Жастар • 04 Наурыз, 2024
Бүгінде жастардың мәдени-рухани кемелденуіне бағытталған орта көп. Соның бірі – «Jastar Talks» жобасы. Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыратын алаң жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына жәрдемдеседі.
Қоғам • 04 Наурыз, 2024
Этностарды ұйыстырған «Birlik»
ТМД тарихында тұңғыш рет құрылған этностар мәдениеті мен өнерін насихаттайтын «Birlik» ансамблі тұсаукесер концертін өткізді. Шығармашылық ұжым алғашқы тартуын Алғыс айту күніне орай ұйымдастырды. Көрермен назарына түрлі этностың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін жеке хореографиялық шығармалар мен аспаптық, вокалдық бас-аяғы 15 нөмір ұсынылды. Ән-би ұжымы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылған.
Халық • 03 Наурыз, 2024
Елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болды. Алғыс айту күні қарсаңында этномәдени бірлестік өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға концерттік бағдарлама ұсынды.
Қоғам • 03 Наурыз, 2024
Астанада Алғыс айту күні Достық үйіндегі телекөпірмен басталды. Еліміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалдары онлайн байланысқа шықты. Ұзын саны мыңнан аса адам қосылып, атаулы күннің айбынын асқақтатты. Сондай-ақ мерекелік іс-шараның жалғасы ретінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Бір ел – бір мүдде» ҚХА депутаттық тобы және дөңгелек үстел қатысушыларымен бірге «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Әскер • 01 Наурыз, 2024
Қарулы күштер жасағының балалары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарына барды. Олар арнайы бөлімшелерде үш апта бойы мәдени және сауықтыру іс-шараларынан бөлек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады. Мұндағы мақсат – келешек буынның бойына әскери-патриоттық тәрбиені сіңіру.
Қазақстан • 29 Ақпан, 2024
Үкіметтік емес ұйым: Жауапты кезең міндеттері
Әділетті Қазақстанның негізгі өзегі – азаматтық қоғам десек, оның қалыптасуында үкіметтік емес сектордың орны ерекше. Өйткені бұл ұйымдар бүгінде билік пен бұқара арасындағы дәнекерге айналды. Олар тәуелсіз жүріп, ширақ қимылдап, толағай іс тындырды. Ендігі межені пысықтау үшін Астанада «Әділетті Қазақстан, біртұтас ұлт және берекелі қоғам құрудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» атты республикалық жиын өтті.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Еліміздің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары әзірленді. Басты бағдар – ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көлемін 450 млрд долларға жеткізу. Бұл үшін нақты 17 бағыт қамтылған. Маңызды құжат Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) алаңында сарапқа салынды.
Саясат • 26 Ақпан, 2024
Мемлекеттік органдар үшін шешім қабылдауға көмектесетін «Data lakes» деректер базасын құру – аса көкейкесті мәселе. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өткен Өңірлік сарапшылар кеңесінің отырысында айтылды. Сондай-ақ жиында аймақтардағы түйінді мәселелерді шешудің жолы талқыланып, ұсыныстар алға тартылды.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Мемлекеттік тілді үйренем деушілерге жаңа мүмкіндік туады. Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық аясында қазақ тілін меңгеру мен диалог құру алаңдары ұйымдастырылып, ақпараттық жобалар іске асырылады.
Білім • 20 Ақпан, 2024
«Болашақ» бағдарламасымен кейінгі 30 жылда 15 мыңнан аса отандасымыз шетелде біліп алып, тәжірибе жинақтаған. Алайда осы аралықта шекара асқан 270-ке жуық стипендиат елге оралмаған. Бұл туралы «Amanat» партиясы жанындағы республикалық Жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жиында қазақ жастарына қанат бітірген жобаның ендігі даму перспективалары мен өзекті мәселелері талқыланды.