Қазақстан • 11 Қазан, 2023
Ауғанстанның батыс аумағында болған зілзала (эпицентрі – Герат провинциясында) салдарынан 2 500-ге жуық адам қаза болып, 9 мың тұрғын жараланды. 2 мың үй қирап, халық баспанасыз қалып отыр. Табиғи апаттан кейін еліміздің Үкіметі ауған халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Сұхбат • 11 Қазан, 2023
Сомайя ШАНТИЛАЛ: Үлкен жүректі адамдар үшін әлем – бір отбасы
Ертең елордамызда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХХІ отырысына әлемнің көптеген елінен қонақтар қатысады. Соның бірі – Үндістандағы Индология және дінаралық диалогті зерттеу жөніндегі «Сомайя Видьявихар» институтының төрағасы Сомайя Самир Шантилал. 2003 жылы өткен алғашқы съезге Сомайя Самирдің әкесі қатысқан еді. Одан кейінгі форумдардың біріне институт төрағасының өзі келген. Хатшылық отырысы қарсаңында газетімізге арнайы сұхбат берген ол діндер съезінің маңызы мен еліміздегі конфессияаралық келісім туралы ойын ортаға салды.
Айбын • 11 Қазан, 2023
Геосаяси ахуалы құбылған алмағайып заманда аңдысқан жау көп. Күні кеше ядролық қаруы бар Израильге Газа секторынан хамастық содырлар баса-көктеп кіреді деп кім ойлаған? Қару-жарағы мен технологиясы жағынан әлемде алдыңғы қатарлы мемлекеттің өзі қауіптің бетін аңғармай, қапы қалып, мыңға жуық бейбіт тұрғынынан айырылды. Бұл оқиға бүгінгі таңда бес қаруыңды әрдайым сайлап отыруды, әскердің дайындығын уақыт талаптарына сай ұстауды талап етеді.
Сұхбат • 10 Қазан, 2023
Оралбай Әбдікәрімұлы: Ұлттың тарихи күні
Азаттыққа жол ашқан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы – ұлт тарихындағы ұмытылмас мезеттердің бірі. Сол кезеңде саясат сахнасында болған сан-қилы оқиғалар мен айтыс-тартыстардың куәгерлері арамызда жүр. Соның бірі – 1990 жылы Орталық партия комитетінде ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімін басқарған мемлекеттік қызмет ардагері, белгілі қайраткер Оралбай Әбдікәрімұлы газетімізге арнайы сұхбат беріп, ел өміріндегі елең-алаң шақ туралы естелігін айтты.
Отбасы • 10 Қазан, 2023
Отбасын ойрандағандарға жаза қатал ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын адамдар үшін жазаны күшейтетін кез келгенін айтты. «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады» деген ол полицияға мұқият жұмыс жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Президент алға қойған міндеттемелер қалай орындалып жатыр? Жанжалқойларға арналған жаза қатайды ма?
Сұхбат • 09 Қазан, 2023
Әлемдік діндер съезі: Диалогтен – ортақ шешімге
11 қазанда Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының 21-отырысы өтеді. Хатшылық жұмысына ислам, христиан, буддизм және иудаизм діндерінің ең беделді өкілдері, сондай-ақ әлемнің 24 елінен халықаралық ұйымдардың саяси қайраткерлері мен өкілдері қатыспақ. «Хабар» агенттігінің «Бетпе-бет» бағдарламасына сұхбат берген Сенат төрағасы, Съезд хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев форум барысында қандай мәселелер талқыланатыны туралы айтты.
Үкімет • 06 Қазан, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ сенаторлар қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген бірнеше мәселеге қатысты сауалдарын жолдады.
Айбын • 05 Қазан, 2023
4 қазанда еліміздің Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллерия күнін атап өтті. 2000 жылы дәл осы күні Қорғаныс министрінің директивасымен Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының басқармасы құрылған еді.
Қоғам • 03 Қазан, 2023
Онлайн ойындар нені насихаттап жүр?
Өткен жылы 4-сыныпта оқитын ұлымның сыныбында болған бір оқиға жағамызды ұстатты. Мұғалім балаларға «Өскенде кім болуды армандайсыңдар?» деп сұрақ қойғанда бір ұл бала: «Террорист болғым келеді» деп жауап беріпті. Таңғалған апайы: «Оны саған кім үйретті? Террорист дегенді қайдан естідің?» деп сұраса, әлгі бала: «Телефондағы ойыннан көрдім» деген екен.
Саясат • 03 Қазан, 2023
Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.