Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 23 Қараша, 2020

Түркістанда аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 8 жағдайға өскен

Соңғы аптада Түркістан облысы бойынша коронавирустық инфекциямен 22 адам тіркеліп, аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 8 жағдайға өскен. Инфекциялық стационарларда 6 науқас COVID-19 инфекциясынан және 28 адам вирусты пневмониядан ем қабылдауда.

Аймақтар • 23 Қараша, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Той-томалақты тоқтату керек

Түркістан облысы аумағында отбасылық, мерекелік іс-шаралар тоқтамай тұр. Бүгінгі күнге дейін 535 тыйым салынған шара өтсе, оның 226-ы қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 20 Қараша, 2020

Күдіктілер қамауға алынды

Көпшілікке қызмет көрсетіп, кассада отырған қыз ақша санаудан басқаға алаңсыз еді. «Кезекті келуші күш көрсетіп, бар ақшаны алып кетеді» деген ой мүлде келмегені және анық. Кассаға келген жігіт 20 мың теңгесін ұсақтап беруді сұрайды. Күнделікті кезде­сетін жайт, алаңсыз ақшасын ұсақтап берген. Осы сәтте жас жігіт келушілердің жоқты­ғын пайдаланып, кассада отырған қыздың 170 мың теңгесін тартып алып, қашып кеткен.

Аймақтар • 19 Қараша, 2020

Ордабасылық өнім косметика саласында үлкен сұранысқа ие

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға "BS-Agro Product" ЖШС суаруды қажет етпейтін "Сitrullus Lanatus" сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, 6,6 тонна өнім жинап алған. Дәл осы қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие. Серіктестік жиналған өнімді Израйль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда, деп хабарлайды Egemen.kz

Театр • 19 Қараша, 2020

Өзбек драма театры жаңа маусымын ашты

Шымкентте қалалық өзбек драма театры XVIII маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдениет ошағына биыл қалалық бюджеттен 129 807,0 мың теңге, оның ішінде 1974 жылы салынған ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32 884,0 мың теңге бөлінген болатын.

Қоғам • 18 Қараша, 2020

14157 маман оқытудан өтті

Шымкентке соңғы бір айдан аса уақыт ішінде шетелден ұшып келген 75 қазақстандықтың екеуінен жұқпалы инфекция анықталып, госпи­тальға жатқызылған. Ал вирус анық­талған 7 баланың біреуі ауруды Сарыағаштағы шипажайда демалып келген әжесінен жұқтырған. Айта кетер­лігі, 7 балада да ауру симптомсыз болған.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Түркістан облысының 3371 тұрғыны коронавирустан жазылып шыққан

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан 3371 науқастың 2377-де ауру симптомсыз өткен. Соңғы тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған бес жағдай анықталды. Өсім 0,3%болды.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Түркістан облысынан Мәжіліске 7 үміткер ұсынылды

Түркістан облысында 2 миллионнан астам тұрғынның 80 мыңдайы Nur Otan партиясының мүшесі. Праймеризге қатысу көрсеткіші бойынша өңір алдыңғы қатарда. Партияның облыстық филиалының  кезектен тыс XL конференциясында Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер тізімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Түркістанда депутаттар корпусы 70 пайызға жаңарады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында мәслихаттағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңаратыны айтылды. Конференцияда облыс әкімі, партияның облыстық филиал төрағасы Өмірзақ Шөкеев биылғы праймериздің саяси сананы жаңғыртудағы маңызды қадам болғанын атап өтті.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Жемістінің жемісі

Сарыағаш ауданындағы Жемісті ауылы тұрғындарының басым бөлігі көп жылдардан бері көшет өсірумен айналысып келеді. Сондықтан да болар ауыл округін «көшет шығаратын ауыл» деп те атайды. Қазір диқандар көп өнім беретін көшеттерді өндіруді қолға алып, қарқынды бау-бақшаға ден қойған.