Жемқорлық • 24 Тамыз, 2023
Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерін басқарып отырған әрбір екінші адам сыбайлас жемқорлыққа барады. Мұндай жаға ұстатар жайтты ТЖМ басшылығының қатысуымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали айтты.
Жоба • 22 Тамыз, 2023
Партиялық «Tomiris» бағдарламасы аясында «Әйелдердің көшбасшылығы» тақырыбындағы тренинг-воркшоптың ашылу салтанаты өтті. «Amanat» партиясының Саяси менеджмент академиясы бұл жобаны Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, Конрад Аденауэр қорымен бірге ұйымдастырды.
Әскер • 22 Тамыз, 2023
Үздік сарбаздар тегін білім алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне білім беру жеңілдіктерін ұсыну арқылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру және армияның беделін арттыру жөнінде тапсырма берген болатын. Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен жоба биыл қолға алынып, көктемде мерзімді әскери қызметін өткеріп, запасқа шығарылған азаматтардан жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау жалғасып жатыр.
Айбын • 22 Тамыз, 2023
Екі жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Астанада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Қазақстанның 2 жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді.
Спорт • 21 Тамыз, 2023
Елорданың триатлон паркінде даңқты ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің 101 жылдығына орай жүгіруден жарыс өтті.
Айбын • 21 Тамыз, 2023
Ақтауда Қарулы күштер Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына орай әскери кемелер мен есептоптардың салтанатты шеруі өтті.
Қаржы • 18 Тамыз, 2023
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару үдерісі басталғаннан кейін жемқорлардан қайтарылған қаражатты жинақтайтын арнайы қор құрылған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері қорға 151,6 миллиард теңге түскен.
Қазақстан • 15 Тамыз, 2023
Сайлаушылар аманаты депутаттарға қандай міндет жүктейді?
Сенат пен Мәжіліс депутаттарының кезекті жазғы демалысы аяқталуға жақын. Жылдағы дәстүрге сай шілденің шіліңгірі басталғанда олар еліміздің әр аймағына іссапарға шығып, жергілікті мәслихаттардың депутаттары, түрлі мекеме ұжымдары, қарапайым тұрғындармен кездесіп, өкпе-наздарын тыңдап, қоғамды алаңдатқан сан қилы проблеманың шешу жолдарын талқыға салды.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2023
Тұрақтылық пен келісімнің бесігі ретінде шартарапқа танылған Қазақ елі әлемге бейбітшілік миссиясын рухани тұрғыда да, іс жүзінде де атқарып келеді. Рухани тұрғыда дейтініміз, 2003 жылдан бері біздің бастамамызбен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жеті мәрте өтіп, өзара тату болу өнегесі насихатталғанын көпшілік біледі. Ал іс жүзінде еліміз 1992 жылдан бері әлемнің әр түкпіріндегі отты нүктелерге өз жауынгерлерін жіберіп, бітімгерлік міндетін атқарып жатыр.
Үкімет • 09 Тамыз, 2023
Мемлекетке қайтарылған нысандар
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол тасымалы және денсаулық сақтау саласындағы кейбір кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралды.