Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 26 Мамыр, 2021

Суармалы жер суға мұқтаж

Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандары аумағындағы суармалы жерлер 90%-ға Өзбекстан Республикасына тиесілі «Достық», «Зах», «Ханым» және «Үлкен Келес» магистралдық каналдарына тәуелді. Сондықтан, жыл сайын вегетациялық кезеңде ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ағын су уақытылы жеткізілмей, наразылық туындайды. Бұл мәселе биыл да қайталануда, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 26 Мамыр, 2021

Мал ұрыларына қарсы «майдан» ашқанда..

«Қазақтың міні – мал ұрлығы» деп ұлы Абай өз заманында дөп басып айтқан қылмыстың бұл түрі, өкінішке қарай, бүгін де тыйылмай тұр.  

Аймақтар • 21 Мамыр, 2021

Халықтың 30 пайыздан астамы екпе салдырды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындардың коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны алуда белсенді екендігін айтты. Эпидемиялық ахуалды баяндаған қала әкімінің дерегінше, ақпан айынан бастап азаматтарды вакциналау үшін 43 стационарлық және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылған.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2021

Түркістан судан таршылық көрмей ме?

«Ағын судың арамы жоқ» деп арықтағы судан шөлін қандыратынын айтатын ауылдағы аға буынның сөзіне қаланың баласы сене қоймас. Ауылдарда өзгеріс көп, ауыз суыңыз құбыр арқылы әр аулаға дейін жеткізілген. Яғни ауылға жиі баратын қаланың баласы арықтағы ағын суды ішуді жабайылыққа балар. Онымен тұрмай, қала тұрғындарының көпшілігі пәтерге кіргізілген құбыр суын «аквафор» сүзгісі арқылы тазартып барып тұтынады. Сол қалада ауыз сусыз отырғандар да бар.

Тарих • 18 Мамыр, 2021

Тарихты зерделеу – ұрпақ міндеті

Ерлікті дәріптеу, бүгінгі ұрпаққа жеткізу маңызды. Осы орайда Түркістан облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ер­лігіне құрмет көрсету, есімін ардақтау, жастардың бойы­н­а отансүйгіштік құндылықтарды дарыту, патриотизмге тәр­биелеу мақсатында «Рақымжан – Жеңіс сарбазы!» ерлікке тағзым эстафетасы өтті.

Руханият • 18 Мамыр, 2021

Түркістанның жасы нақтылануы тиіс

Бүгінде Түркістанның тарихы терең зерттелуде. Өңірде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде тың мәліметтер жария етілері анық. Дегенмен бүгінде киелі Түркістанның жасына қатысты түрлі пікір айтылуда. Оған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ғалымдар мен археологтардың қатысуымен  өткен жиында Археология институтының директоры  Бауыржан Байтанаевтың Түркістан қаласына кемінде 3000 жыл екендігін айтқан дерегі де себеп болып отыр.  

Аймақтар • 17 Мамыр, 2021

Жұқтырғандар саны жүзден түспей тұр

Қазақстан өңірлеріндегі эпи­де­миялық ахуалды баға­лау матрицасы бойынша бірде «қызыл», бірде «сары» аймақ­тағы Шымкентте коронавирус індетінің таралу деңгейі соң­ғы тәуліктерде 100-ден түспей тұр. Шымкент қаласында 14 ма­мыр күні індеттің 102 жағ­дайы тіркелсе, жексенбіде бұл көрсет­кіш бір адамға ғана төмендеді.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Арақ сатылмайтын аудан

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының қариялары аудан көлеміндегі барлық дүкенде ішімдік атаулының сатылмағанын қалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 12 Мамыр, 2021

Қайта түлеген Түркістан

Жуырда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы қабылдаған шешімінен кейін жаңа дәуірі басталған Түркістанды барып, көруге кеңес берген болатын.

Таным • 12 Мамыр, 2021

Шұбайқызыл қызғалдағы

Сәуірдің соңы мен мамырдың басында Шұбайқызылға аңсары ауып тұратын жұрттың қатары қалыңдайды. Табиғат қорғаудың барлық талаптары сақталып, танымдық-тағылымдық іс-шара да осы кезде өткізіліп тұратын Шұбайқызылда пандемияға байланысты биыл жұрт аяғы саябырсығандай. Дегенмен гүл патшасы – қызғалдақты көруге келушілер әлі де көп. Жуырда орын алған бір оқиға да жұрттың назарын қызғалдаққа аударған-ды.