Нәзира ЖӘРІМБЕТ
Нәзира ЖӘРІМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
345 материал табылды

Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Қостанайда «QOSTANAI. TÝRIZM 2019» аймақтық туризм көрмесі өтті

Көрме Қостанай облысының туристік әлеуетін көрсетуді, ішкі туризмде әлеуетті әріптестер тартуды басты мақсат етті. Сондықтан көрмені ұйымдастырушы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлері Қазақстанның өзге облыстарынан, көршілес Ресейдің іргелес аймақтарынан 24 туристік компания мен сарапшыларды шақырды.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Қостанай облысында полицейлер 11 үйір жылқыны тауып берді

Жангелдин ауданының полиция бөліміне осы аудандағы Көлқамыс ауылынан жоғалған 62 бас ірі қара мен 12 үйір, яғни 243 бас жылқының жоғалғаны жөнінде суыт хабар келіп түсті. Малды жедел іздестіруге облыстық Полиция департаментінің және аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған арнайы 5 топ шықты.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Қостанайда отбасылық ірімшік цехы ашылды

Таран ауданының Май ауылында Наталья Ержанова өзінің отбасылық ірімшік цехын ашты. Натальяның қолынан шыққан ірімшікті ауылдастары Маяк ауылының бренді санайды. Бұл оңай жұмыс емес, бірақ Натальяның өзінің сүйікті ісі болғаннан кейін оның қиындығын елемейді. Кәсіпкер ірімшікті әу баста өзінің ас үйінде қайнатып жасап жүрді, енді оның өндірістік цехы бар.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Партияның көшпелі отырысы тұрғын үй құрылысы алаңында өтті

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Елбасының бес бастамасының жүзеге асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестің көшпелі мәжілісін «БК-Строй» құрылыс компаниясының құрылыс алаңында өткізді. Онда партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисембаев, Ұлттық банктың Қостанай облыстық филиалы қаржы-бақылау ұйымының бастығы Әсет Қуанышбаев, Облыстық құрылыс, архитектура және қалақұрылысы басқармасының, «БК-Строй» құрылыс компаниясының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Қазақ тілін жүрегімен үйренетін ғалым

Қостанайдың зиялы қауымының ара­­сында Денис Качеевтің жас та болса өзіндік орны бар. Жас ғалым, философ ретінде оны көпшілік жақсы біледі. Еліміздің саяси-экономикалық өміріндегі маңызды оқиғаларға, қоғамдық-мәдени өзгерістерге қатысты дер уақытында айтқан айшықты пікірлері көңілден шық­қан соң, көпшілік оған құлақ асады.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Қостанайдың таңдауы – Әбілмәнсүр!

Биыл төртінші рет өтіп отырған «Бала даусы» балалардың дәстүрлі ән байқауы Қостанайға да келді. Осы байқау үшін кастингке облыстың барлық шалғайынан өнерлі балалар қатысты. Олардың барлығы да талантты. Бірақ өнер жарысының шарты бойынша «Бала дауысы – 2019» байқауының кезекті финалисі болып өңірден бір әнші ғана таңдалуы керек.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Қостанай облысында мектеп оқушыларының дәстүрлі айтысы өтті

Облыста 1992 жылдан бері үзілмей келе жатқан «Жас тұлпар» мектеп оқушылары айтысы биыл Ұзынкөл ауданында өтті, белгілі ақын Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналды. Оған жыл сайын Облыстық білім, мәдениет басқармалары мен басқармасы, аймақтық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы қолдау көрсетеді. Биылғы айтыс «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Қостанайда үш тілді меңгерген жастар сайысы өтті

«Тілдарын» деп аталған бұл байқауды Облыстық тілдерді дамыту басқармасы өткізді. Оған өңірдің әр шалғайынан 16 жас қатысты.

Руханият • 29 Сәуір, 2019

Бейбітшілік – береке бастауы

Облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестіктер, қоғамдастықтар өкілдері мен жастардың басын қосқан форум Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына арналды. Онда Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қалқаман Жақыпов сөз алды.

Экология • 28 Сәуір, 2019

Архимед Мұхамбетов: Орман өртіне кінәлілерді анықтап, жазалау керек

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әкімиаттың кеңейтілген мәжілісінде осылай деді. Өйткені өткен жылы Науырзым қорығында болған өртке кінәлілер әлі анықталмаған, жегілікті жерде осы күнге дейін тексеріліп жатыр, әлі ешкім жазаланбаған.