұңғыш рет сахналанды. Осы орайда біз Л.Қалдыбековамен театрдағы дәстүр сабақтастығы бағытында әңгімелескен едік.

Бизнес • 25 Қаңтар, 2023

Бизнестің билікке базынасы

Жуырда бизнес-қауымдастық Алматыда «Qazaqstanda jasalğan» деп аталатын экономикалық ұлттық қозғалыс құрғанын хабарлады. Журналистер алдында ағынан жарылған топ түрлі қауымдастықтардан құралған. Олар ендігі жерде бизнестің мәслесін жеке-жеке қауымдастықта емес, экономикалық ұлттық қозғалыстың ортақ алаңында шешеміз деген үмітте.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023

Сапалы тері өңдеу мен өткізудің машақаты

Әдемі тон, сапалы аяқкиім дайындайтын терінің мәселесі қордаланып қалды. Соңғы он жылдықта Үкіметпен де, банкпен де, тіпті бизнеспен де тіл табыса алмай келе жатқан салалардың бірі – ірі қара терісін кәдеге жарату саласы. Тері өңдеушілер мен аяқкиім әзірлеуші арасында өзіндік нарық қалыптаспағанын сала өкілдері де жиі айтады. Соңғысы әлі күнге дейін көрші елдің нарығына көз сүзіп, сапалы теріні сол жақтан алуға тырысады.

Экономика • 20 Қаңтар, 2023

Теңге рубль қармағынан қалай шығады?

Биыл қаржы нарығы Ұлттық банк пен Үкіметтің теңге-рубль конвертациясынан бас тартатыны туралы жаңалықтан басталды. Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылау 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

Бүгін Түркістан облысы Шардара ауданы  әкімдігінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.