Коронавирус • 09 Маусым, 2020
Қарағандыда 41 адам коронавирус қармағына ілікті
Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 41 адамның COVID-19 індетін жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Қарағанды облысында жеделдетілген топтың жұмысы бастан асады
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында 2020 жылдың 8 маусымына дейінгі жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша, өңірде 100 балабақшада кезекші топтар ашылды және 12 түзету бөлмесі жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Қарағандыда әйгілі бапкерге құрмет көрсетілді
Кеншілер астанасында тұратын аты аңызға айналған тәлімгер, КСРО-ның және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Леонид Рахымжанұлы Тілеубаев 70 жасқа толды. Карантин шектемегенде бокстың жілігін шағып, майын ішкен майталман маманның мерейтойы кеңінен аталып өтер еді...
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Қарағанды облысында мектеп, балабақшалар түгел жөнделеді
Қарағанды облысында мектеп бітірген түлектер аттестат алып жатқанда, өңір басшысы кеншілер астанасындағы жөндеу жүргізіліп жатқан білім ошақтары мен балабақшаларды аралап шықты. Жеңіс Қасымбек «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясындағы жұмыс барысымен танысып, мердігер компаниялардың міндеттерін қалай атқарып жатқанын тексерді.
Оқиға • 09 Маусым, 2020
Мәдениеттің мерейі мақсатты жобалар арқылы өседі
Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында өткен 2019 жылды жемісті болды деп айтуға толық негіз бар. Тарқатып айтар болсақ, аталған бағдарлама аясында 33 жоба жүзеге асырылды. «Қазақстанның рухани киелі жерлері», «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы аясында сегіз жобаның жұлдызы жанды. Атап айтқанда, өңірдегі 15 тарихи және мәдени ескерткішке реставрациялық зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды
Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Даулат Ешкеев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: Осакаров ауданында – оң өзгерістер
Осакаров ауданында 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынатын жобаларға 1 миллиард 562 миллион 718 мың теңге бөлінген. Басты мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашу. Мысалы, 36 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру бағытында 364 жұмыс орнын ашу көзделген.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: 33 адамнан COVID-19 анықталды
Қарағанды облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 33 адамның жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: 48 адам жұқтырып, бір науқас қайтыс болды
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі өңірде өткен тәулік ішінде 48 адамның COVID-19 індетін жұқтырғанын және бір адамның осы аурудан қайтыс болғанын хабарлады.
Қоғам • 05 Маусым, 2020
Былтыр елімізде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» деп аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылып, әр облыста оның филиалдары да ашылып, жұмыс істей бастады. Жаңа мекеменің мақсаты белгілі. Өзінің атауы айтып тұрғандай, жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Бір сөзбен айтқанда, бұл кәсіпорынды экономикамыздың тарам-тарам тамырына айналған ірілі-ұсақты жолдардың нағыз жанашыры деуге болады.