Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Соңғы жылдары еліміздің барлық өңірінде жол салу құрылысы қарқын алып келеді. Бұл жөнінде жол-көлік логистикасы орталығына айналу бағытын ұстанып отырған Ақтөбе аймағында да атқарылған іс аз емес.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Ақтөбе облысында КТҚ салу ісі қолға алынбай отыр
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Қазіргі кезде Ақтөбе аймағында есту мен сөйлеу қабілеттері қалыпты деңгейден төмен балаларды сауықтыру мен оңалтуға қатысты кешенді шаралар шоғыры жүзеге асып келеді.Ақтөбе облыстық білім басқармасынан алынған деректе өңірде ерекше білім беруді қажет ететін 6370 бала бар екені көрсетілген. Сондықтан да осы санаттағы қоғамның жас мүшелері мен ата аналарына тегін кәсіби көмек көрсететін арнайы білім мамандарына деген сұраныс жылдан-жылға өсе түсуде.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2020
Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық отырыс өтті
Облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, қала әкімінің орынбасары, аудан басшылары қатысқан жиында Ақтөбе облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашев «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының таныстырылымын жасады.
Абай • 19 Ақпан, 2020
Данышпан тойына бір тамшы үлес
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек дегендей, Ақтөбеде Абайдың туғанына 175 жыл толу құрметіне өткізілген концерт жанрлық бағдарламасы және синтездік тұтастығымен көрермендерді баурап алды. Дана Абайдың өлеңмен бірге күй де шығарғанын екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Айрықша концерт ақынның «Торы жорға» күйімен басталуы да өнер кешінің тақырыптық мәні мен мазмұнын ашып бергендей әсер қалдырды.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
«Көрпе FEST» – ұлттық қолөнердің қолдаушысы
Бүгінгі жаһандану жағдайында ежелгі ұлттық қолөнерімізді қазіргі заман талаптарына сай қайта жаңғыртудың пайдалы тұстары мол. Біріншіден, осы арқылы оның екінші тынысы ашылмақ. Екіншіден, мұндай өміршең көзқарас әйел-аналар мен қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық деңгейінің азаюына септігін тигізеді. Үшінші пайдалы тұсы, қолөнерлік кәсіптің бір тармағы – көрпе-жастықтар тігіп, оны әзір тауар түрінде сауда-саттыққа шығару арқылы табыс көздерін толықтыру мүмкіндігі туады.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2020
Құжаттары мінсіз, істері өнімсіз
Биылғы жылдың қыс айлары да аяқталып келеді. Қыстың аты - қыс. Оның бораны мен бұрқасыны, қары мен көктайғағы бір-бірімен алмасып келіп тұрады. Осындай табиғат құбылыстарынан кейін іле-шала тазалау жұмыстары немесе көктайғақтың қатерін жою жөніндегі шаралар жүргізілмесе, тұрғындардың тайып жығылып, аяқ-қолын сындырып алуы әбден мүмкін. Солай болып та жүр. Оның алдын алудың басты бір жолы көшелердегі қарды тиеп, қаланың сыртына тасымалдау және мұздақтың үстіне құм, немесе тұз себу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу болмақ.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2020
Ауыл шаруашылығы: Сиыр бар, сауыншы жоқ
Кешегі кеңестік кезеңде арнаулы және жоғары оқу орындарын бітірген ауыл шаруашылығы мамандары салалық құрылымдарға жолдама бойынша жіберілетін. Сондықтан да социалистік жүйе бойынша құрылған совхоздар мен колхоздар зоотехник-селекционер, ветеринар, агроном, инженер-механик секілді мамандардан аса бір зәрулік көре қоймайтын. Бүгінде сол дәуірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін шаруашылықтардың орнында негізінен фермерлер мен шаруа қожалықтары қызмет атқарып жүргені мәлім.
Қоғам • 17 Ақпан, 2020
Ақтөбе қаласында жеке бір адам емес, тұтастай компанияның қитұрқы әрекеттерге барғаны мәлім болды. Атап айтқанда «Gold» деп аталған компанияның қос бірдей өкілі – Ресей азаматтары Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 217-бабына сәйкес жауапқа тартылды.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2020
Жол құрылысынан табылған ақау көп
Соңғы жылдары еліміздің барлық өңірлерінде автомобиль жол құрылысы кеңінен қарқын алып келеді. Бұл жөнінде жол-көлік логистикасы орталығына айналу бағытын ұстанып отырған Ақтөбе аймағында да атқарылған іс аз емес.