Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Түркістан: Нөсерлі жауын салдарынан бірқатар аудандарда қауіпті жағдай туындады

Нөсерлете жауған жаңбырдың салдарынан болған тасқын су Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелі тас ауыл округіне қарасты Сұлтанрабат ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр етті.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Түркістан: Індеттен айыққан азаматтар саны 114-ке жетті

Түркістан облысында тағы 2 науқас коронавирус инфекциясынан жазылды.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Түркістан: Жетісу жұртының аманаты — 100 тонна азық-түлік, 160 тонна құрылыс материалдары

Nur Otan партиясының «Біз біргеміз!» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Түркістан: Қазақстан халқы Ассамблеясының 180 тонна гуманитарлық көмегі жеткізілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 16 жүк көлігімен 180 тонна Қазақстан халқы Ассамблеясының гуманитарлық көмегі келді. Сондай-ақ Алматы қалалық ҚХА ассамблеясының 8 жүк көлігіне тиелген 98 тонна азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тұрмыстық заттары жеткізілді.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтааралда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауға алынған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Ағарғаны мол аудан

Көктем шыға малы төлдеп, уыз көжеден дәм татуға шақырған туысқанымыз Қазығұрт ауданында тұрады. Түркістан мен оңтүстік аудандарды байланыстыратын даңғыл жолда бүгінде көлік көп. Көрші Өзбекстан елімен қарым-қатынас жақсара түскелі жолаушы тасымалдайтын үлкен автобустардың да, сауда-саттықпен ағылып жатқан ірі жүк көліктері де молайған.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды

Облыс аумағында мамыр айының 25-іне дейін бірқатар шектеулер сақталады. Атап айтқанда, көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елді мекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Мақтааралдық оқушылар «Сарыағаш» емдік – сауықтыру шипажайында демалады

Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-нің ұжымы Мақтаарал ауданында су басқан ауылдардың тұрғындары орналасқан эвакуациялық орталықтарға арнайы келді. Тұрғындарды рухани қолдау және балаларға қуаныш сыйлау мақсатында келген ұжым N5 Мақтаарал мектеп-гимназиясында орналасқан бүлдіршіндерге анимациялық фильмдер көрсетті.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Түркістан: Кәсіпкерлер әрбірі 7 миллион теңге тұратын 2 су сорғыш сыйлады

Шымкент қаласындағы «Қазойл сервис» ЖШС-ның директоры Бекжан Раймбердиев, «Құрылыс металлконсрукциялар зауыты» ЖШС-ның директоры Исабек Жақсылық және «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-ның директоры Ерхан Байдуллаев Мақтаарал ауданы әкімдігіне әрбірінің құны 7 миллион теңге тұратын 2 су сорғышты сыйға тартты.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Түркістан: 18 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері еңбек етуде

Түркістан облысында 18 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері денсаулық сақтау саласында еңбек етуде. Ал ауыл халқының саулығын қамтамасыз етуге 10 мың медбике өз үлесін қосуда.