Аймақтар • 06 Сәуір, 2022
Алматы ЖЭО–2 газдандыру жобасы нақтыланды
Алматы қаласы Экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов бүгін журналистермен кездесуінде ЖЭО-2 газдандыру жобасы осы қарқынмен жалғасса, құрылыс белгіленген мерзімде аяқталмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Сәуір, 2022
Өтінімдерді қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты БЖЗҚ кері қайтарды
«Отбасы банкке аударылған біржолғы зейнетақы төлемдері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарыла ма?» деп көпті толғандырған сұраққа банк тарапынан жауап берілді, деп жазады Egemen.kz банк таратқан дерекке сілтеме жасап.
Экономика • 29 Наурыз, 2022
Қарапайым заттар экономикасы: Отандық өндірісті дамыта аламыз ба?
2018-2021 жылдарды қамтыған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аралық қорытындысын шығару жөніндегі мәселе қайта көтерілді. Жобаның о бастағы мақсаты ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету болатын.
Экономика • 16 Наурыз, 2022
Қазақ кәмпитінің дәмі – тәтті, мұңы – ащы
Ұлттық статистика деректеріне сүйенсек, қазақстандық кондитерлер 2022 жылдың қаңтар айында 4,6 мың тонна тәтті өнім шығарған. Ал былтырғы осы айдағы көрсеткіш – 5,5 мың тонна, ал 2020 жылы 6,9 мың тонна болды. Басты себеп – шетелдік тәттілердің көптігі әрі арзандығы және ресейлік өндірушілердің демпингі.
Экономика • 15 Наурыз, 2022
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан үшін шешімін таппай келген мәселе қант болатын. Жыл сайын 500 мың тонна қант тұынатын қазақстандықтар одақтың басқа мүшелері үшін инвестициялық тартымды елге айналды. Бұл «тартыста» Ресейдің бәсі басым түсіп келді. Енді көрші ел 2022 жылдың ортасына дейін бірқатар азық-түлік өнімдерін, соның ішінде қант экспортын шектейтінін ресми түрде мәлімдеді. Уақытша тыйымға біздің ел де ілікті.
Экономика • 08 Наурыз, 2022
Гүл «күлшелі» бизнеске айналды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі гүл бизнесіндегі мәліметтерді жаңартты: 2021 жылғы сауда айналымы 42,4 млн долларға жеткен. Бұл – 2020 жылмен салыстырғанда 34,3 пайызға көп.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2022
Қазақстан-Ресей: Санкцияның салмағы қандай болмақ?
Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты әлемнің көптеген елі Ресейге қарсы санкциялар енгізіп жатыр. Ал оның Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Қазірдің өзінде рубльдің күрт құлдырауы ұлттық валютамызға кері әсерін тигізді. Дегенмен де еліміз дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қолға алды.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2022
Президент тапсырды, сең қозғалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке заңсыз шетел асып кеткен қаржы мен сол жақта сатып алынған активтерді елге қайтару бойынша ұсыныстарды екі ай ішінде дайындауға тапсырма берді. Президент айтқан мерзімге аз уақыт қалды. Алайда Министрлер кабинетінің экономикалық блогы офшорға кеткен ақшаны қандай жолмен қайтаратынын әзірше жариялай қойған жоқ. Дегенмен де сең қозғалды.
Сұхбат • 16 Ақпан, 2022
Ақылбек Күрішбаев: Парламентте ықпалды аграрлық лобби жоқтың қасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты бірқатар тапсырма жүктегені белгілі. Осы саланың жай-күйі, оған құрылымдық өзгерістер енгізу, мемлекеттік қолдау тетіктерін реттеу жөнінде сенатор Ақылбек Күрішбаевтың пікірін білген едік.
Экономика • 06 Ақпан, 2022
Несие «қамытын» кигендер көбейді
Қазақстанда несиеге «байланған» адам көп. Негізінде халықтың несиелену деңгейі экономикалық өсіммен қатар жүруі керек еді. Ал қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы экономикалық өсімнен асып түскен. Ұлттық банк жүргізген сауалдама нәтижесі экономикалық белсенді немесе кішігірім қызметте жүрген азаматтардың 90 пайызы айлық пен айлықтың арасында күн көретінін көрсеткен. Демек қазір жұртшылықтың қарызсыз өмір сүруі барынша шектелген.