Аймақтар • 01 Қазан, 2020

340 шақырым автожол облыс орталығы мен шалғай аудан аралығын жалғады

13 рет көрсетілді

Өркениетке қол жеткізудің басты көріністерінің бірі – тақтайдай тегіс автожол. Орал өңірінде осындай өркениет өріне жету жолына да іргелі қадам жасалды. Яғни облыс орталығы мен шалғайдағы Казталов ауданы аралығын жалғайтын автожол құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өйткені аталған өңір мұнай-газ секілді стратегиялық шикізат көздерінен қашық орналасқан мұнда бұдан өзге өндіріс орындары да жоқтың қасы. Мұндай жағдайда жаңа жол салу жұмыстарына жұмсалатын қомақты қаражат қаржылық-экономикалық тұрғыдан кейін  өзін-өзі ақтамайтыны белгілі. Соған қарамастан жердің шетінде, желдің өтінде отырған өңірде асфальт жол төселгені –жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жай-күйін одан әрі көтеру мақсатында жасалған жасампаз жоба деуге әбден болады.

Осылайша шалғай аудан тұрғындарын 340 шақырым қашықтықтағы облыс орталығына 3-4 сағаттың ішінде жетуіне мүмкіндік туып отыр. Ұзақ шақырымдарды құрайтын жаңа трасса жол бойы сервисі нысандарын тұрғызуға да алғышарт қалай алады. Адам жақсыға тез бейімделіп, тез бой үйретеді ғой. Сондықтан да шығар, осы аралықтағы Сарықұдықтыңсаз балшығы аталған тұс жол көліктерін тұсаулап жүргізбей тастайтыны ұмытылып барады. Сонымен бірге бұл Ақжайық аймағының оңтүстік аудандарын облыс орталығымен жалғайтын назардағы нысан екенін де айтуға тиіспіз. Бұған Казталов ауданына қоса облыс орталығынан 500 және 600 шақырым болатын Жәнібек және Бөкейордасы аудандары да қосылады. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан екі жыл бұрын Батыс Қазақстан облысына келген сапарында республикамыздағы қастерлі де тарихи өңірдердің бірі Бөкей топырағына дейін автожол төсеу ісін Үкіметке шегелеп тапсырғаны белгілі. Түптей келгенде осы бағыттағы жол құрылысының елеулі бөлігінің толықтай аяқталуы Елбасы тапсырмасының аяқсыз қалмағаны деп түсінсек шындықтан алшақ кете қоймаспыз. Сондай-ақ бүгінгі күні Казталов-Жәнібек-Ресей Федерациясы мен Өнеге-Бисен-Сайхын (Бөкейордасы ауданының орталығы) автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу одан әрі жалғасып келе жатқаны да алдыңғы пікіріміздің айғағы.

Турасын айтқанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен 2000 жылдарға дейіні кезеңде Орал өңірінде аудандарды облыс орталығымен жалғайтын қатқыл табанды жол бес саусақтың санына да жетпейтін. Ал бүгінгі әңгімемізге тиек болған Чапаев-Жалпақтал-Казталов-Жәнібек аралығындағы автожол жобасы құрылысы сол бір жылдары бесігінде тұншығып жатқандай еді.

Осы бір кезең аралығында газетіміздің бірінші бетінде Үкімет назарына деген айдармен аталған аралықтағы жол құрылысына жан бітіру керектігі жөнінде сараптамалық материал жарияланғаны да ұмытыла қойған жоқ. Қалай дегенде де қазіргі кезде бұл жоба жалғасын тауып, Казталов ауданы орталығына дейін асфальт тартылғаны. Әрі бұдан кейінгі жол құрылысы Жәнібекке қарай бағытталып отырғаны сүйінішті жәйт, атап айтуға тұрарлық іс деп білеміз.

Соңғы жаңалықтар

Жәңгірдің он бір досы⠀

Елорда • Бүгін, 20:00

Алматыда кинотеатрлар ашылады

Аймақтар • Бүгін, 17:30

Елордадағы ерекше муралдар

Елорда • Бүгін, 12:48

Қазақстанда доллар қымбаттады

Экономика • Бүгін, 11:55

Ұқсас жаңалықтар