Үкімет • 30 Сәуір, 2024
Өңдеу өнеркәсібін дамытудың өзектілігі
Кеше Мәжілісте палата төрағасының орынбасары Альберт Раудың төрағалығымен «Жаңа өнеркәсіптік саясат – өңдеу өнеркәсібін дамытудың сапалы жаңа моделі» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп, ел экономикасының одан әрі даму мәселелері мен бағыттары талқыланды.
Айбын • 30 Сәуір, 2024
«Ана жүрегі» – сарбаз қамқоршысы
Дүниеде ананың перзентіне деген махаббатынан құдіретті күш жоқ. Мейлі бұғанасы бекімеген жас бала болсын, қару асынып ел тыныштығын күзеткен айбарлы жауынгер болсын, ана жүрегінде ол сәби қалпында қала бермек. Бауыр еті баласы үшін отқа да, суға да түсуге даяр әзіз жандар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ұрпағының тағдырына алаңдап түн ұйқысын төрт бөледі. Осы орайда ана мен бала арасына дәнекер болуды мақсат тұтқан «Ана жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің орны ерекше. Біз қоғамдық бірлестіктің Абай облысы бойынша өкілі Айнұр ТАТЕРОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.
Саясат • 27 Сәуір, 2024
Аймақтық қауіпсіздіктің тірегі
Биыл еліміз Шанхай ынтымақтастығы ұйымына төраға. Осы жылдың аясында өткізілетін іс-шаралардың бірі кеше Астана қаласында бастау алды. Ол – ұйымға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі.
Үкімет • 26 Сәуір, 2024
Тарихи тамырластық баянды бауырластыққа жетелейді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, күн тәртібіне шығарылған бірқатар заң қаралды. Соның бірі – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды сенаторлар талқылап, мақұлдады.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Жаңа журнал оқырманға жол тартты
Астанада «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық бірлестігінің «Халық батырлары» республикалық әлеуметтік-патриоттық журналының тұсаукесері өтті.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Атом құрбандары әділеттілікке сенеді
Елордада 1988-1990 жылдары «Семипалатинск-22» қауіп-қатері айрықша жоғары бөлінісінде әскери борышын өтеген сарбаздар дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған ядролық полигон орнында екі жыл өмірлерін, жалынды жастық шақтарын өткерген олар үйлеріне денсаулығын беріп оралған. Көбі соның салдарынан өмірден озған...
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қаламгер, ғалым Дархан Қыдырәлінің «Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және қырғыз тілінде басылған «Ташқа жазылған тарых» атты кітаптары көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға ғалымдар, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері және Парламент депутаттары қатысты.
Марапат • 23 Сәуір, 2024
Президент атынан қолсағатпен марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны зардабын жою, қауіптің бетін қайтару мақсатында ұйымдастырылған жұмыстарға белсенді қатысқан Ұлттық ұлан академиясының курсанттары Мемлекет басшысының атынан қолсағаттармен марапатталды.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Жалған хабарламаның мақсаты – үрей тудыру
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында өңірлерді су алып, ел басына күн туғанда жалған хабар таратушылар жығылған үстіне жұдырық болып жатқанын қынжыла жеткізді. Министрдің айтуынша, тіпті кейбір жағдайларда теріс ақпарат салдарынан құтқару бригадалары көмек қажет емес жерлерге аттанып, қымбат уақыттарын текке шығындаған.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Батыс пен оңтүстік өңірлерден бастау алған су тасқыны қатері елдің солтүстігіне де жылжып келеді. Таяу күндері елорданың маңындағы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында да төтенше жағдай қаупі туындады. Айта кетейік, аталған елді мекен Астанадан 26 шақырым жерде.