Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1232 материал табылды

Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Карантиндегі Қарағандыда қалыпты өмір...

Карантиннің құрсауындағы Қарағандыда COVID-19 инфекциясы үйіріп соғып тұр. Бүгіндікке жеткен ақпарат бойынша, өңірде тағы 11 адамның індет жұқтырғаны анықталып, мұндағы ауырғандардың жалпы саны 76-ға жетті... Бұған қарамастан, облыста пандемиямен күрес бір сәтке де толастаған емес. Коронавирускеқарсы майданның орталық штабы, «Жедел әрекет ету орталығы» күні-түні жұмыс істеп, қолдан келгеннің бәрін жасауда...

Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Қарағандыда COVID-19 жұқтырудың 11 оқиғасы тіркелді

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 оқиғасы зертханалық сараптама негізінде расталды. Бұл адамдар бұрын COVID-19 жұқтырған науқастарымен байланыста болған екен. Ал олардың ішіндегі бір азамат пульмонологиялық госпитальдің пациенті болып шықты.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Сарбаздар қайта сапқа тұрды

Мемлекет басшысының «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлығына сай, Қарағанды облысында еріктілердің тізімі жасалды. Осыған орай Отан алдындағы парызын өтеуге 95 адам ниет білдіріп, арнаулы жиынның талабын қабыл алды.

Коронавирус • 12 Сәуір, 2020

Қарағандыда COVID-19 жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы екі оқиғасы тіркелді. Олар осы дертпен бұрын ауырғандармен байланыста болған және карантинде жатқан адамдар.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Қарағандыда коронавируспен ауырған науқас жазылып шықты

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын алғаш жұқтырған науқастардың бірі жазылып шықты, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Коронавируспен күрес қыза түсті

Мемлекет басшысы сәуір айының соңына дейін карантин режимінің мерзімін созуды тапсырды. Бұл – елімізде коронавируспен күрестің жаңа деңгейге шығып, аталған індетке қарсы майданның кең ауқымда жүргізілетінін аңғартса керек.  Бұл істе Қарағанды облысының да қосар үлесі қомақты болуы керек. Өңірде аты жаман аурудың көзін жою мақсатында көптеген шаруалардың қолға алынғанын айта кеткен жөн.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Қарағандыда COVID-19 жұқтырғандардың саны 61-ге жетті

Бүгін Қарағанды облысында тағы төрт адамның  COVID-19 жұқтырғаны зертханалық негізде расталды.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Карантиндегі қарбалас тірлік

Коронавирус күшейді деп күңірене беруге және қарап отыруға болмайды. Бұл – бір. Одан кейін мұндай қиын-қыстау кезде әрбір саналы ердің дархан көңіл, жомарт жүректен жасаған жақсылығы елдің рухын көтеретінін де ұмытпаған жөн. Тіпті бар ғой, қарап тұрсаңыз, мына «жаман тұмау» елдің бірлігін арттырып, намысына қозғау салған тәрізді. Жұрт қазір жұмылып бір жұдырық болмайынша, жалмаңдаған індетке жойқын соққы жасай алмайтынын ұққандай. Лайым солай болғай!

Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қарағандыда екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Бүгін Қарағанды облысында екі адамның COVID-19 жұқтырғаны зертқаналық негізде анықталды. Бұл науқастар карантиндік стационарда жатқандардың арасынан шыққан.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қорғаушыларға да қолдау қажет

Коронавирус індетіне қарсы күш бірік­тірмесе ырық бермейтін түрі бар. Әсіресе, қазіргі уақытта өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, аждаһа індетпен алысып жүрген дәрі­гер­лерге, сонан соң күн-түн демей қызмет етіп сапта тұрған тәртіп сақшы­ларына қолдау ауадай қажет.