Руханият • 17 Сәуір, 2020
Башқұрт ұлттық әдебиетінің көрнекті өкілі Мұстай Кәрімнің атақты «Ай тұтылған түн» пьесасының жетпіс жылға жуық уақыт бедеріндегі тағдыры бақытты әрі мағыналы. Алпысыншы жылдары жазыла сала бірден сахнаға беттеді, содан бері бұл туынды классикалық драматургия жауһары санатына еніп, жүзден астам театрдың сахнасында маңдайы жарқырап, табыспен қойылды.
Өнер • 04 Сәуір, 2020
«Карантиндегі жұлдыз» жалғасын табады
Карантин кезінде Мәдениет және спорт министрлігі ерекше белсенді жұмыс істеп отырғанын айтап айтқан жөн. Министр Ақтоты Райымқұлованың сөзіне сүйенсек, бір аптаның ішінде ғана министрліктің қолдауымен 600-ге жуық іс-шара онлайн өткізілген екен. Министр бұл жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын атап айтты.
Өнер • 04 Сәуір, 2020
Театрлар да жаңа жағдайға бейімделе бастады
COVID-2019 бүкіл дүниежүзін қусырып, «бір тарының қауызына сыйдырғандай» күйде. Әлемнің 200-ден астам елінде бір миллионнан астам адам жұқпалы дертке шалдықты. Індет медицина мамандары мен жедел құтқару қызметіне ғана емес, жалпы көпшілікке ауыр тиіп отыр. Соның ішінде мәдениет ошақтары да бар.
Өнер • 26 Ақпан, 2020
«Гамбург есебімен» бағаланған балет
Үздік қойылымдары мен тың премьераларын паш еткен «Астана Балет» театрының Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында жоспарланған гастролі Алматыда төрт күн бойы табысты жүріп өтті. Төрт күн бойы да Абай атындағы опера және балет театрының кассасы алдында билет таба алмай сеңдей соғылысып жүрген классикалық өнердің табынушыларына қосымша сатылым ұйымдастырылып, театр іші лық толып отырса, қойылымнан кейін де ғажайып өнердің әсерінен айыға алмаған көрермен көпке дейін тапжылмай тұрып қол соғып, тарағысы келмей, әр қойылыммен қимай қоштасты.
Руханият • 20 Ақпан, 2020
«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Үндістандағы кинофестивальге қатысады
Режиссер Рүстем Әбдірашовтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмі 2020 жылғы ақпанның 26 мен 4 наурыз аралығында Бангалорде (Карнатака штаты, Үндістан) өтетін ХІІ-Bengaluru international film festival кинофестивалінің Asian Cinema Competition бағдарламасына қатысады.
Өнер • 20 Ақпан, 2020
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының тұңғыш лауреаты, профессор Еркін Мергеновтің 80 жылдығына орай «Ретроспектива» атты көрме ашылды.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
Өз театрын өзгелерге таныстырады
Ұлттық театрдың туған күні Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлігімен Семейде сахналанған «Біржан – Сара» айтысынан бастау алатыны туралы аға буын театр сыншылары Бағыбек Құндақбайұлы мен Әшірбек Сығай талмастан айтып та, жазып та өтті. Ақпанның 13-іне дәлме-дәл келетін осы атаулы күнмен театр өнеріне байланысты игі шаралардың молынан атқарылып жататыны да сондықтан болса керек. Айтулы күннің аясында күні кеше «М.Әуезов мұражай-үйі» ғылыми-мәдени орталығының Мәжіліс залында театрға байланысты тағы бір маңызды шараның – «Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» тұсауы кесілді.
Сұхбат • 10 Ақпан, 2020
Руханият • 23 Қаңтар, 2020
«Суретті түсірген Мамыржан Ботабеков»
Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі Олжас Сүлейменов атындағы гуманитарлық тәрбие-білім беру институты залында кәсіби фотосуретші Мамыржан Ботабековпен кездесу кеші өтті.
Руханият • 15 Қаңтар, 2020
Ілиястану ілімі ілгерілей береді
Алматыдағы Ұлттық кітапханада жыр Құлагері, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойы ақпарат құралдары өкілдері арасында ұйымдастырылған бәйге қортындысын жариялаумен түйінделді.