Абдолла ДАСТАН
Абдолла ДАСТАН«Egemen Qazaqstan»
216 материал табылды

Тұлға • 02 Сәуір, 2024

Ғалым тіл қадірі туралы

«Қаныш асқан ғалым еді. Бұған қоса жан дүниесі бай адам болатын. Кейбір ғалымдар өз саласын ғана жете біліп, өзге дүниеден азғантай мағлұматтармен жүре береді ғой. Ал Қаныш олай емес еді. Ол жан-жақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін, өнердің сан-саласына ой жіберіп, жақсы пікірлер айтып отыратын». Классик жазушы Сәбит Мұқанов академик Қаныш Сәтбаевты осылайша бағалаған екен. Шынында да, ұлы ғалымның араласпаған саласы жоқ екені белгілі.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2024

Ұлытаудағы «Атасу - Қаражал» жолын да су басты

Ұлытау облысындағы жалпы жағдайға қарағанда су тасқыны саябырсып, бәсеңдеген секілді. Бірақ бұл қауіп сейілді дегенді білдірмейді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2024

Қызыл су әл бермей барады

Күн жылына ери бас­таған қар сай-саланы қуа­лап, үс­тін-үстін толы­ға түсті. Билік тас­қынға тосқын қою­дың амалдарын қа­растырып, бір­қа­тар шара қабы­л­да­ды. Тәулік бойы жұ­мыс істейтін арнайы штаб құрыл­ды, кезекшілік ұйым­дастырылды. Аса қауіп тудыратын тұстар анықталып, сақтық күшейтілді.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2024

Су қоймалары суға толды

Ұлытау өңіріндегі су тасқыны наурыздың 25-нен бастап күрделене бастады. Облыс аумағында автожолдардың шайылуының 2 фактісі, су тасуының 11 фактісі тіркелді. Қазірге дейін 66 тұрғын үй (Жаңаарқа ауданы – 38, Ұлытау ауданы – 28), 7 аула (Жаңаарқа ауданы), 9 қыстақ (Ұлытау ауданы – 6, Жаңаарқа ауданы – 3) су астында қалды. 135 адам, оның ішінде 61 бала эвакуацияланды. 349 бас сиыр, 858 бас қой-ешкі және 17 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.

Айтыс • 19 Наурыз, 2024

Жас жүрек жырлайды

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында көрнекті ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған облыстық оқушылар айтысы болып өтті.

Құқық • 12 Наурыз, 2024

Кәсіпкерге кедергі келмесін

Ел экономикасын дамытудағы шағын және орта кәсіпкерліктің орны аса маңызды. Нарықтық жүйеде елді алға сүйреу негізінен кәсіпкерлердің жұмысына байланысты екені белгілі. Ел Президенті олардың алаңсыз қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік нысандарын жөн-жосықсыз тексеруге кейінгі үш жыл бойына мораторий жариялағаны бекер емес.

Аймақтар • 07 Наурыз, 2024

«Кеңгірдің» кілті кімде?

Жезқазған жұртшылығы алты ай қыс бойы «Биыл Кеңгірге су түсе ме, түспей ме?» деп, құмалақ ашумен шығады. «Кеңгір» дегеніміз – қаланың бар тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тиісті су қоймасы. Ауыз судан бастап барлық қажеттілікке керекті су негізінен сол Кеңгірден алынады.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2024

Жас маманға – жайлы пәтер

Кезінде аудан орталығы болған Жезді кенті біршама қиын­шы­лықты бастан өткерді. Дегенмен кейінгі уақытта кентке көзқарас өзгере бастады. Қазір мұнда қытайлық кәсіпкерлермен бірге жаңа өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Өнер • 06 Наурыз, 2024

Ұлытау театрының маңдайалды актері

Өнерге әркім әрқалай жол­­мен келеді. Біреу жас­­тайынан арман етеді, енді біріне туған-туыс, нағашы-жұ­ра­­ғаттың ық­палы тиіп жа­тады. Ал Қа­зақстанның ха­лық әртісі, белгілі театр және кино ак­тері Досжан Жан­­бо­таев­тың жөні бө­лек. Ол еш­қашан актер бо­­ламын деп ойлаған да емес.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2024

Шарасыздық шеңбері

Биылғы жыл жылқыға жайсыз тиді. Алдымен әлеу­мет­тік желі арқылы жеткен хабарға сенсек, Ұлытау облы­сындағы әсіресе Жаңаарқа ауданы жағының шаруа қожалықтары құрық ұстап қалатын түрі бар. Ресми мәлімет бойынша, автомобиль жолдарының бойынан 67 бас жылқының өлексесі табылған. Бірақ бұл жыл­қы­лардың да кейбірінің нақты иесін табу мүмкін емес.