
Музей • 15 Мамыр, 2024
Композитор мұрасы музейге тапсырылды
Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей бұрышы ашылды. Оның отбасы белгілі композитордың өмірі мен шығармашылығына байланысты 100-ден астам құжат пен экспонатты мемлекеттік сақтауға тапсырды.
Көрме • 09 Мамыр, 2024
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорынан 1941-1945 жылдардағы фашизмге қарсы соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты көрмесі ашылды.
Театр • 03 Мамыр, 2024
Жаһандану дәуіріндегі жалғыздық
Бүгінгі шығармашылық ортада әлдекімнің шекпенінен шыққанын мақтанышпен айтатын афоризмге айналған әйгілі сөздің авторлығы төңірегінде талас көп болғанымен, шынтуайтына келгенде, «бәріміз де Гогольдің «Шекпенінен» шықтық» деген қанатты сөздің әдебиеттің формуласына айналып кеткенін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл деген сөз «бүкіл орыс әдеби әлемі өз ұлтының шындығын бүркемесіз көрсеткен Николай Гогольдің идеясы мен ұстанымы алдында өзімізді қарыздар сезінеміз» дегенінен туса керек. Жазылғанына екі ғасырға жуықтаған ұлы классиктің атақты «Шекпені» содан бері ескірмеді, өзектілігін жоймады, керісінше, уақыт оның мазмұнын байыта түсті. Өзінен кейін әдебиет пен театр өнерін төңіректеп келген әлденеше буынға азық болды, ұстаздың міндетін атқарды, тәрбиеледі. Әдебиеттегі кішкентай адамдар тағдырының нақ осы Гогольдің Акакийінен бастау алатыны да сондықтан.
Кино • 23 Сәуір, 2024
Қазақстан киносыншылары қауымдастығы «Сыншылар таңдауы – 2024» кинобәйгесі жеңімпаздарының есімін жариялады. Кинотанушылар мен сыншылар өткен 2023 жылы түсірілген 80-ге жуық фильмді 14 аталым бойынша сарапқа салды.
Басылым • 15 Сәуір, 2024
Дәстүрлі ақпарат құралдары дами береді
Ақпарат құралдары – қоғамдық сананың қалыптасуы мен жетілуіне әсер ететін маңызды институттардың бірі. Бүгінгі әлемнің келбетін баспасөзсіз, радио, телевизия, әлеуметтік желісіз елестету мүмкін емес. Ақпарат құралының құлағынан ұстағандар өз кезеңінің оқиғасы мен құбылысын тарихтың шежіресіне айналдыра отырып, оқырманы мен көрерменіне бүкіл әлемнің сұлбасын айна қатесіз жасап беріп отыр. Сол себепті бүгінгі масс-медиа өкілдерінен кәсібилікпен бірге, азаматтық жауапкершілікпен қызмет ету қасиеті талап етіледі.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Алматыда өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтіп жатыр
Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының екінші республикалық форумы өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шараға еліміздің аймақтарынан ақпарат саласын дамытуға үлес қосып жүрген медиа мамандар келді. «Мерзімді басылымдар – халық сауаттылығының қайнар көзі» атты тақырыпты қозғаған форумның алғашқы панельдік отырысына «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары Қамбар Ахмет модераторлық жасап, жиынның маңыздылығын атап өтті.
Театр • 28 Наурыз, 2024
Таланттарды саралаған «Altyn saqa»
Кейде кереқарыс кітап сіңіре алмаған ақыл мен адамгершілікті театр сахнасынан үйренуге тура келеді. Өмірді көркем бейнелейтін сахна өнерінің санада сілкініс туғызып, ақылды жарқыратып жіберетін құдіретін театрмен бірге тыныстайтын көзіқарақты адам жақсы біледі.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
«Әйелім базарда» – түрік тілінде
Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі сатирик-жазушы, Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы Ермахан Шайхыұлының «Сатира сарқыты», түрік тілінде жарық көрген «Әйелім базарда», балаларға арналған «Медина мәзірі» атты үш кітабы көпшілікке таныстырылды.
Мәдениет • 13 Наурыз, 2024
Әйел теңсіздігін Әбілхан да әдіптеген...
Бала күні тауқыметпен басталып, «бай мен кедей» кезеңінің қиындығын өз басынан өткеріп өскен халық суретшісі Әбілхан Қастеев туындыларында үрейден арылмай, үркек болып жетілген жұртының ең жіңішке үмітін үзбеуге тырысады. Шетсіз-шексіз қазақ жерінің сұлулығы, аспанмен таласқан таулары, жотасындағы жайлауы, ақшаңқан киіз үйлері, желмен жарысқан жылқылар, жұмыс үстінде көрінетін еңбек адамдарының жүзіндегі жайсаңдық – туған жерін кең жүрегімен сүйген Ә.Қастеевтің қайталанбас шығармаларына арқау болды.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024
Генерал және лампас – лауазым-шеннің биігінде жарқыраған алмас. Қазақстан тарихында бұрын-соңды белдемше киген генерал болмаған. Алдаспан ердің сойына ғана жарасқан генерал шенін қызмет сатысымен өрлегендердің ішінде ірілігі екшелген ілуде біреудің болмаса жаратылысы нәзік әйелдер қауымы арасынан жарып шығып, уысында ұстап, ұлықталғаны жоқ еді. Қақпасы тарс бекітулі, қойнауы жұмбақ бұл әлем әйелге келгенде ашылмайтын. Қоғамда қалыптасқан сірескен сең секілді түсінік, шамасы, он жыл бұрын шытынап түсіп, күл болды.