Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1934 материал табылды

Қазақстан • 04 Шілде, 2022

Дипломатиялық қызметтің 30 белесі

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломатиялық қызметтің 30 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен салтанатты жиналыста сөз сөйледі. Жиында отандық дипломатиялық қызмет ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, саясат және дипломатия орталығы ашылды.

Экономика • 03 Шілде, 2022

Делдал компаниялар: Экономиканың досы ма, қасы ма?

Сарапшылар делдал компаниялар нарықтың қолындағы «алмас қылыш» екенін айтады. Заң шеңберінде жүйеленсе, мұндай компаниялар сервистік қызмет түрінің жақсаруына сеп болады, алпауыт кәсіпорындардың мүмкіндігін әртараптандырады. Алайда біздің жағдайымызда делдал компаниялар «жұмыртқадан жүн қырқып отырғандардың» қылығын еске түсіріп отыр.

Қазақстан • 27 Маусым, 2022

БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды

Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қаланың БАҚ өкілдерімен бірге медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдерін талқылап, заң жобасында реттеуді талап ететін бағыттар туралы айтып берді.

Экономика • 26 Маусым, 2022

Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады

Полиэтилентерефталат, яғни термопластикалық полимер бөтел­кеден бас­тап, киім, жиһаз сынды қарапайым заттар өндірі­сінің бәрінде қолданылады. Енді бұл тізбек Қазақстанда заңмен жүйеленбек. Осы­ған байланысты жақында пластикалық қалдық­тарды өңдеушілер мен қазақстандық тоқыма өндірушілер арасында стратегиялық ынты­мақтастық туралы меморан­думға қол қойылды.

Бизнес • 19 Маусым, 2022

Кәсіпкер неге шағымданды?

Жас кәсіпкер Серғали Баубеков жайлы осыған дейін де жиі еститінбіз. Ол жетекшілік ететін «Баубеков Серғали» ЖШС-і Алматыдағы мемлекеттік рәміздер – Ту мен Елтаңбаны дайындайтын үш компанияның бірі. Мәселені С.Баубековтің сөзімен нақтыласақ, Алматыда бірнеше мемлекеттік ұйымдарда олар дайындаған Елтаңба мен Ту Қазақстанның әр аймағында, Алматыда жүздеген мемлекеттік мекемелерде қолданылады.

Қоғам • 16 Маусым, 2022

Аймақтық диалогқа қатысты алға ұмтылуларыңызды қолдаймыз - ЕО комиссары

Орталық Азия елдері Алматыда өтіп жатқан жоғары деңгейдегі саммитте тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті талқылап жатыр. Саммиттің түстен кейінгі пленарлы сессиясында Еуропалық Одақтың халықаралық әріптестік жөніндегі Комиссары Ютта Урпилайнен бейне үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Маусым, 2022

Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша саммит басталды

Орталық Азия елдері Алматыда өтетін жоғары деңгейдегі саммитте Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Маусым, 2022

Ассамблеяға жаңа міндеттер жүктелді

Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде зиялы қауым өкілдері бас қосып, жаңа міндеттер мен бастамаларға жол ашқан Жаңа Қазақстанның болашағы жайлы пікір алмасты.

Қазақстан • 10 Маусым, 2022

Ислам әлемін алаңдатқан проблема

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ұйымдастыруымен Алматыда азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық форум өтті. ИЫҰ-ға мүше елдер экономистері мен ғалымдары қатысқан жиын Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың форум жұмысына сәттілік тілеген құттықтау лебіздерімен ашылды.

Қазақстан • 09 Маусым, 2022

АЭС бізге керек пе?

АЭС салу керек пе, жоқ па деген мәселе қазір тренд тақырып болып тұр. Елімізде атом стансасының тағдыры нақтыланып қойса да бұл жайтты қоғам қызу талқылап жатыр. Оны қолдаушылар жоба электр тапшылығын шешетініне сенімді.