Абдолла ДАСТАН
Абдолла ДАСТАН«Egemen Qazaqstan»
141 материал табылды

Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Ұлытау облысы: Фермерлерге жеңілдік

Ұлытау облысында көмір әр тоннасына 13 700-19 500 теңге аралығында сатылып жатыр. Бағаның әркелкілігі, әрине, жол шығы­нына байланысты екені түсінікті.

Аймақтар • 11 Қазан, 2023

Франциядан келген делегация: облыстың денсаулық саласына қызығушылық танытты

Қай саланы болсын халықаралық талаптар деңгейіне көтеру керек. Мұнсыз болмайды. Сондықтан шет елдердің тәжірибесін де, қаржысын да пайдаланудың оңтайлы жолдарын іздестірген абзал. Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Тәрбие • 10 Қазан, 2023

Тәрбиешіге тарту

Қарлыға Наурызбаева Сәтбаев қаласындағы «Ертегі» бөбекжайында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Ол Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бас­тауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған соң, еңбек жолын нақ осы ұжымда бастаған еді. Ұшқыр уақыт-ай, міне, он сегіз жыл өте шығыпты.

Аймақтар • 10 Қазан, 2023

Жезқазғанға әуе қатынасы жиіледі

Ел Президенті мақұлдап, Үкімет бекіткен «Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында көзделген іс-шаралардың бірі – облыс орталығының еліміздің басқа өңірлерімен әуе жолы арқылы байланысын қамтамасыз ету болатын. Бұған дейін қалыптасқан Астана, Алматы, Қарағанды қалаларымен әуе арқылы қатынас қатарына енді Шымкент қаласы да қосылды.

Аймақтар • 09 Қазан, 2023

Көшпелі кеңестегі көшелі мәселе

Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай төрағалық ететін «Amanat» партиясының жанындағы республикалық «Miras» кеңесінің кезекті көшпелі отырысы Жезқазған қа­ласында өтті.

Мирас • 08 Қазан, 2023

Батагөйлер байқауы

Ұлытау өңірінде алғаш рет бата беру байқауы ұйымдастырылды. Ардагерлер кеңесі бастап, Мәдениет, тілдерді да­мы­ту және архив ісі басқармасы қоста­ған бұл шара алдымен аудан, қала­ларда болып өтті. Сол сайыстарда жеңіп шық­қан 12 батагөй «Батаменен ел көгерер» атты облыстық додада бақ сынасты.

Айтыс • 03 Қазан, 2023

Өнердің ордасына айналғандай

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімін иеленген кенді қала осы күндері өнердің де ордасына айналғандай. Қалада кейінгі сегіз жыл бойы республикалық айтыс өткізіліп келе жатқаны да соның айғағы іспетті. Биылғы «Кен қазған құтты мекенім» атты сөз сайысы қаланың 50 жылдық мерейтойына арналды.

Медицина • 27 Қыркүйек, 2023

Корей дәрігерлері – Қазақ елінде

Жезқазған қаласындағы медицина орталығы Оңтүстік Корей еліндегі Ёнсе университетінің клиникасымен әріптестік байланыс орнатқан еді. Соның нәижесінде аталған медорталықтың дәрігерлері Корей еліне барып, тәжірибе жинақтаудан өтсе, жуырда ол жақтың 11 дәрігері Жезқазғанға келді.

Экология • 27 Қыркүйек, 2023

Тау-тау қоқыс қоршаған

Өзіңіз тұратын ауыл не қаладан сәл сыртқары шықсаңыз, шашылып жатқан қағаз қалдықтарынан, пластик бөтелкелерден және т.б. қоқыстан көзіңіз сүрінер еді. «Асырып айтылды» десеңіз де, еркіңіз. Бұған қоса жер-жерде үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтар ше? Осының бәрі сайып келгенде туған табиғатқа деген жанашырлықтың жоқтығын айғақтайды, экологиялық мәдениетіміздің төмендігін танытады.

Еңбек • 25 Қыркүйек, 2023

Қадір мен қасиет

Биыл Сәтбаев қаласында өткен «Мерейлі отбасы» байқауына қонақ ретінде қатысудың сәті түскен еді. Сол жолы бас бәйгені иеленген Сағындық әулеті туралы қалам тербеуді жөн деп білдік.