Нәзира ЖӘРІМБЕТ
Нәзира ЖӘРІМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
317 материал табылды

Аймақтар • 28 Тамыз, 2019

Қостанайда Nur Otan партиясы жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіреді

Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы ҚОФ саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында партия белсенділерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, биліктің барлық деңгейінде партия жауапкершілігін арттыру және ақпараттық саясатты қайта қарау сияқты маңызды мәселелер талқыға салынды. Бүгінде нұротандықтардың Қостанайдағы қатары 66 мыңнан асып, олар 416 бастауыш партия ұйымының басын біріктіріп отыр. Кеңес барысында партиялықтар тұрғындар тарапынан түскен түйткілді мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, партия жұмысын жандандыруда өздерінің орамды ойларын ортаға салды.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Қостанайда адам саудасына қарсы күресті күшейтудің өңірлік жобасы ашылды

Қостанайда «Аймақтық және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан Орта Азияда адам саудасына қарсы күресті күшейту мен осал мигранттарды қорғау»  өңірлік жобасы ашылды. Оны Норвегия корольдігі Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Халықаралық көші-қоң ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ агенттігі жүзеге асырып отыр. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінде «Дамыту» қоғамдық қорының адам саудасы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының жоспары шеңберінде өткізген брифингінде кеңінен әңгіме болды.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Қандастарды рухани серпілткен «Туған жер»

Қостанаймен іргелес Челябі облысын 36 мың қазақ жайлап отыр. Жайықтың бойында орналасқан Верхнеуральск қаласын қазақтар баяғыда Талқала деп атаған. Қала бүгінде Верхнеуральск ауданының орталығы болып саналады. Бұл жерде 3,5 мың қазақ тұрады. Жайықтың нақ осы тұсында халқымыздың ауыз әдебиеті маржандарының бірі «Қыз Жібек» жырының оқиғасы өткен деседі. «Жылқысының көптігінен баға алмайтын» Жағалбайлы елінің жайлауы осы жер, олардың ұрпағы әлі отыр. Мұндағы әр отбасының тарихы таңды таңға ұрып айтуға жетеді.

Руханият • 24 Тамыз, 2019

Фестивальде корей театрының бағы жанды

Қостанайда бекзат өнердің тағы бір фестивалі өтеді дегенде, қостанайлықтардың қозғалақтап қалғаны рас. Корей, неміс, ұйғыр, өзбек театрлары Қазақстаннан басқа Тәуелсіз достастық елдерінің ешқайсысында жоқ, бұрын да болған емес.

24 Тамыз, 2019

«Qostanay - adaldyk alany» студенттерге жатақхананың әділ бөлінуіне атсалыспақ

Қостанайдағы «QOSTANAY-ADALDYK ALANY» жобалық офисі жоғары оқу орындарындағы жатақхананың студенттерге әділ бөлінуін қамтамасыз етпек.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Мүсінші туған жердің төріне шықты

Халқымыз тұң­ғышта­рының бірі – қазақ ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев болатын.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Қостанайда ресейлік қандастарға қазақ тілін үйрету семинар-тренингі өтті

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының Оқу орталығында Ресейдегі қазақ диаспорасына қазақ тілін үйретуге арнаған семинар-тренинг өткізілді. Бұл шара дәстүрге айналған.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Қостанайда ауыл әйелдерінің облыстық форумы өтті

Форумды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қостанай облыстық әкімдігі, «G-Global-дың» Халықаралық Хатшылығы, «Жасыл экономика» және «G-Global-ды» дамыту Коалициясы» ЗТБ, «Қазақстан әйелдерінің агарарлық одағы» ЗТБ ұйымдастырды. Шараға Coca-Cola халықаралық қоры демеушілік жасады.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Қостанайда жоғалғандарды іздейтін сайт ашылды

Қостанайда «Регион-10» атты жоғалғандарды іздеу ресурсы пайда болды. www.region10.kz. сайтында жоғалған адамдарды іздеу жөнінде ақпараттарды білуге болады, сондай-ақ ғаламторда жиі кездесетін жалған ақпараттардың да рас-өтірігін ажыратуға осы сайттан көмек береді.  

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Қостанай жоғарғы оқу орындары полицияға кадрлар даярлайтын болады

Қостанай облысының полиция департаменті мен 6 ірі ЖОО арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.