Аймақтар • 16 Ақпан, 2023
Тегін үйірмеге – төрт мың бала
Қарағанды аймағында балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін тегін үйірмелер көбейіп келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір облыста ақысыз 144 үйірме жұмыс істеп тұр. Онда 4 806 бала түрлі бағытта өзін-өзі дамыта алады.
Тәрбие • 10 Ақпан, 2023
Қолы бостық, қарны тоқтық адамды аздырар болса, бұғанасы бекімеген бала үшін бұл қазір тіпті қауіпті. Интернет кеңістіктегі толассыз ағылған ақпараттың ағы мен қарасын айыра алмай, жеткіншектердің арбалып, алданып қалатыны – осы бос уақытының назардан тыс қалуында. Сондықтан да мемлекет қазіргі кезде баланың уақыты зая кетпеуі үшін тегін үйірме, секцияларға ден қойғаны мәлім.
Қоғам • 09 Ақпан, 2023
Жайылымның шұрайлысын, жердің қуаңдысын күлше бөліске салып, есепсіз иемденгендерге бұқараның өкпесі қара қазандай. Алдындағы ақадал малына қоң бітірер нуы мен суы мол ұлтарақтай да жер бұйырмаған соң тістеніп, тұрмыс кешкен жұрт өкпелемей қайтсін енді? Бірақ ел ішіндегі латифундистердің «шөп қорыған ит тірлігі» Президент тапсырмасынан соң енді-енді тыйылып келеді. Өзіне, не өзгеге көзі қимаған игерілмеген жерлер ел игілігіне қайтарыла бастады.
Спорт • 09 Ақпан, 2023
Ардагер спортшыға – Президент алғысы
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде тұратын 73 жастағы спортшыға Президенттің Алғыс хаты, сыйлыққа сағат және Бурабай демалыс үйіне жолдама табысталды.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2023
Жылдар бойы сәби армандаған жандарға «Аңсаған сәби» бағдарламасы бақыт сыйлағаны рас. Бұл – перзент сүюден күдер үзгенде көп көңілге жұбаныш пен қуаныш бұйыртқан бағдарлама. Биыл Қарағанды облысында мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында ЭКҰ-ға 403 квота бөлінді.
Ауыл • 07 Ақпан, 2023
Ауылдағы ағайынның табысын арттыруды мақсат тұтқан тың жоба арқылы Қарағанды аймағында алдағы уақытта 11 мың шағын несие беріледі. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Кәсіп қылғысы келгенге арзан несие, шын мәнінде, зор көмек.
Экономика • 06 Ақпан, 2023
Жалған урбанизацияны қалай реттейміз?
Наурыз айында ауылды дамытуға арналған бесжылдық тұжырымдама қабылданады. Бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Негізгі, ауылдың жылдар бойы қордаланған мәселесін шешу үшін бір бесжылдық аздық етеді. Десек те бірінші бесжылдықта берекесі кеткен көп ауылдың бетін бері қаратып алсақ, соның өзі олжа болғалы отыр. Содан соң қат-қабат проблемасы біртіндеп шешілер деген үміт бар.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2023
БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының синтетикалық есірткі саудасы туралы былтырғы ақпары адам шошытады. Басқарма бұл кеселдің Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде күшейіп бара жатқанын мәлімдеді. Шошытатын себеп – мұндағы сауда айналымы 2021 жылы рекордтық көрсеткішке жеткен.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2023
Мұқым қазақ үшін қасиетті Қарқаралыда денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, бірнеше көлік кілті тапсырылды. Атап айтқанда, Қарқаралы ауданының медицина қызметкерлеріне екі жаңа жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөліміне екі шағын автобус сатып алынды.
Ауыл • 30 Қаңтар, 2023
Қарағанды аймағында ішімдік сатпайтын әрі татпайтын ауыл Тікенекті деген ауыл бар. Нұра ауданына қарасты бұл Тікенектінің екі жылда бірде-бір қылмыс жасамаған үлгілі ауыл екенін жазғанбыз. Мұның өзі елең еткізетіндей жаңалық еді. Енді трактордың құлағында ойнаған 84 жастағы ақсақалы ауылды қардан аршып, жұрт аузында жүр. Бұл – ғұмыры егін алқабында өткен, нәпақасын маңдай терімен тапқан қария.