Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Экономика • 07 Қыркүйек, 2021

Жолдау жүгі: Экспорт табысын 608 млрд теңгеге жеткізу көзделуде

Шымкент қаласының экономикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға 7 млрд теңге бағытталып, 2 250 бизнес өкіліне қолдау көрсетілетін болады. «Бизнестің жол картасы» бойынша мың жоба қамтылады. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2 мың адамды жұмыспен қамтитын 15 жоба іске асырылады. Сондай-ақ үшінші мегаполисте 19 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы келесі жылы тағы 25 пайызға ұлғайып, оқушылардың қосымша біліммен қамтылу көрсеткішін 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Жас суретшілер сайысы

Түркістан облысының полиция департаменті 8-12 жас ара­лы­ғындағы оқушылар арасында «Мен елімді сүйемін!» тақы­рыбында сурет салудан байқау ұйымдастырды. Оған департа­ментке қарасты 17 аудандағы полиция бөлімі, басқарма қызмет­керлерінің сурет салуға бейім ұл-қыздары қатысқан. Ұсынылған 84 суреттің үздіктерін анықтау үшін арнайы қазылар алқасы құрылған.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2021

Жеті айдағы жемқорлық

Өкінішке қарай, пандемия кезінде екпеге қатысты жемқорлық денсаулық сақтау саласында көбейіп кетті. Мысалы, Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы кәсіпкерлерден Ashyq қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиялық қорытынды берген және сол үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алған деген күдікке ілінді.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021

Қаланың қажеттілігі мегаполисті азық-түлікпен қамту маңызды міндет

Тұрғындар саны жылдан-жылға артып келе жатқан еліміздің үшінші мегаполисін азық-түлікпен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұрған мәселе. Қала тұрғындары көбіне іргелес аудандардан әкелінетін ағарғанды, көрші елмен шекаралас өңірлердің көкөнісі мен жеміс-жидегін, батысындағы аймақтың қымыранын, таудың қымызын тұтынады. Дегенмен қала аумағында өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі де жыл сайын арта түсуде.

Коронавирус • 29 Тамыз, 2021

Коронавирустан көз жұмғандар көп

Мәйітхана... Бұл жердегі көріністі айтудың өзі ауыр. Жақынын жоқтап, ақтық сапарға шығарып салудың қамымен жүрген қайғылы жұрттың қарасы азаймай тұр. Түркістан облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы қызметкерлері пандемия басталғалы мәйіттің көбейгенін айтуда. Өйткені мұнда аталған дерттен көз жұмғандар да жеткізіледі. Бір тәулікте 30 мәйітке дейін талдау жүргізіледі.

Спорт • 26 Тамыз, 2021

Мақсаты биік Нилуфар

Күрес түрлерінен Өфеде өткен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде чемпион атанған түркістандық Нилуфар Раимова және қола жүлдегер Мәдина Аман елге оралды. Еркін күрес бойынша сынға түскен келестік балуан Асылжан Есенгелді де қола жүлдені иеленген болатын. Сала мамандары бұл Түркістан облысы құрылғалы бері спортшылардың әлем біріншіліктерінде тұңғыш рет қол жеткізген, ал қазақ елі үшін 13 жылдан кейін келген жеңіс екенін айтуда.

Білім • 24 Тамыз, 2021

Спорт секцияларының қатары көбейді

Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық Ұлттық мектеп лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Спорттың 10 түрінен өткен сайыстан оқушылар 10 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иемденді. Жарыстың 4 кезеңнен тұрған соңғы сайысына 360 шымкенттік оқушы қатысқан. Оқушылардың бұл жетістігі жылдар бойғы жаттығудың және спортпен айналысуына жасалған жағдайдың, бапкерлерінің еселі еңбегінің нәтижесі екені анық.

Коронавирус • 24 Тамыз, 2021

Індет қатерін білсе де...

Тойда отырғандардың арасында амалының жоқтығынан, яғни сыйластыққа сызат түсір­меу, туысқандық қатынасты салқын­датпау үшін келгендер баршылық. Алыс-берісті ескеріп, есеппен келетіндер де көп. Қазақтың «шақыр­ғаннан қалма, шақырмағанға барма» деген нақыл сөзін қағидаға айналдырғандар да аз емес. Қалай болғанда да тойға келген­дердің барлығы елдегі эпидемиялық ахуалды және соған байланысты шектеулерді жақсы біледі. Бірақ, өкінішке қарай, «той десе қу бас домалайды». Бүгінгі тойдың қаупі мен салдарына сол «қу бас» терең мән беріп, нәтиже шығарар емес, әзірге...

Аймақтар • 23 Тамыз, 2021

Жаңалығы көп жаңа маусым

Шымкент қалалық қуыршақ және жас­өс­пірімдер театры 1984 жылы алғаш рет Г.Лан­даудың «Ку-ка-ре-ку» спектаклімен шы­мыл­дығын ашып, бүгінге дейін үздіксіз жұ­­мыс істеп келеді. Репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымы бар театр 39-шы маусымын ашты.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2021

Өңірде 78 мектеп салынып жатыр

Түркістан өңірінің тұрғындары жаңа оқу жылында білім беру процесі дәстүрлі форматта жүргізілгенін қалап отыр. Оған облыстағы эпидемиялық ахуал да, мектептердегі дайындық та мүмкіндік беретіні айтылуда. Жаңа 2021-2022 оқу жылында Түркістан облысы бойынша 927 күндізгі орта білім беру ұйымында 516 740 оқушы оқиды деп күтілуде. Барлық білім ошағында сани­тарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.