Нәзира ЖӘРІМБЕТ
Нәзира ЖӘРІМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
345 материал табылды

Экология • 28 Сәуір, 2019

Қостанай облысында былтыр 1157 гектар орман алқабы жанып кеткен

Бұл туралы облыс әкімінің кеңейтілген мәжілісінде Облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Шайымов баяндады. Өткен жылы 42 өрт оқиғасы 1453,75 гектар алқапты қамтыған.

Руханият • 28 Сәуір, 2019

Қостанайда «Байтұрсынов оқулары-2019» ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Дәстүрлі конференция биыл «Ұлы даланың көп қыры: рухани жаңғыру, білім және инновация» деген атпен өтті.

Спорт • 28 Сәуір, 2019

Қостанайлық спортшылар Нидерландыдан олжамен оралды

Нидерландының шығысында өткен арбада пара биден лицензиялық турнирде қостанайлық спортшылар жақсы көрсеткішке ие болды. Оған 15 елден 85 спортшы қатысты.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2019

Қостанайда «Солтүстікте серпіндіктер серпілі» еңбек жәрмеңкесі өтті

«Солтүстікте серпіндіктер серпілі» атты оқу орындарының түлектері мен жас мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі Жастар жылы аясында өтті.

Қоғам • 27 Сәуір, 2019

Қостанай облысында шағын жабдықталған мектептер қатары көбейген

Ауылдан ел көшкелі шағын жабдықталған мектептердің өзектілігі төмендеген емес. Олар облыстағы орта білім ошақтарының 2016 жылы 68, 2017 жылы 68,3 процентін құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 68,7 процентке жеткен. Қазір осындай 346 мектепте 21597 бала білім алады. Ал солардың ішінде 106 мектеп мемлекеттік нормативке сәйкес келмейді, облыстың барлық шалғайында кездесетін осындай мектептерде 4459 оқушы білім алуға мәжбүр.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2019

Қостанайда көші-қон заңнамасын бұзған 11 украиндық азамат анықталды

«Правопорядок» жедел-профилактикалық шаралар барысында Меңдіғара ауданындағы Қасқат селосында украиналық 11 азаматтың осында жұмыс істеуі үшін тиісті өкілетті органдар рұқсатын алмағаны анықталды. Шетелдіктер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңын бұзған. Олар туралы әкімшілік іс Меңдіғара аудандық сотына жіберілді.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Қостанай облысында көп балалы ана отбасылық ферма ашты

Еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеген балаларымен бірге 44 жастағы әйел отбасылық кәсібін бастады.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Ғабит Балғынбаев «Қостанай қыраны» атанды

Қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін биыл сегізінші рет ұйымдастырылған «Қостанай қыраны» облыстық іріктеу турнирі аяқталды.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Қостанай полицейлері ірі көлемде героин тәркіледі

Қостанай облыстық департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі.

Руханият • 25 Сәуір, 2019

Әсерлі сәттер мен жылдар

Қостанайлықтарға әдемі әсер қалдырған көрмесін суретші-мүсінші Александр Воткал «Әсерлі сәттер мен жылдар» атапты. Оның мамандығы инженер. Алайда бойға біткен өнер бәрібір өзінің жолына салады екен. Әулиекөлдегі Аманқарағай кентінде туып, қалың қарағай орманын кезіп өскен бала ағаштан мүсін жасауға әуес болды. Рудный индустриялық инс­титутын жақсы бітіргенімен, ол өнер­ді тастай алмады. Александр Николаевичтің бағына қарай, ол белгілі мүсінші Леонид Белоусовтан тәлім алды. Леонид Прокопьевичпен өткізген он жылда ол өзін шығармашылыққа то­лық бағыштады. Арнайы білімі бол­ма­са да, мүсін мен сурет өнерінің қыр-сы­рын ұстазынан үйренді, терең бой­лады.