Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2022
Томохико Уяма: Алаш Жапониядан халықаралық деңгейде мойындауды сұраған
Жапонияның Хоккайдо университетінің Славян-Еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры Томохико Уяма мен тарихшы Рёсукэ Оно жыл басында «Алаш» партиясының мүшесі Райымжан Мәрсекұлының Жапония үкіметіне жолдаған хатына талдау жүргізгені туралы ақжолтай хабар ел ішін аралап, қазақ пен жапон арасын жақындата түскен болатын. Жуырда Алматыға іссапарлап келген Томохико Уямамен кездесіп, осы тақырып төңірегінде кеңірек айтып беруін өтінген едік.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Лифт өндірісіне мемлекеттік қолдау қажет
Алматыдағы «Mega Towers» тұрғын үй кешенінде 25-қабатқа дейін бар жылдамдықпен көтеріліп барып, үйдің төбесіне соғылған лифті туралы ақпарат сол күні-ақ елге тарап кетті. Абырой болғанда жазым болғандар жоқ, алайда көптің көңіліндегі күмән мен қорқыныш әлі күнге дейін сейілмей тұр.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2022
«Димаш арқылы қазақ ән-күйіне аңсарым ауды»
Осыдан екі жыл бұрын Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері Dimash атауымен радиостанса ашқаны БАҚ арқылы хабарланған-ды.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Жұрттың жанайқайы – жайылым жайы
Күні бүгінге дейін мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатқан жер саясатының түйіні ұлттық фермерлердің элиталы мектебін қалыптастыру еді. Қала ауылға инвестор болады деп күткенбіз. Бірақ нәтижесі керісінше. Араға 30 жыл салып, жер саясаты мәселесінен туындаған проблемалар қайта күн тәртібіне шығып отыр. Жайылымдық жерлерді мемлекет иелігіне қайтару мәселесі күрделеніп кетті.
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыға сапары барысында БАҚ өкілдерімен кездесіп, медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдері туралы пікір алмасты. Жиынға телеарналар, баспа басылымдары және интернет ресурстардың өкілдері қатысты.
Саясат • 23 Тамыз, 2022
Орталық Азия елдерінің интеграциясы қандай?
Экономика және саясат институты өткізген «Жаңа дәуірдегі Орталық Азия елдерінің интеграциясының перспективалары» атты дөңгелек үстелде Орталық Азия елдері басшыларының IV Консультативтік кездесуінің қорытындылары талқыланды.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2022
Дипломатия ардагерлері марапатталды
Сыртқы істер министрлігінің Алматыда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен консулдар қауымының қатысуымен дипломатия ардагерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Саясат • 17 Тамыз, 2022
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінде Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына орай мемлекет қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Экономика • 16 Тамыз, 2022
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
2021 жылдың қыркүйегінде Президент Қ.Тоқаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына жыл ішінде республикада атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсыра отырып, 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Ел энергетикасы ондаған млрд доллар инвестицияға мұқтаж. «Оны кім қаржыландырады?» деген мәселеге әлі түйінді жауап жоқ. Себебі халық табысы аз, электр энергиясына тарифтерді көтеруге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, әлемдік тренд бізге де ықпал ете бастағанын айтуға тиіспіз.
Экономика • 14 Тамыз, 2022
Алма импортын шектей аламыз ба?
Ерте көктемде бау-бақша дақылдары сегменті өкілдері алма импортына ішінара шектеу қажеттігін айтқан болатын. Жақында бұл мәселе тағы көтерілді. «Импортты шектеу қажет» деген пікірді қолдайтындар биылғы мол өнімді алға тартады. Биыл ел бойынша алма ғана емес, барлық жеміс түрі мол өнім берген жыл болды. Қара өрік, сары өріктен ағаштың белі қайысып, қалғаны мал азығына айналып жатыр.