Аймақтар • 27 Қаңтар, 2020
Ақтөбеде діни ахуал тұрақты ма?
Дін - адамдарды имандылық пен ар-ождан тазалығына және ізгілікке үндей алатын құдіретті күш. Рухани кемелдік пен тереңдікке дәстүрлі дінді дұрыс ұстана білу арқылы да жетуге болатыны ешқандай талас туғызбайды. Газетімізде бұған дейін жазылғанындай – дін ұстай алсаң қасиетін, ұстай алмасаң қасіретін емес пе? Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамымызда осы қағиданы елемей, ескермей жүргендер де табылады. Сөйтіп, олар деструктивті теріс ағымдардың жетегінде кетіп, белгілі бір өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығына сызат түсіреді.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2020
Бұдан үш жыл бұрын Ақтөбеге қызмет бабымен ауысып келген кезде облысық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева жөнінде жергілікті жұртшылық тарапынан бірқатар жылы пікір мен лебіздер естігенбіз. Кейіннен ол кісінің өзімен де кездесіп, қоғамдық құбылыстар жөнінде ой-пікір алмасудың орайы келген-ді. Түсі игіден түңілме дегендей, сол кезде бізге Гүлайым Тельманқызының жылышырайлы жүзі мен орнықты кескін-келбеті және мемлекеттік қызметшіге тән биік мәдениеті мен әдебі жылы әсер қалдырды. Бұдан кейінгі кезеңде де оның бастамасымен облыс көлемінде тілдерге қатысты атқарылған бірқатар оң іске қанықтық.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2020
Апатты үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмайды
Никита Хрущев КСРО-ға билік құрған кезде бұған дейін қалыптасқан Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөліктерін бұзып, ел үшін бірнеше өлкеге бөліп тастағаны белгілі. Сол кезде Ақтөбе республиканың батыс өңірлері бойынша өлкенің орталығы болғанын бүгінде біреу білсе, біреуі біле бермейді. Мұндай мәселеге ие болған соң Ақтөбе қаласында «Хрущевкалардың» көптеп тұрғызылғаны да сол кездің өзінше бір жетістігі деуге болады. Аталған СОКП-ның бас хатшысы сол уақытта кеңес адамдары өте қарапайым тұру керек деген бағытты ұстанып кеңес одағы аумағында тұрғызылған тұрғын үйлердің өте шағын болуы қажеттігін көрсеткен екен. Содан да шығар бұл дәуірде салынған үйлердің пәтерлері құрқұлтайдың үясындай өте тар болып айналып өтуге келмейтіні. Содан бері де алпыс жылдан астам уақыт өтіпті.
Экология • 25 Қаңтар, 2020
Електің соры – алты валентті хром
Ақтөбе қаласының тұсынан шымырқана ағып жататын Елек өзенінің әдемі сұлу келбетіне, оның жағасындағы жапырақтары самал желмен сыбдыр қағып тұратын зәулім бәйтеректеріне енжар, селсоқ қарайтындар кемде кем. Суының тұнықтығы мен мөлдірлігі сондай, өзенде ойнақтап, айқұш-ұйқыш жүзіп жүрген майшабақтарға дейін айқын көрінеді. Әйтсе де бұл тек сыртқы алдамшы көрініс екенін екінін бірі біле бермейді. Шынтуайтына келгенде оның бүгінгі экологиялық жағдайы өте ауыр болып отыр.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2020
Москва заманауи орталыққа айнала ала ма?
Ақтөбе еліміздегі мегополис атануға лайықты қалалардың бірі. Ерте ме, кеш пе, қала тұрғындарының саны ішкі көші-қон мен табиғи-демографиялық өсім есебінен миллионға иек артады деп болжанып отыр. Сөз жоқ, бұл өте ауқымды әлеуметтік жоба. Ендеше оған жету жолындағы бастамалар мен бағдарламалар осы бастан қолға алынуы керектігі ешқандай талас туғызбайды.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?
Бүгінгі күні адам өлімі мен қазасының ең жоғары көрсеткіші жанды қинаған ауыр дерттер мен аурулардан емес, жол-көлік оқиғасы салдарынан тіркеліп отырғаны өкіндірмей қоймайды. Бұған кім кінәлі? Осы өзекті өртейтін мәселе жөнінде екі-үш ауыз ой-пікір қозғағанды жөн көрдік. Рас, табиғатта әр түрлі ауа райы болып тұрады. Оның қары мен бораны, мұздағы мен көктайғағы бір-бірімен алмасып келіп жататыны да табиғи жайт. Мұндай кездерде автокөлікпен жолға шығу аса қауіпті екеніне ешкім талас туғыза алмайды.
Абай • 23 Қаңтар, 2020
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанында «Абайтану және ұлттық руханият» атты ғылыми - зерттеу орталығы құрылған. Оған абайтанушы, филалогия ғылымдарының докторы А.Ш.Пангереев жетекшілік жасайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ғылыми- танымдық сипаттағы сүбелі мақаласы газетімізге жарияланғаннан кейін орталық қызметі жаңаша бір арнаға бет бұра бастағаны байқалады. Осыған орай, орталық жетекшісіне бірер сауал қойған едік.
Экономика • 23 Қаңтар, 2020
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – Ақтөбе облысы аумағындағы ең ірі кәсіпорынның бірі. Оның үлесіне өңірде өндірілетін мұнай мен көмірсутегі шикізатының 70 және сұйық отын мен газдың 90 пайызы тиесілі.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
Ана тілі – арым дейтін жастар көп
Өткен жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай түрі мен мазмұны үйлесім тапқан көптеген іс-шаралар жүзеге асты.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Ақтөбеде аймақты басқарудың тың тәсілдері жүзеге асырылмақ
Ақтөбеде республика өңірлері арасында тұңғыш рет трансформация жобасы қолға алынып отыр. Бұл нендей ұғымды білдіреді? Яғни мұның өзі бұған дейін қолданылып келген басқару тәсілдері мен жолдарына тың өзгерістер енгізу қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай алдағы уақытта Ақтөбе аймағында білім беру, медицина экология, жол және тұрғын-үй құрылысы, сондай-ақ инвестиция тарту секілді бүгінгі күннің «қаны сорғалап» тұрған салаларының қызметін ұйымдастыру ісі трансфармацияға, яғни белгілі бір өзгерістерге ұшырамақ.