Экономика • 25 Қазан, 2021
Креативті экономика – қандай экономика?
БҰҰ әлемнің көптеген елінің қолдауымен 2021 жылды «Халықаралық креативті экономика жылы» деп жариялағаны белгілі. Қолдау білдірген елдер мәлімдемесінде креативті индустрия пандемиядан соң әлем экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіні айтылған.
Коронавирус • 24 Қазан, 2021
«Қызыл аймақтан» қайтсек шыға аламыз?
Ресейде 30 қазаннан 7 қарашаға дейін жұмысшылардың жалақысын сақтай отырып, бүкіл ел бойынша жұмыс істемейтін күндерді жариялау туралы ұсыныс қолдау тапты. Бұл ретте өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов Ресей азаматтары шекаралас Павлодар облысына тек ПТР анықтамасымен кіре алатынын атап өтті.
Өнер • 19 Қазан, 2021
Алыстағы ағайынның өнер туындылары – атамекенде
Павлодарда еліміздегі «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» облыстық филиалының бастамасымен 14-15 қазан күндері «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі болып өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рухани-мәдени шараға Түркия, Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан сияқты алыс және жақын шетелдерде тұратын 40-тан астам қандас отандас қатысты.
Аймақтар • 13 Қазан, 2021
Ескі ағаш – естелігің, егілген ағаш – ертеңің
Жуырда Павлодар облысы әкімдігінде 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары талқыланды. Құжаттың жобасын талқылауға мемлекеттік органдар мен тәуелсіз сарапшылар қатысты. Талқылауда облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасының өкілдері биыл 1 шілдеден бастап елімізде жаңа Экологиялық кодекс күшіне енгенін айтты.
Аймақтар • 12 Қазан, 2021
Электронды билет сынақтан өте ала ма?
Облыс орталығындағы қоғамдық көліктер электронды жолақы жүйесіне ауысып, қазір жоба сынақ жүзінде жүргізілуде. Бірақ осы сынақтың әлі бітер түрі жоқ.
Экономика • 11 Қазан, 2021
Отынға зәрулік: Баға – қолжетімсіз, көлем – жеткіліксіз
Соңғы кездері еліміздің кейбір өңірінде жанармай құнының өсуіне, дизель отынының тапшылығына байланысты наразылық шаралары көбеюде. Павлодар облысында да дизель отынының жетіспеушілігі байқалуда. Көмір мен шөптің қымбаттауына да дизель отынының тапшылығы себеп.
Аймақтар • 08 Қазан, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодарда осындай атаумен әдеби жиын өтті. Оған Қазақстан Жазушылар одағынан арнайы делегация келіп қатысты. Өңірге ат басын тіреген қаламгерлер алдымен ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021
Бүгінде өңірдегі алқаптарда күзгі жиын-терін жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жоспар бойынша, күзгі дала жұмыстары қыркүйектің соңында аяқталады. Жергілікті ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл егіс алқабы 37,4 мың гектарға ұлғайып, 1 468,9 мың гектарға жеткен.
Коронавирус • 23 Қыркүйек, 2021
Инфекциялық бөлімдер жабылып жатыр
Павлодар облыстық эпидемиологиялық-санитарлық бақылау департаментінің мәліметінше, 19 қыркүйектегі ахуал бойынша өңір індеттің таралу көрсеткіші бойынша әлі «қызыл аймақта». Осы уақытқа дейін жалпы індет жұқтырған 44 254 науқас тіркелсе, 41 173-і індеттен жазылып шыққан. Бірақ өңірде эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
Тау-тасы аңыз Баянауыл баурайы
Біздің өңірде тарихи орындары мен дара тұлғалары өте көп танылған аудан Баянауыл деуге болар. Қасиетті жердің айналасы тұнып тұрған тарих. Курортты-демалыс аймағының туристік әлеует жоғары. Көп айтылып, жиі жазылатыны да сондықтан. Экспедицияны ұйымдастырушы «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің меншікті тілшілері де Баянауыл ауданына сапарға шығуды жөн санады.