Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
394 материал табылды

Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Жабасақта еңбекқор жан көп

Жабасақ – облыс орталығынан 450 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекен. Әдетте шалғай ауылдардың тұрғындары қартайып барады, жастар жаппай қалаға кетіп жатыр дейміз ғой. Алайда журналистік сапар барысында Жабасақ ауылынан мұндай көріністі байқай алмадық. Айталық, округ аумағында 32 шаруа қожалығы болса, дені орта жасқа дейінгі жастардың жұмысы екені сүйсіндіреді.

Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Газдандыру ісінде түйткілді тұс көп

Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығы жақындап келеді. Бұл қастерлі дата сая­си және әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан түбегейлі өзгерістер әкелгені дәлелдеуді қажет етпейді. Тәуелсіздік еңсесін тіктеген сайын ел аумақтарының да ажары ашыла түсті. Соның бірі – Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Әйтеке би ауданы. Аталған әкімшілік құрылым егемендіктің алғашқы бес жылдығы аралығында бұған дейінгі Қарабұтақ пен Комсомол аудандарының таратылуы нәтижесінде құрылған. Оның жері мен шекарасы аумағы жөнінен республика өңірлері арасында ең алдыңғы орындардың бірінде тұрған Ақтөбе облысы территориясының 12 пайызға жуығын құрайды.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Бурабайдың күзгі кештері

Табиғат құбылыстарын зерделеуден туған халқымыздың күнтізбесі мен өмір сүру салтында мизам шуағы деген ұғым бар. Оның дәл қай күні бас­талып, қай күні аяқталатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Әйтсе де жаймашуақ жазға бергісіз, тіпті үп еткен жел де соқпай тына қалған жанға жайлы құбылыс көп жағдайда қазанның алғашқы онкүндігіне сәйкес келіп жүргенін байқауға болады. Осы есепке сайғанда қазақ жерінің інжу-маржандарының бірі, курортты өңір – Бурабайда соңғы күндері мизам демалушылардың жүзіне кәдімгідей шуағын жүгірткеніне куә бола аламыз.

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Кезекті толқынға ықтасын құрылуда

Биыл жарты жылға дейін созылған індеттің таралуы кезінде елімізде қатты зардап шеккен өңірлердің бірі – Батыс Қазақстан облысы. Қазан айының басындағы деректерге қарағанда, мұнда 7 мыңға жуық адам індет жұқтырған. Әрине, олардың 98 пайыздан астамы емделіп шықты. Дегенмен, осы аралықта 109 адамның өмірден өтуі халқының саны 600 мыңның үстіндегі шағын облыс үшін жоғары көрсеткіш.

Абай • 05 Қазан, 2020

Абай әні адамзаттың аңсары

Абайдың 175 жылдығы қарсаңында тұтастай республика аумағында өлеңдерінен челлендж өткізіліп, қара сөздерінен үзінділер оқылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Қазан, 2020

Ақсайдың ажары ашылды

Біраз жыл бұрын республикада моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданды. Соған сәйкес оның тізбесі жасалып, моноқалалардың жай-күйін жақсарту үшін қазынадан қажетті қаражат бөлінді. Мемлекет тарапынан жасалған мұндай қолдау белгілі бір деңгейде тиісті нәтижесін берді.

Қоғам • 02 Қазан, 2020

Кеміргіштер қауіп туғызуда

Еліміздің шалғай өңірлерінің бірі Ырғыз ауданы еңбеккерлерінің негізгі айналысатын кәсібі – мал шаруашылығы. Мұнда төрт түлік мал оны семіртіп бордақылайтын арнайы кешендерде емес, негізінен жайылымда бағылады.

Аймақтар • 01 Қазан, 2020

340 шақырым автожол облыс орталығы мен шалғай аудан аралығын жалғады

Өркениетке қол жеткізудің басты көріністерінің бірі – тақтайдай тегіс автожол. Орал өңірінде осындай өркениет өріне жету жолына да іргелі қадам жасалды. Яғни облыс орталығы мен шалғайдағы Казталов ауданы аралығын жалғайтын автожол құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Кәріз ауыстырудың тың тәсілі

Жер асты құбырлары мен кәріз жүйелерін ауыстыру күрмеуі көп күрделі істердің қатарына кіреді. Мұндай кезде жер үсті төсеніштері қазылып қырық қарыз шұңқырлар пайда болады. Қолайсыз көрініс тұрғындардың жүріп тұруына және автокөліктер қозғалысына әжептәуір кедергі келтіреді. Әрі мұндай жағдайда абайламаса апан шұңқырға үлкендер мен балалардың құлап кету қаупі туындайды. Сондай-ақ күрделі жөндеулер кезінде су жүйелері айырылып бұл үзіліс оны тұтынатын ел-жұрт пен әлеуметтің орынды өкпе-реніші мен наразылығын туғызуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Жол бойы неге «жалаңаш»? (Халықаралық автодәліз бойына жасыл желек отырғызу қажет)

Елді мекендерге ағаш отырғызу мен көгалдандыру ісі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында тағы да көрініс тапты. Өткен тамыз айында шалғайдағы Ырғыз ауданына жасаған іссапарымыз ке­зінде аға буын өкілдері Қуаныш­бай Кенжебаев, Әлібек Сарин, Нұр­қасым Сәрсенбайұлы және Мыр­залы Өтемұратов пен Арыстанғали Өмірбековтер бізге бұл мәселе жө­­нінде шешімін таппай жүрген бір­қатар мәселені алға тартып еді. Президент Жолдауында қо­йылған міндеттер ел жанашырлары тілегімен тығыз үндестік тапқан соң оны газет оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдік.