Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
538 материал табылды

Спорт • 12 Шілде, 2025

Жағажай спортына арналған алаң жаңаша келбетке енді

Қонаев қаласында ел игілігіне арналған тағы бір нысан жаңғыртылды. Аумағы 2,1 гектарды алып жатқан спорт аймағы 2017 жылы салынған. Алайда, бұған дейін ешқандай жөндеу көрмеген. Биыл нысан тұрғындар талабына сай жаңартылды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 11 Шілде, 2025

Күмәнді сілтемеден абай болыңыз!

Жастарды жат әдетке бой алдырудан сақтандыратын «Saqtan» әлеуметтік жобасы аясында кейінгі бір ай ішінде Алматы облысында 500-ден аса есірткі жарнамасы – заңсыз граффити, QR-код және Telegram сілтемелері жойылды. Бұл жұмысқа жас­тардан құралған еріктілер, студенттер және жастар ресурс­тық орталықтарының белсенділері тікелей атсалысып жатыр.

Аймақтар • 11 Шілде, 2025

Он жасар баланы иттен құтқарған азаматқа құрмет көрсетілді

Осыдан он шақты күн бұрын Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевті иттер талап, бала ауыр жарақат алғаны белгілі. Оқиға орнына құзырлы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, баланы өлім аузынан арашалап қалды. Бұл – нағыз азаматтық батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 11 Шілде, 2025

Тағылымды да тартысты турнир

Қонаев қаласында ашық суда жүзуден өткен халықаралық «Oceanman Kazakhstan – 2025» турнирі өз мәресіне жетті. Қапшағай суқоймасы аумағында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің түрлі елінен 2000-нан астам спортшы қатысып, бес түрлі қашықтық бойынша бақ сынасты.

Оқиға • 10 Шілде, 2025

Қарасай ауданында полиция әйелді ажалдан аман алып қалды

Абай ауылының 59 жастағы тұрғыны бір өлімнен аман қалды. Әйелдің аяғы тайып, Ақсай өзені ағып жатқан сайға құлап кеткен. Судың ағысы қатты және өзеннің шеті биік болғандықтан ол өз бетімен шыға алмаған. Көмек сұраған дауысты естіген азаматтар дереу полиция шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 10 Шілде, 2025

Екі гектар аумақ тазартылды

«Таза Қазақстан» жобасы, «Таза бейсенбі» эко­акциясы аясында «Amanat» партиясының мүше­лері Қарасай ауданындағы Шамалған өзенінің маңындағы аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық дең­гейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш пар­тия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

Жәдігер • 10 Шілде, 2025

Бердібек музейі жаңғырды

Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының 2005 жылғы түлектері қазақ әдебиеті классигі атындағы музейдің ашылуына ұйытқы болды.

Оқиға • 09 Шілде, 2025

Қапшағайда әйел депутаттың көз алдында суға батып кетті

Алматы облысы, Қонаев қаласына қарасты Қапшағай су қоймасының жағажайында қайғылы жағдай орын алды. Оқиға кезінде жағажайда құтқарушылар да, бейнебақылау камералары да, медициналық пункт те болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 05 Шілде, 2025

«Oceanman» жарысы басталды

«Oceanman Kazakhstan – 2025» Қонаевтағы "Heaven Club" демалыс базасында басталды. Биылғы жылы жүзудің бес түрі бойынша әлемнің 18 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысуда, оның ішінде Үндістан, БАӘ, Франция, Кувейт, Италия, Латвия, Ұлыбритания, Испания, Малайзия, Германия және Венгрия елдері бар. Қапшағай көлі жағалауына жанкүйерлермен қоса 3 мыңнан астам адам жиналды, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 05 Шілде, 2025

Сәбилерге домбыра сыйлады

Алдымыздағы қос мереке – Домбыра және Астана күні қарсаңында Қарасай ауданында ерекше оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.