Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
317 материал табылды

Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Субсидия төлеу ісі созыла бере ме?

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауға ең бірінші кезекте өңірдегі мал өсірумен айналысатын агроқұрылымдар зәру екені айқын байқалады. Соның ең басты көрінісі осы мақсатта берілетін субсидиялық қаражаттың уақытында төленбеуі. Сондықтан облыстағы бірқатар шаруақожалықтардың  иелері көптеген кедергілерге кезігуде.

Аймақтар • 05 Қараша, 2019

Ақтөбе қаламгерлерінің елу томдық жинағы түгенделді

Ақтөбе топырағы қай кезде де таланттарға кенде болып көрген емес. Кешегі тарлан таланттар Тахауи Ахтанов, Тобық Жармағамбетов, Сағи Жиенбаевтар салған іздің сүрлеуі көмескі тартпай кейінгі буын қаламгерлер қатары жылдан жылға көбейіп келеді.

Аймақтар • 04 Қараша, 2019

«Ел үміті» жобасы дарынды жастарға қолдау көрсетеді

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ақтөбе облысына ат басын тіреді.

Аймақтар • 30 Қазан, 2019

Мақсат – азық-түлік бағасын тұрақтандыру

Еліміздің қай өңірінде болсын күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызуы әбден мүмкін. Мұның алдын алу үшін Ақтөбе өңірінде бірқатар кешенді шаралар белгіленді. Бұл іске облыстағы қоғамдық кеңестің мүшелері белсене қатысып жүргенін де айта кетелік.

Аймақтар • 29 Қазан, 2019

Парасаттылық мектептері ашылды

Ақтөбе аймағында тұрғындардың құқықтықсауаттылық деңгейін көтеру және адалдық пен парасаттылық қағидаларын орнықтыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Аймақтар • 28 Қазан, 2019

Құтқарушыларға ескерткіш қойылды

Өмір күнде той емес. Өмір болған соң оның қиын-қыстау, қысыл-таяң, сыни сәттері қатар келіп жатады. Бұл ретте адам өміріне қауіп төндіретін кездер де кездеседі. Осындай алмағайып шақта өздеріне төнген қауіп-қатерге қарамастан ең алғашқы көмекке келетіндер құтқарушылар екені белгілі. Оларды төтенше жағдайларға қарсы батыл іс-қимыл жасай алатын бүгінгі күннің қаһармандары десе де аздық емес.

Аймақтар • 25 Қазан, 2019

Жайсаң-Шағаршын бекетінде шешілмеген түйіндер көп

Ақтөбе мен Оралдың арасына «Тальго» жүрдек пойызы арқылы қатынап тұратынымыз бар. Халық ауыз әдебиетінде естігенімді айтайын ба, жоқ әлде көргенімді айтайын ба деген тіркес бар ғой. Сол айтылғандай Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараларын жалғайтын Жайсаң-Шағаршын өткізу бекетінің тұсында пойыз терезесінен автокөліктердің тұтастай 1-2 шақырымға созылатын ұзын-сонар кезегін көріп жүрміз. Кейінірек осы мәселеге журналистік зерттеу жүргізу барысында бұл автокөліктер негізінен шекаралас Ақтөбе мен Орынбор облыстарының кәсіпкерлеріне тиесілі екенін білдік.

Қазақстан • 24 Қазан, 2019

Латыншаға көшу науқаншылдықты көтермейді

Латыншаға көшу науқаншылдықты көтермейді - дейді «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының үйлестірушісі  Дәулет Әбенов.

Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Ақтөбеде ірі кәсіпкерлер атаулы әлеуметтік көмек алған

Бүгінгі күні ел аймақтарында атаулы әлеуметтік көмек беруге қатысты түйткілдер мен бірқатар жағдайларда оны заңсыз төлеу көріністері тыйылмай келеді. Мемлекет тарапынан төленетін мұндай қаржылық қолдау түрі кімдерге тиесілі екені арнайы республикалық комиссияның шешімімен бекітілген. Соғай сай атаулы әлеуметтік көмек негізігі үш бағыт бойынша берілмек.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Екіжақты тиімді келісімдер

Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық ынтымақтастығы әрі осы шеңберде дәстүрге енгізілген шекаралық аймақтар форумдары Ақтөбе облысының әкімдігі мен Татарстан Республикасы арасындағы әлеуметтік-экономика­лық байланыстардың тереңдей түсуіне жол ашып отыр.