Пікір • 01 Ақпан, 2023
Ақпанның 2-сі – отандық кәсіби баспасөздің ізашар мінбері «Қазақ» газетінің туған күні. Алаш зиялылары Орынбордан Петерборға дейін патшалық жүйенің табалдырығын тоздыра жүріп рұқсат алған газеттің шығуы осы күнге сәйкес келіпті. Халқымыз Жаратқаннан «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деп сұраса, ақпанның жұлдызы айқын түніндегі ұлт ақпаратының бастауы – сын-қатерге төтеп берудің бағдары болса керек.
Саясат • 22 Қаңтар, 2023
Ұлт басылымдары және масс-медиа заңы
Баспасөз әлімсақтан, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Оның тарихын, кәсіби құзыретін көзі ашық қауым жақсы біледі. Газет шежіресін біреулер Юлий Цезарь заманында тақтайшаға бәдізделген Сенат хабарынан бастаса, енді біреулер VІІ ғасырда тақтайға ойып жазылған Қытай императорының жарлық-нұсқауынан өрбітеді. Тарих көзімен қарағанда, беріде – Қазақ хандығы тарих сахнасына көтерілер қарсаңда сонау Германиядағы Иоганн Гутенбергтің баспаханасынан немесе байырғы түркі-қыпшақ ұлысының жері үшін қазақ пен жоңғар жан алысып, жан берісіп жатқан шақта қиырда дәстүрлі газеттің әуелгі пішіндік-мазмұндық нобайын қалаған француздың «La gazetta»-сынан бастап билік пен қоғам арасын жалғағаны сөзсіз.
Қазақстан • 24 Қазан, 2022
Республика. Бұл – латынның «ортақ іс», Алаштың «жұрт ісі» деген ұғымының баламасы.1990 жыл 25 қазан. Біріміз ойда, біріміз қырда жүрдік. Үшіншіміз яки сол кезде әлемге жасындай танылған қазақ – Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштан қара жерге абыроймен түскеніне он-ақ күн болған еді.
Тарих • 09 Қазан, 2022
Қандай ғылым саласы болмасын өте күрделі. Ғылымда абыройға жету де оңай дүние емес. Тарих ғылымында абыройға ие болып, еңбектерімен, зерттеулерімен ғылыми көпшіліктің шынайы құрметіне бөленген азаматтар көп емес.
Ахмет Байтұрсынұлы • 04 Қазан, 2022
UNESCO Ахмет Байтұрсынұлын алқалады
Франция астанасы Парижде, UNESCO-ның штаб-пәтерінде ХХ ғасырдың бас ширегінде әлемдік мәдени серпілуге өлшеусіз үлес қосқан Қазақстанның біртуар тұлғасы, тіл білімі, әдебиеттану, журналистика, педагогика, көркем және деректі аударма, өнертану, т.б. салаларға түрен салып, баға жетпес мұра қалдырған ғұлама, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтой шаралары басталды.
Саясат • 23 Қыркүйек, 2022
Тар таласып тозар, кең кеңесіп озар
Биылғы күз Қазақстан халқының саяси ұстанымын, елдік береке-бірлігін, ұлысаралық беделін тағы бір сынағалы тұр.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2022
Қазақ елордасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі тарих еншісіне айналғанда, «осы басқосу Қазақстанға не береді?» деп ойланатындар бар.
Руханият • 08 Қыркүйек, 2022
Жауапты кезеңде елдік бірлік-берекеге қатысты сындарлы пікір айтып, жөн-жоба айқындаудың қоғамдық салмағы ерекше. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында: «Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды», деді.