Театр • 09 Қараша, 2020
Жақында 86-маусымының шымылдығын түрген Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғашқы премьерасын белгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арнап, ән еркесінің мерейтойына ерекше тарту жасады. Жеті ай бұрын карантинге жабылса да, жас көрерменімен байланысын үзбей, онлайн форматта жұмыс істеген қуыршақ театрының «Өмір-өзен» атты бұл қойылымы бір сағатқа жуық ән падишасының сырлы әуенімен сусындатып, ұлттық эстрада өнеріне жаңалық әкелген өткен жылдарға сапар шеккізіп, сахна арқылы саяхат жасатты.
Руханият • 09 Қараша, 2020
Қазақ шежіресі мен тарихында Матай Бөрібай батырдың есімі жоңғар отаршыларының зорлық-зомбылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы тұлға ретінде аталады. Бөрібай батыр Сарыұлы – шыққан тегі Найман, оның ішінде Матай руынан.
Кино • 06 Қараша, 2020
Пандемия тудырған «партизан киносы»
Авторлық болса да, коммерциялық болса да, кино қымбат өнердің қатарына жатады. Табысқа көміліп қалуды көздеп, кассаға жұмыс істейтін режиссерлер түгілі, шығынға батса да нағыз шыншыл кино түсірумен айналысатын шығармашылық иелерінің өзі болашақ фильміне мемлекет тарапынан бөлінер бюджеттің молдау болғанын қалап тұрады. Сондықтан «тегін» деген сөзді естісе, киноның төңірегінде жүргендер миығынан күліп, мазақтап кетеді. Ал кинематографияда тегін түсірілетін фильмдер бар және ол «партизан киносы» деп аталады.
Руханият • 31 Қазан, 2020
Мәлік Ғабдуллин: Заман, тұлға, жад
ҚР Президенті Архивінде "Мәлік Ғабдуллин: заман, тұлға, жад" атты халықаралық дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 27 Қазан, 2020
Абай сынаған әдеттен әлі күнге арыла алмай келе жатып, «Абай өз қазағын сынап, келемежге айналдырып, мазақ еткен» деген бұралқы сөзді арагідік қоғам айдынына алып шығып, кеңірдегі созылғанша керілдесіп, дау-дамай жасауға құмарлар арамызда өріп жүр. Өз ұлтын жанымен жақсы көріп, жанашырлықпен жазғанын түсінбей тұрып, Абайды өз бойына сіңіре алмай жүріп, сөзді айдалаға ала қашатындардың тырнағынан ақынды арашалау осы жойдасыз әрекеттермен қатар жүріп келеді. Абайға шабуыл әр кезеңдерде болған, алайда заманының туы іспетті алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері асқақ тұлғаны орынсыз кінәлайтындарды, оспадарсыз тірлікті уақытында тыйып тастап отырады. Ұлттың рухани бағдаршамы сияқты Абайды қазіргі қазақ қоғамынан алыстатпаудың амалы қайсы? Мәселен, ара-тұра бұрқ етіп басылатын осы қиямпұрыс әңгімеге театр әлемі, сахна өнері қалай қарсы тұрып, азаматтық үнін қалай қосқан болар еді?
Абай • 21 Қазан, 2020
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 95-маусымы «Абайдың жұмбағы» атты жаңа премьерамен ашылды. Ұлт руханияты көшбасшысының бейнесі театр репертуарларынан берік орын алған белгілі драма персонажы ретінде өміршеңдігі ешқашан бәсеңдеген емес. Актерлер мен режиссерлердің шеберлігі артып, тәжірибесі молайған сайын ұлы Абайдың образына айналып соғып, әр кезеңнің талабынан келуі заңдылыққа айналғаны қашан.
Руханият • 19 Қазан, 2020
Болат Әбділманов: Театрда жүз актер болуы мүмкін, бірақ дәл Абайды ойнайтын актер болмауы мүмкін
2020 жылдың 15 қазанында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры өзінің 95-маусымын «Абайдың жұмбағы» қойылымының (Абай шығармашылығы және М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының желісімен жазылған драма, сахналық нұсқасын жасағандар Болат Әбділманов, Мәдина Омарова, қоюшы режиссері Аридаш Оспанбаева, қоюшы суретшісі Мұрат Сапаров) премьерасымен ашты. «Абайдың жұмбағы» қандай қойылым? Оның Ә.Мәмбетов, Е.Обаев сахналаған «Абайлардан» қандай айырмашылығы бар? Осы сауалдарға жауап іздеп спектакльде Абай образын сомдаған және жазушы-драматург Мәдина Омаровамен бірлесіп, аталған пьесаны жазған актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділмановты әңгімеге тартқан едік.
Руханият • 15 Қазан, 2020
Әуезов театрының 95-маусымы "Абайдың жұмбағымен" ашылды
Бүгін, 15 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры "Абайдың жұмбағы" атты жаңа премьерасымен 95-маусымының шымылдығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz
Сұхбат • 24 Сәуір, 2020
Уахит Шәлекенов: «Көшпенділік» тұжырымымен қоштасуымыз керек
– Уахит аға, белгілі ғалымдардың арасында ғасырлық мерейтойына қадам басқан саусақпен санарлық қарт ардагеріміздің бірі – өзіңіз. Бұйырса, міне, 97-көктеміңізді қарсы алып отырсыз. Қос ғасырдың куәгері ретінде көргеніңіз, түйгеніңіз аз емес, өзіңіз тарихшы болсаңыз, бұл тараптағы әңгімеңіздің түгесілмейтіні тіпті белгілі. Бүгінгі ғылымның беталысы мен дамуын бір ғалымдай қадағалап отыратыныңызды мінберлерде жасаған баяндамаңыздан, жазған мақалаларыңыздан білеміз. Сонда байқағанымыз, сыни ойыңыз басым. Әлдекімге, әлденеге өкпелісіз бе?
Руханият • 22 Сәуір, 2020
Тәжтажалдың басты соққысы сәлемдесуге келіп тигенін қараңызшы. Қол беріп амандасу қорқынышқа айналып, кісімен кезіксе, үркіп қашатын әдет келгелі адамдар да амандық-саулық сұрасудың жаңа түрлеріне бейімделіп, кейбірі күлкі шақырса да, микробтан қорғанудың ең дұрыс шешімі ретінде түрлі баламаларды ойлап тауып, қабылдауға мәжбүр болып отыр.