Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
386 материал табылды

Сұхбат • 22 Қараша, 2023

Адами капитал – Әділетті Қазақстанның ұстыны

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы жарияланып, жүзеге аса бастағалы бір жыл уақыт өтті. Еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі негізгі даму бағыттарын айқындап көрсеткен құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға да айрықша көңіл бөлген. Осыған орай біз Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовті сөзге тартып, сайлауалды бағдарламада адами капитал сапасына тікелей қатысы бар білім беру және денсаулық сақтау салаларына тиесілі міндеттер қаншалықты жүзеге асып жатқанын сұрап білдік.

Сұхбат • 17 Қараша, 2023

Аманжол Қалыш: Бүгінгідей өсу қарқыны сақталса игі

Кеше Алаш жұрты бөркін аспанға атып қуанған күн болды. Қазақ елі тұрғындарының саны 20 миллионнан асты. Біз осы тарихи сәтке орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, этнограф ғалым Аманжол Қалышқа бірнеше сұрағымызды қойған едік.

Қазақстан • 17 Қараша, 2023

Ел мерейін асырған нәрестелер Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола, Түркістан облыс­­тарында дүниеге келді

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш халық санағы 1999 жылы өткені белгілі. Сынақ нәтижесінде ел халқының саны азайғанымен, қазақтың үлесі ғасырға жуық уақыттан кейін тұңғыш рет 50 пайыздан асқанына бір қуандық. Келесі 2009 жылғы санақта Қазақ елінің тұрғындары 16 миллион адамнан асып жығылып, тәуелсіздік алған тұстағы деңгейге жеттік деп тағы да қуанышымыз қойнымызға сыймады. Енді, міне, кезекті тарихи сәт келіп жетті: біз 20 миллион болдық!

Құқық • 16 Қараша, 2023

Зорлыққа ұшыраған әйел қайда жүгінеді?

Әйелдердің дені күйеуінен жәбір көрсе, қайда шағымдануды, кімге барып көмек сұрауды біле бермейді. Зомбылық­­қа ұшыраған жағдайда не істеу керек? Жан­жал шығарушыға қандай жаза қарас­тырылған?

Сұхбат • 16 Қараша, 2023

Альбина МАУТОВА: Конституциялық сот құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтады

Биыл 1 қаңтардан бас­та­п Конституциялық сот жаңар­тыл­ған форматта­ қайтадан жұмыс істеп келеді. Президент, Пар­ламент депутаттары, Адам құ­қық­тары жөніндегі уәкіл және Бас прокурормен қатар қара­пайым тұрғын­дарға да Конс­ти­туциялық сотқа тікелей жүгіну құқығы­ның берілуі – конс­титуциялық бақылау орга­ны­ның басты ерекшелігі. ­Біз Бас прокуратураның Норма шығар­ма­шылық қызметін үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Альбина МАУТОВАҒА жаңа органның қызметі және Бас прокуратурамен байланысы жайында бірнеше сұрақ қойған едік.

Қоғам • 15 Қараша, 2023

Ерім дейтін ел қайда?

«Балам» деген жұрт болмаса, «жұртым!» дейтін бала қайдан шықсын?» дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Сол Ақаңның замандастары, бір әулеттен шыққан қос қыран, бірі Амангелді батырдың үзеңгілес сарбазы, екіншісі Арқалық қаласының алғашқы қазығын қаққан ағалы-інілі Назарбек пен Дүйсенбек Адырбайұлдарының есімдері тарих қойнауында ұмыт болып, елеусіз қалып барады.

Айтыс • 14 Қараша, 2023

Еңбек адамын ұлықтаған аламан айтыс

Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. «Amanat» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі дода «Еңбек – ел ырысы» тақыры­бына арналып, онда еңбек адамдарының өнегесі өзек болды.

Айбын • 12 Қараша, 2023

Қарулы күштер жылды қорытындылады

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшы­лығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында ел Қарулы күштерінің биылғы қызметі қорытындыланды.

Үкімет • 09 Қараша, 2023

Жолдау аясындағы жобалар талқыланды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар ЕАЭО аумағындағы аудиторлық қызмет туралы заңды қарап, мақұлдады.

Сұхбат • 08 Қараша, 2023

Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ: Дін саламаттылығы – өзекті мәселе

90-жылдары дін ұстануға еркіндік берілгенде көп адам бөркін аспанға атып қуанды. Кейін қоғамда теріс ағымдар қаптап шыға келгенде, ағаттық жіберіп алғанымызды түсіндік. 2011 жылы дін туралы жаңа заң қабылданып, ушығып бара жатқан жағдайды оңалту үшін жан-жақты алдын алу жұмыстары жүргізілді. Алайда кейінгі жылдары қоғамды дүрліктіріп, дінді құбыжық қылып көрсететін жайттар қайтадан қылаң бере бастады. Осы келеңсіздіктердің себеп-салдарын білу мақсатында теолог, сарапшы Жандәулет Сүлейменовті әңгімеге тартқан едік.

Яндекс.Метрика