Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
318 материал табылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2024

Мердігерлер істі мандытпай тұр

Өнер өлкесі саналатын Кеген ауданынан талай саңлақ түлеп ұшты. Өңірдің мәдениет саласын өркендетуде өзіндік қолтаңбасы қалған өнер майталмандарын санамаласақ, саусақ жетпесі анық. Көш басынан көрінетін Кеген халық театры 1968 жылы құрылып, содан бері М.Әуезовтің «Қарагөз», «Еңлік-Кебек» драмаларын қойып, «халық театры» атағын алған, республикалық, халықаралық байқауларда талай мәрте топ жарған. Мәдениеттен мән кеткен сонау қиын-қыстау шақта штат санын сақтап қалған театр ұжымында осы күні 15 адам қызмет етеді. Оған қоса «Ереуіл» фольклорлық ансамблінің де шығармашалық шыңы биік.

Жәдігер • 22 Тамыз, 2024

Қорымнан табылған жәдігерлер

Кең байтақ жеріміздегі қорымдардың қойнауы көнеден қалған тарихи жәдігерлерден кенде емес. Бұған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы Алматы облысының Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылы маңында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде тағы да көз жеткіздік. Жоба Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ қолдауымен қолға алынған.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2024

Құрылтайшылар қамауға алынды

Алматы облысының Іле ауданындағы 9 жекеменшік балабақшаның құрылтайшылары қамауға алынды. Бір айдың ішінде 29 жекеменшік балабақша жабылып, мемлекетке 729,0 млн шығын келтіргені үшін тағы бірнеше құрылтайшының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл жөнінде Қонаев қаласында өткен тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Қоғам • 21 Тамыз, 2024

Олимпиадашыларға пәтер берілді

Парижде өткен жазғы Олимпия ойындарынан оралған спортшыларға құрмет көрсету жалғасын тапты. Жуырда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтап, өңір кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтар табыс етті. Олимпиадаға қатысушылардың жалпы жүлде қоры 24 миллион теңгені, 4 пәтерді құрады.

Шаруашылық • 21 Тамыз, 2024

Жасыл жапыраққа сұраныс жоғары

Деннің саулығы мен ұзақ өмір сүруді ойлаған азаматтар бүгінде дұрыс тамақтану тәсіліне көшкен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әр адам тәулігіне 500 грамм мөлшерінде көкөніс пен жеміс-жидек түрін пайдалануға тиіс екен. Осы орайда елімізде көкөніс өсірумен айналысатын шаруашылықтардың да көбейіп келе жатқанын айту орынды. Тұтынушылар талғамына сай адам ағзасына аса пайдалы, дәруменге бай балғын көкөніс өсірумен айналысатын кәсіпорындардың жұмыс ырғағы мен жылдық табыс көрсеткіштері де арта түскен. Соның бірі әрі бірегейі – Талғар ауданындағы «Green Eco» деп аталатын ерекше жылыжай кешені. Мұнда жайқалған жасыл салаттарға қысы-жазы сұраныс жоғары.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2024

Қонаев қаласы жаңа оқу жылына дайын ба

Қалалық білім бөлімінің басшысы Қаламқас Сәрсенбаеваның ақпаратына сәйкес, биыл 14 мектепке (ауылдық округтерде 5) барлығы 1300 бала 1-сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ұлттық спорт • 19 Тамыз, 2024

Көп үміт көкпаршыларда

Қыркүйектің 8-13 күндері аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрінен жарыс өтетін болса, соның ішінде ұлттық құрамамыз көкпар, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ, құсбегілік пен бәйге сынды ұлттық ойын­дардан бақ сынамақ. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын көкпардан ұлттық құраманың мүшелері осы күні Жаңашар аулындағы олимпиадалық оқу-жаттығу алаңында дайындық шараларын күшейтіп жатыр.

Шаруашылық • 17 Тамыз, 2024

Балық өсірудің бабын тапқан

Алматы облысында акваөсіру өндірісін осы жылы 6 мың тоннаға, ал 2030 жылға қарай 20 мың тон­наға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгін­де облыс көлемінде 30-дан астам балық өсіру шаруа­шылығы тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Кейінгі уақытта олардың қатары жаңа балық шаруа­шы­лық­тарымен толығып жатыр.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2024

Игі бастамаға жұрт болып жұмылды

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын оқушыны мектепке да­йындау жұмыстары қыза түскен. Ата-ана мен ұстаздар үшін нағыз қарбалас шақ. Осы орайда әлеуметтік жағдайы әртүрлі санаттағы отбасылардың балаларына қолдау көрсететін «Мектепке жол» акциясы биыл да жалғасын тапты. Бұл іс-шарадан шалғайдағы ауылдардың оқушылары да шет қалмай, мейірімді де қайырымды жандардың қамқорлығын сезінуі қуантады. Солардың қатарында Кеген ауданының Тұйық орта мектебі мен оқушы саны жүзге жетпейтін Жалаулы орта мектептерінде жарқын істер жүзеге асып жатыр.

Энергетика • 16 Тамыз, 2024

Қоғамдық талқылау тақырыбы – АЭС тиімділігі

Қонаев қаласында елімізде атом электр стансасын салу турасында қоғамдық талқылау өтті. Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен өңір тұрғындары қатысты.