Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
71 материал табылды

Ұстаз • 05 Қазан, 2023

Ұстаз еңбегі

Тау-тасынан тарихы тіл қатып, топырағынан тұлғалар тол­ғанысы төгіліп тұратын Шыңғыстау қойнауы руха­ният­тың қайнар көзі іспетті. Әсіресе көнекөздерден қалған әңгімелердің ақиқатын бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, келе­ше­гінің керегіне жаратуды ниет еткен ақылман ақсақал­да­ры қандай десеңізші. Ұстаздық қызметін қалың ел таныған, сан шәкірті әлі күнге дейін өнегесін өмірлік азығы еткен сондай қарттың қатарында жазушы-ұстаз, білім беру ісінің үздігі Досымхан Тоққарин де бар.

Қоғам • 02 Қазан, 2023

Алаштың қаламгерлік, қайраткерлік мектебі

28 қыркүйек – Мұхтар Әуезовтің туған күні. Атаулы дата қарса­ңын­да Мұхтар Әуезовтің немересі, Мұрат Мұхтарұлының қызы Зифа-Алуа Әуезова, Лола Ернарқызы Әуезова, Алматы­да­ғы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры­ Диар Қонаев, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақым­ға­ли Құл-Мұхаммед, Қанат Разақов Семей қаласына арнайы кел­ді.

Мәдениет • 29 Қыркүйек, 2023

Дәстүрлі әннің «Інжу-Маржаны»

Қазақтың ән өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырып, ақындық мұрасымен де аты аңызға айналған Әсет Найманбайұлы атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауы «көрген де арманда, көрмеген де арманда» дегендей ерекше әсер қалдырды. Үржар аудандық мәдениет үйінде өткен мәдени іс-шараны Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жоғары деңгейде ұйымдастырғанының куәсі болдық.

Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2023

Үржарда «Інжу-маржан» республикалық ән байқауы басталды

Бүгін Абай облысы, Үржар ауданында тұңғыш рет Әсет Найманбайұлы атындағы «Інжур-маржан» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023

Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

Абай облысының Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы дертіне шалдыққан деген күдікке ілінді. Осыған байланысты бүгін таңертеңнен ауылдың кіреберісіне блок-пост қойылып, төтенше жағдай жарияланды. Әзірге Абай облыстық ТЖБ тұрғын туралы нақты мәлімет жариялаған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023

Атом энергетикасы және ел болашағы

Жуырда Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта «Семей сынақ полигоны: мұрасы және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму келешегі» атты X халықаралық конференция өтті. Айтулы жиынға әлемдік деңгейдегі танымал ғалымдар ша­қырылып, олар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және оның қауіпсіздігі жайындағы ойларын ортаға салды. Жа­пония, АҚШ, Франция, Қытай, Мажарстан, Ресей, Қазақстан ға­лымдарының басын қосқан іс-шараны Ұлттық ядролық орта­лы­ғының бас директоры Эрлан Батырбеков жүргізіп отырды.

Бағдарламалар • 14 Қыркүйек, 2023

Жаңа бағдарламаның шарапаты

Бүгінде жеке иелігіне ипотекалық жүйемен болсын баспана сатып алу халық қалтасына оңай соқпай тұрғаны – шындық. Баспана алуға жиған-терген қаражаты жетпей тығырыққа тіреліп жүрген отбасылар да баршылық. Дегенмен мемлекеттік саясат тұрғысынан алып қарағанда жұрт көкейінде жүрген бұл мәселе әртүрлі бағдараламалар аясында біртіндеп шешімін та­уып келеді. Солардың бірі – биылдан бастап күшіне ене бастаған 2023-2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың тұжырымдамасы.

Әскер • 14 Қыркүйек, 2023

700 азамат әскерге шақырылады

Президент Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қыз­мет­ке шақырудың күзгі науқаны басталды. Әскерге шақыру науқаны 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Биылғы әскерге қабылдаудың ерекшелігі – іс-шаралар ашық өтіп, комиссия жұмысын сарбаздардың ата-аналары мен қоғамдық комитет өкілдерінің бақы­лауына мүмкіндік бар.

Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023

Тұтастық темірқазығы

Семей қаласындағы «Арбат» алаңында «Тіл – тұтастық туы» атты фестиваль өтті. Ауқымды мәдени іс-шараны Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.

Үкімет • 11 Қыркүйек, 2023

Аудан әкімін сайлау басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымдағы бірінші сессиясының ашылуында биыл елімізде алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетінін атап өткен болатын. Әкімдері сайланғалы отырған 45 өңірдің 2-еуі Абай облысына тиесілі.