Экономика • 11 Тамыз, 2022
Қаржыгер теңгенің құнсыздану себебін түсіндірді
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Тамыз, 2022
Азық-түлік бағасына интервенция керек
Азық-түліктің бағасы күн санап қымбаттап барады. Әлемдегі жағдай да мәз емес. Бірақ қымбатшылықтың қазіргі деңгейіне адам факторының да ықпалы бар екені айтылып жүр.
Тарих • 28 Шілде, 2022
«Қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылып, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек» деген ұстанымды темірқазық қылған Алаш арыстарының біразына жапон тыңшысы деген айып тағылды, атылды. Алдымен Алаш зиялыларының осы тақырыпта айтқан сөздерін келтіре кетсек. Әлихан Бөкейхан 1910 жылдары жазған «Қазақтар» атты очеркінде 1904-1905 жылдары болған орыс-жапон соғысы жайлы былай деген: «Орыс-жапон соғысы басталды… Телеграмдар жапондардың үздіксіз жеңістерінен хабарлар әкеліп жатыр».
Қоғам • 22 Шілде, 2022
Алматыда Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелері талқыланды
Бүгін Алматыда ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаевтың қазақстандық қаржы нарығының қатысушыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2022
Шетелдік компаниялар Қазақстанға қоныс аударады
Бұл туралы Алматыда Honeywell (АҚШ) құрастыру өндірісінің ашылу салтанатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Шілде, 2022
Биржа ма, әлде инвестициялық хаб па?
Өткен аптадан бері шетелдік басылымдарда Ресейдің Орталық банкі, Санкт-Петербург биржасы және қазақстандық «Freedom Holding» бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) базасында жаңа инвестициялық хаб құруды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл мәселені өз сарапшыларымыз да қызу талқылай бастады. Жалпы мұндай инвестициялық хаб бізге керек пе, оның Қазақстанның қор нарығын дамытудағы үлесі қандай болмақ? Әңгімеміз осы жөнінде.
Экономика • 17 Шілде, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі қант тапшылығы мәселесіне тоқталып, осыған дейін пайдалануға берілген жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұрғанын сынға алды. Сондай-ақ қант нарығындағы қазіргі жағдай мемлекеттің ұстанымын қорғамағанын, Үкімет тез арада қант өнеркәсібін дамытудың жеке салалық жобасын әзірлеуі керектігін ашып айтып, нақты тапсырмалар берді.
Экономика • 10 Шілде, 2022
Транскаспий бағдары Каспий құбыр консорциумына балама бола ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай жеткізуді әртараптандыруды маңызды міндеттердің бірі деп атап, Транскаспий бағдарын басым бағытқа айналдыруды, «ҚазМұнайГазға» заманына қарай амалын жасап, уақытша жабылып жатқан бағыттардың қашан ашылатынын босқа күтіп, уақыт жоғалтпай, жаңа маршруттарды дамытуды тапсырды.
Қоғам • 10 Шілде, 2022
Сарапшылар елдегі қант тапшылығына байланысты жағдайдың күн сайын қырық құбылып тұрғанын айтады. Сауда және интеграция министрлігінің ерте көктемде «елде қант қоры үш айға жетеді» деген уәдесінің күші жазға жетпей алқынып қалды. Қант тапшылығына байланысты «Рахат» фабрикасының өзі көптеген кәмпит түрін өндіре алмай отырғанын, сондай-ақ осы себептен компанияның Шымкенттегі фабрикасы жұмысын тоқтатқанын хабарлаған-ды. Тіпті бала күннен дәмі таңдайымызда қалған барбарис, ирис тәрізді тәтті түрлері енді шықпайды деген деректер де айтылып қалды. Осының өзі елдегі қант қорының қандай деңгейде екенін аңғартса керек.
Қазақстан • 04 Шілде, 2022
Дипломатиялық қызметтің 30 белесі
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломатиялық қызметтің 30 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен салтанатты жиналыста сөз сөйледі. Жиында отандық дипломатиялық қызмет ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, саясат және дипломатия орталығы ашылды.