Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019

Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асыратын нысанның құны - 100 млрд теңгеге жуық, 350 дәрігерді қоса алғанда 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.  

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2019

Түркістанда 20 тұрғын үй мемлекеттік қызметкерлерге беріледі

Түркістанда жыл соңына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1200 пәтерлі 20 тұрғын үй мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Оның ішінде арендалық 11 үйдің қабылдау актісі жүргізіліп, қазір үй кезегінде тұрған азаматтарға заң талаптарына сәйкес үйлестірілуде. Бұл жөнінде Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында алғаш өткен аппарат мәжілісінде мәлім етілді. 

Қоғам • 02 Желтоқсан, 2019

Түркістан облысында спорт нысандары пайдалануға берілді

Тұңғыш Президент күніне орай Түркістанда олимпиада резервін даярлау орталығы және Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде спорт кешені ашылды. 

Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2019

Түркістан: Бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алатын ислам орталығы ашылды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ашылған сәулеті ерекше Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Орталықтағы медресе-колледж шәкірттеріне арналған 29 сыныпта 600 бала дәріс тыңдай алады, 69 жатын орын, 1000 адамға арналған асхана бар.

Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2019

Түркістан: Келес ауданында 300 оқушыға лайықталған мектеп пайдалануға берілді

Тұңғыш Президент күні Келес ауданында 300 оқушыға лайықталған Р.Әлібекұлы атындағы жалпы орта мектептің ашылу салтанаты өтті.  Келесі жылы ауданда қосымша екі мектеп пайдалануға берілмек. Жалпы Тұңғыш Президент күніне орай, Келес ауданында 4 нысан пайдалануға берілді.

Президент • 29 Қараша, 2019

Түркістанды түлеткен

Түркістан қаласы бүгінде күн санап көркейіп келеді. Әсіресе жарыса бой көтерген қала аумағындағы тұрғын үйлер мен көздің жауын алардай көркем ғимараттар өңір экономикасына жаңа серпін беруде. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіздік жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы мен бастамасы киелі Түркістанның жандана түсуіне, бүгінгідей ізгілікті істерге басты негіз болғаны елге мәлім.

Аймақтар • 28 Қараша, 2019

Түркістан: Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 7047 арыз түскен

Түркістан облысында жыл басынан бері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары – «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері түрлі мәселелер бойынша 637 жеке қабылдау жүргізіп, 1241 азаматтың мәселелері қаралған. Ал 10 айда партия филиалдарының 17 қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7047 арыз түсіп, оның 3297-і (46,7%) оңтайлы шешілген. Басшылар тарапынан көзбояушылық пен сырғытпа жауапқа жол берілмеуі үшін қабылдаулар әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы көрсетілуде. Бұл туралы Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының активінде айтылды.

Аймақтар • 26 Қараша, 2019

Анаға құрмет – перзенттік парыз

Түлкібас ауданы орта­лы­ғындағы «Тұңғыш Прези­дент» саябағының алдынан демеушілер есебінен бой көтерген «Ана мен бала» монументі ашылды.

Руханият • 22 Қараша, 2019

Түлкібаста «Ана мен бала» монументі ашылды

Түлкібас ауданы орталығындағы «Тұңғыш Президент» саябағының алдынан демеушілер есебінен бой көтерген «Ана мен бала» монументі ашылды.

Руханият • 20 Қараша, 2019

Түркістан: Жыр жаттаған оқушы миллион теңге ұтты

Түркістанда жас жыршылардың алғырлығы мен білімділігін анықтайтын «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауы өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен байқаудың мақсаты – балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық қасиеттерге баулу.