Балалар • 26 Сәуір, 2024
Оқушылардың жазғы демалысы да әне-міне дегенше келіп қалды. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жағы қалай болмақ? Бұл – Ұлытау облысындағы өзекті мәселенің бірі. Бұрынғы пионер лагерьлері жекешелендірудің ыңғайында сатылып кеткен. Жезқазғанның жанындағы «Орленок» лагері туралы тамсана айтылатын естеліктер ғана қалды. Аудандардағы лагерьлер де солай.
Білім • 25 Сәуір, 2024
Жәйрем кентінде жаңа балабақша ашылды. Бұған дейін мұнда жалғыз ғана мемлекеттік балабақша бар болатын. Халықтың бұл реттегі сұранысын қамтамасыз етуге кәсіпкерлер де келе бастады.
Экология • 23 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген кезекті сенбілік Жезқазған қаласын қысқы қоқыстан жақсылап бір тазартып тастады.
Мәдениет • 16 Сәуір, 2024
Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған Мұқағали Мақатаев шығармашылығын насихаттау мақсатындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» деп аталған онлайн-челлендж мәресіне жетті. Бұл челлендж өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында өтуімен ерекшеленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Жезқазғандағы ескерткіш ескерусіз қалды
1999 жылы ұлы ғалымның ғасырлық тойын мерекелеу аясында Жезқазған қаласындағы Металлург алаңына Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңселі ескерткіші орнатылды. Содан бері ширек ғасырға жуық жыл сайын туған күнінде қала жұртшылығы осы ескерткіш жанында салтанатты митинг жасап, гүл шоқтарын қою дәстүрге айналып еді. Биыл сол дәстүрге сызат түсті. Облыс орталығындағы ғалым ескерткішіне гүл шоқтары қойылмады. Неге?
Ән • 11 Сәуір, 2024
Ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаевтың атақты өнер зерттеушісі А.Затаевичке қазақтың 25 әнін орындап беріп, жаздырғаны мәлім. Олардың арасында «Қара жорға», «Бибігүл», «Мақпал», «Іңкәр», «Сарын» және басқа да әндер болған.
Тарих • 11 Сәуір, 2024
«Байман ұста Алтаяқұлына!Құрметті Байеке! Сіздің Аманкелді батырдың өзі және сарбаздары ұстаған қаруларының түпнұсқасын жаңадан жасап жібергеніңізге Қазақ ССР Ғылым Академиясы зор алғыс айтады. Бұл қару-жарақтар белгілі бір дәуірдегі қазақ халқының жауынгерлік мәдениет үлгісін бейнелейді. Мұның қазіргі, Ұлы Отан соғысы кезіндегі маңызы да үлкен. Осы іске сіз бұдан былай да атсалысады деп сенеміз. Академия сізбен байланыс жасап тұрады. Сәлеммен – Қ.И.Сәтбаев».
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Сәтбаев қаласында ұлы ғалымның құрметіне қойылған бір еңселі ескерткіш, бір мүсін бар. Қаладағы Кеншілер алаңына орнатылған ескерткіштің 2014 жылы қойылғанын көпшілік жақсы біледі. Ал мүсіннің қашан жасалғаны көмескілеу. Шамасы, 1984 жылы, ғалымның туғанына 85 жыл толу құрметіне орай жасалса керек. Бұлай дейтініміз...
Құтқарушы • 08 Сәуір, 2024
Ұлытаулық ТЖД қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысына аттанды
Ұлытау аймағында су тасқынының беті қайтты, жағдай тұрақты, қауіп жоқ. Еліміздің басқа өңірлеріндегі ахуал сабасына түспек түгілі, өршіп кетуі де мүмкін. Солтүстік өңірлерде қар негізінен енді ғана ери бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Академик аллеясын «ақжолдықтар» абаттандырады
Сәтбаев қаласындағы ұлы ғалымның мүсіні орнатылған аллеяны абаттандыруды «Ақ жол» партиясының Ұлытау облыстық филиалы өз қолына алды. 2018 жылы орнатылған мүсіннің айналасы тозыңқырап кеткен еді.