Нәзира ЖӘРІМБЕТ
Нәзира ЖӘРІМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
345 материал табылды

Аймақтар • 31 Наурыз, 2019

Шекарадан адасып өткен әжейді полицей құтқарып қалды

Ресейдің Челябі облысының Қостанаймен іргелес Бреды ауданындағы Гогино селосының тұрғыны 77 жастағы Антонина Чепухинаның таңертең ерте тұрып жүгіретін әдеті бар еді. Жақында осындай әдетімен жүргіруге үйінен ерте шыққан әжей ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Хабарсыз кеткен қарияны туыстары шұғыл іздестіре бастайды. Олар өздері таппаған соң, жергілікті полицияға және Ресей мен Қазақстанның шекара бекеттеріне хабарлайды.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2019

Қостанайлық полицейлер 3 күнде борышкерлерден бюджетке 9 миллион теңге түсірді

«Борышкер» жедел-профилактикалық шарасында полицейлер айыппұлын төлемегендерді тек жолдың бойынан емес, тұрақты мекенінен де іздестірді. Сонымен қатар, полицейлер көлігіне «Автоураган» орталық жедел басқармасы жүйесіндегі жаңа номер тағып жүреді, оның көмегімен арнайы тұраққа тоқтаған борышкер жүргізушілерді тез тауып алуға болады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2019

Қостанай облысында су тасқыны қаупі әуеден бақыланды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Кәкімов, "Қазсушар" КММ облыстық филиалының директоры Дәурен Әбдіхамитов, "Қазгидромет" РМК ҚОФ директоры Лариса Кузьмина, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері бар комиссия құрамы Қостанай облысының оңтүстік өңірлерін (Арқалық, Амангелді, Жангелді, Наурызым аудандары және Қарағанды облысының трансшекаралық аймағы, Ұлытау ауданы) аумағын әуеден қарап, су тасқыны жағдайын бағамдап қайтты.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2019

Қостанайда «Нұр Отан» белсенділері елорданың жаңа атауын қолдайтынын білдірді

Қостанайда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы бастауыш ұйымдарының форумы өтті. Жиынға қатысушылар әлем таныған әсем қаланың, еліміздің жаңа елордасының қалыптасуына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі туралы және оның атын Нұр-Сұлтан деп өзгертудің әділетті екенін айтты.