Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
524 материал табылды

«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2025

Іленің бойын тазартты

Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда кейінгі жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпелілер қаласы» мен «Тамғалы тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерв қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.

«Таза Қазақстан» • 24 Сәуір, 2025

«Таза Қазақстан»: 10 мың түп шренк шыршасы егілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Кеген ауданындағы елдімекендерде тазалық, көгалдандыру, ағаш егу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 24 Сәуір, 2025

Айналма жолдың ахуалы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95%-ын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма жүктеген еді. Президент тапсырмасына сәйкес Алматы қаласын транзиттік көліктерден босатып, айналып өту мақсатында 2 жыл бұрын ел тарихында тұңғыш рет инвесторлар көмегімен жоғары жылдамдықты Үлкен Алматы айналма автожолы іске қосылды.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2025

Сары өрікке сұраныс жоғары

Қарадала халқының негізгі кәсібі – өрік өсіру. Жер-Анаға жылу бой­­­лаған сәуір айының орта шеніне таман бүр жарып, айна­ла­ға айырықша көрік беретін өрік ағаштарынан мол өнім алу­дың қам-қарекетіне шаруалар білек түре кірісіп кеткен. Та­­лай­­­ларды тамсантқан сары өрікті бұл өңірдің бренді деуге бо­лады. Жыл сайын 500-ден аса шаруа қожалығы өсірген мың­даған тон­на өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп, алыс-жа­қын ше­телге де жөнелтіледі.

Руханият • 23 Сәуір, 2025

Руханият шамшырағы

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы қоғамда оқу мәде­ниетін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік мерекелер қатарына «Ұлттық кітап күнін» енгізуді ұсынған болатын.

Спорт • 22 Сәуір, 2025

Аударыспақтан IV Азия чемпионаты мәресіне жетті

Дүбірлі дода Алматы облысы Талғар ауданындағы «Almaty Horse and Polo Club» ат спорты клубында өтті. Жарысқа жеті мемлекеттен – Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Мажарстан, Қытай мен Өзбекстаннан 18 және одан жоғары жастағы спортшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2025

Қарасай ауданында өндірістік зауыт ашылды

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KT&G Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясының Қазақстандағы алғашқы жобасы және ол толығымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәдігер • 22 Сәуір, 2025

Астау

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігінде астаудың алар орны айрықша. Қазақ шеберлері астауды көбінесе қайың, қарағаш, көктерек сияқты берік ағаштардан ойып жасаған. Ол – дөңгелек немесе ұзынша пішінді, шет жағы биіктеу, түбі жайпақ етіп жасалатын, ішіне көбінесе ет салынатын үлкен ыдыс. Көненің көзіне айналған бұл ыдыс бүгінде қайта жаңғырып, трендке айналған.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2025

Қапшағай су қоймасының жағажайы жаңартылды

Қапшағай су қоймасының жағалауы көп жылдар бойы назардан тыс қалып келген еді. Енді бұл аумақ мүлде жаңа кейіпке еніп, балалар және спорт алаңдары, субұрқақтар, суға түсуге арналған ыңғайлы баспалдақтар, орындықтар мен жарықтандыру жүйесімен жабдықталған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Ауқымды жобаны жүзеге асыруға «КСЖ Freedom Life» АҚ қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 18 Сәуір, 2025

Талхиз қалашығында фотокөрме ұйымдастырылды

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық Талғар қалажұртында «Тарихы терең Талхиз» атты ақпараттық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға музейтану  саласының мамандары, тарихшы, археолог ғалымдар мен туристік агенттік өкілдері және Талғар қаласындағы №25 орта мектептің оқушылары  қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.