
Медицина • 13 Ақпан, 2025
Алматы облысында дәрігерлер жағдайы ауыр әйелді аман алып қалды
Алматы көпсалалы облыстық ауруханасында дәрігерлердің өзара шұғыл әрекет етуінің арқасында 42 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды. Мамандар Іле аудандық ауруханасынан жүктіліктің 32-ші аптасында ауыр жағдайда түскен әйелге шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.
Білім • 13 Ақпан, 2025
Техникалық мамандарға жол ашық
Алматы облысында халықты жұмыспен қамтып, өзінің мамандар дайындайтын оқу орталығымен ерекшеленетін «Бент» компаниялар тобы темір-бетон шпалдарын, автоклавты газ блоктарын, қиыршық тас пен рельс бекіткіштерін өндіреді. Сондай-ақ тәуелсіз зертханада сертификаттау қызметі көрсетіледі. «Бент» фирмасы өнеркәсіптік өндіріс бағытында жұмыс істейді. Бүгінде зауыттың базасында бірнеше кәсіпорын желісі бар. Онда жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмысшы мамандардың еңбекке араласуына мол мүмкіндік жасалып отыр.
Жастар • 13 Ақпан, 2025
Жастарды қылмыстан сақтандыру жайы
«Қисайған тал түзеуге келмейді» деген. Бүгінде бұғанасы бекіп, қанаты қатпаған жасөспірімдердің кейбірінің қатыгездікке, тәртіпсіздікке, жаман әдетке бой алдыруы қоғамда алаңдаушылық тудырып отырғанын жасыруға болмас. Дендеп енген «дерттің» алдын алып, оқушылардың заңсыздыққа бой алдырмауы үшін жан-жақты түсіндіру шаралары жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта Қонаев қаласындағы №3 орта мектепте «Заң мен тәртіп үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі» атты кездесу ұйымдастырылды.
Еңбек • 11 Ақпан, 2025
Мемлекеттік қолдаудың шарапаты
Алматы облысы Қарасай ауданында бұрнағы жылы кәсіп ашқан 90 жеке кәсіпкер грант иегері атанған. Былтыр бұл жобаға 256 адам үміткер болса, соның ішінде 37 бастауыш кәсіпкер 400 АЕК көлеміндегі грантты жеңіп алды.
Сұхбат • 08 Ақпан, 2025
Әлеуметтің әлеуетін жақсарту – басты мақсатымыз
Алматы облысының қайта құрылғанына үшінші жылға аяқ басты. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өңірде Алатау аталатын жаңа қаланың аумағы белгіленіп, құрамына 12 шағын аудан біріктірілді. Түбегейлі жаңаруға бет бұрған өңірдің осы уақыт аралығындағы жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде облыс әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВТЕН сұрап білдік.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
«Көктем-2025» оқу-жаттығуы басталды
Алматы облысында «Су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-ші кезеңі басталды.
Жұмыс • 05 Ақпан, 2025
Мыңға жуық адамға берілген мүмкіндік
Алматы облысында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Тек кейінгі бір аптада өңірде 995 жаңа жұмыс орны ашылып, 420 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2025
Алматы өңіріндегі бірнеше нысан мемлекеттік меншікке қайтарылды
Алматы облысында 8 су нысаны мемлекеттік бақылауға қайтарылды. Бұл шешім 2024 жылы жеке басқарушы компаниялармен жасалған келісімшарттар талаптарының бұзылуы анықталғаннан кейін қабылданды. Оның ішінде 5 нысан сот арқылы, ал үшеуі өзара келісім негізінде берілді.
Спорт • 01 Ақпан, 2025
«Денсаулық фестивалі-2025» бұқаралық спорттық шарасына бес жүзден астам адам қатысты. Аудан әкімдігінің қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шараның басты мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру, қысқы спорттық ойындарға аудан тұрғындарының қызығушылығын арттыру.
Қылмыс • 30 Қаңтар, 2025
Алматы облысының полицейлері ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен өңір прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жолмен алынған ақшаны криптовалютаға аударумен айналысқан ұйымдасқан дропперлер тобының қызметін тоқтатты.