Нәзира ЖӘРІМБЕТ
Нәзира ЖӘРІМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
345 материал табылды

Аймақтар • 11 Қазан, 2019

Торғайдың бір асылы

Торғайдың арғы-бергі тарихы талайды тамсандырған, енді әлемді таңғалдырып та отыр. Торғай даласының тектілігі тамырын тереңнен тартады. Осы құнардан Ахмет пен Міржақып тамыр алып, көктеді. Ахметтің шапағынан шабыттанған ақындар легі Торғайда бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Соның бел ортасынан биыл туғанына 90 жыл толған Назарбек Бектемісов орын алар еді.

10 Қазан, 2019

Қостанайда публицист ғалыммен кездесу өтті

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер академиясының президенті, Қазақстанның Тұңғыш Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағының алты дүркін лауреаты Сағымбай Қозыбаевпен кездесу өтті. Қазақ журналистикасы мен осы салаға мамандар дайындайтын білім ордасында 46 жыл қызмет еткен Сағымбай Қабашұлының алдынан Қазақстан журналистикасының майталмандары түлеп ұшқан еді.

Аймақтар • 09 Қазан, 2019

Қостанайда халықаралық кітапханашылар конференциясы өтіп жатыр

Қостанайда  «Ұлы даланың жеті қыры: қазақстандық қоғамның рухани  дамуындағы кітапханалардың ролі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады. Оған Қазақстанның облыстарымен қатар Ресейдің Қостанаймен көрші Челябі, Қорған, Свердлов облыстарынан да кітапхана мамандары қатысуда.

Аймақтар • 09 Қазан, 2019

Қостанайда Business lady Qazaqstan 2019 байқауы өтті

Байқау елімізде екінші рет өтіп отыр. Қостанайдағы биылғы маусымға 8 кәсіпкер ханым қатысты. Олардың барлығы да облыс орталығы мен Рудный, Лисаков қалаларындағы түрлі салада өз ісін шыр айналдырып жүрген кәсіпкерлер.

Аймақтар • 09 Қазан, 2019

Қостанай облысында ауыл кітапханаларының саны соңғы үш жылда екі есе қысқарған

Бұл жөнінде  бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізген брифингте облыстық әмбебеп  кітапхана директоры Дариға Дүйсебаева мәлім етті.

Аймақтар • 08 Қазан, 2019

Қостанайда салықтан жалтартты деген 18 қылмыстық істің 10-ы қысқартылған

Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 08 Қазан, 2019

Қарабалықта ала елік қайдан жүр?

Мақсат Шәкібаев Қарабалық ауданындағы Михайлов орман шаруашылығына қарасты қайың тоғайының іргесіндегі жолмен келе жатып, ағаш арасынан шыға келген қос елікті көзі шалды.

Аймақтар • 08 Қазан, 2019

«Ендігі жерде әр оқырман үшін күресетін боламыз» дейді Қарабалық аудандық «Айна» газетінің редакторы Мәрия Сапарова

Қарабалық аудандық «Айна» газеті облыстағы мерзімді басылымдар арасында уақыт тынысын тап басқан сапалы мақалаларымен, газеттің үздік безендірілуі және жарнамалық менеджменті арқылы оқырмандар сұранысын игеруімен ерекшеленеді. «Егеменнің» Қостанай облысындағы меншікті тілшісі газет редакторы Мәрия Сапаровамен әңгімелескен еді.  

Спорт • 07 Қазан, 2019

Қостанайда ауқымды веложарыс өтті

Қостанай велоқауымдастығының мұрындық болуымен  бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды веложарыс өтті. Дәстүрлі  шараға   Лисаков, Рудный қалалары мен Денисов ауданынан 30 велосипедші келді, барлығы 250 аса әуесқойлар қатысты. Олардың жас шамасы 10 жастағы ала мен 70-тегі қарияларды қамтыды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев бастаған велошабандозбар 15 шақырым қашықтықты жүріп өтті.  

Экология • 03 Қазан, 2019

Қостанай мектептерінде «Эко-сағат» акциясы басталды

Облыстың барлық мектептерінде «Эко-сағат» кең көлемді республикалық акция басталды. Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының, экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасы елімізде қызу қолдауға ие болды.