Нәзира ЖӘРІМБЕТ
Нәзира ЖӘРІМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
345 материал табылды

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Қостанайда ауыз суды жаңа технологиямен тазалайтын болады

Енді «Қостанай Су» мемлекеттік –коммуналдық кәсіпорны ауыз суды көктемде сұйық хлор құймай, жаңа технологиямен тазалайтын болады. Станция суға дезинфекцияны жасағанда енді натрий гипохлоридімен жұмыс істейді.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Қостанайда «Киік» кең көлемді табиғат қорғау акциясы жүріп жатыр

Киіктердің мекеніне келер алдындағы бұл акция кезінде ұйымдастырылған рейдтерде 40 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, кінәлілерге 300 мың теңгеден аса айыппұл салынды.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Қостанай қаласында 270 көп балалы отбасы пәтер кезегінде тұр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының ХҮШ съезіндегі тапсырмаларының бірі «Халыққа көмек» жобасы Қостанай өңірінде де жүзеге асып жатыр. Жобас аясында партияның Қостанай қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдауға әлеуметтік жағынан әлжуаз және көп балалы отбасылар өз жағдайларын айтып жиі келеді.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Халықаралық «Алтын микрофонның» Гран-При жүлдесі Қостанайда қалды

Биыл Қостанайда халықаралық «Алтын микрофон» балалар ән байқауы 17-ші рет өтті. Онда 7 жастан 21 жасқа дейінгі жас таланттар тек Қазақстанның әр шалғайынан ғана емес, алыс-жақын шет елдерден келіп, бағын сынады. Итальяндық продюсер, композитор, «CREATIVITA SENZA FRONTIERE» халықаралық фестиваль-конкурсының директоры Микеле Поманың айтуынша, жаратылған бәйге атындай жақсы дайындалған, ылғи талантты балаларды іріктеу қиынның қиыны болды.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Өткен жылы Қостанайда 3 мың тонна медицина қалдықтарының көзі жойылды

Бұл туралы жақында «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстағы медицина ұйымдарының 2019 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары және саланы дамытудың стратегиялық бағыттары туралы» деген тақырыпта өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

Қостанайда еліміздегі заңсыз ұйымдар өкілдерінің әрекеті анықталып, жазаланды

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тексеру шараларының нәтижесінде Рудный қаласынан Қазақстанда тыйым салынған «Алля-Аят» соқыр сенім-мистикалық ұйымының сот арқылы денсаулыққа қауіпті деп жария болған «Фархат-ата» тәсілі бойынша тәуіптік көрсетіп жүрген белсенді қызметін анықтады.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

Қостанайда «7-20-25»бағдарламасы бойынша 600 пәтер сатылады

Екінші дәрежелі банктер арқылы «7-20-25» бағдарлама 2 миллиард 989 миллион теңге болатын 421 өтініш түсті.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

«Altyn oimaq» ұлттық байқауы дизайнерлерді біріктіреді

Қостанайда шебер қолдар, дизайнерлер жоқ емес. Алайда осы кезге дейін жасаған бұйымдарын көпшілікке алып шығу, танылу олар үшін өзекті мәселенің бірі болатын.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

Қостанайда 2 күнде тұрғындардан 65 қару сатып алынды

Биыл тұрғындарда заңсыз сақталған қаруды өз еркімен өткізу акциясы 2 күнге созылды. Облыс өңірінде 2 күннің ішінде тұрғындардан 3 миилион теңгеге 65 қару сатып алынды.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2019

Қостанайда Президент сайлауының ролі мен маңызы туралы отырыс өтті

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткен бұл басқосуға білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан халқы ассамблеясы Қостанай облыстық филиалы хатшылығының өкілдері, өңірдегі жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты. Отырысты ашқан университет ректоры Алма Досжанова елімізде жүріп жатқан саяси өзгерістердің маңызы туралы айтты.