Қоғам • 01 Маусым, 2023
Президенттің тың бастамасымен кейінгі жылдары халыққа зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін баспана алуға және емделуге жұмсауына мүмкіндіктің берілуі елімізде үлкен жаңалық болып, көптеген азамат бұл өзгерістің игілігін көріп үлгерді. Енді еңбегінің жемісін көрер зейнет жасындағы азаматтарға зейнетақы жинағын түгел пайдалануға құқық берілейін деп жатыр. Аталған жаңашылдық алдымыздағы шілде айынан бастап жүзеге асырыла бастайды.
Елорда • 31 Мамыр, 2023
Студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Астанада биыл 1 900 орынға арналған 5 студенттер жатақханасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Ал 2025 жылға қарай жеке инвесторлар мен жоғары оқу орындарының меншікті қаражаты есебінен 11 мыңға жуық орынды қамтитын жатақханалар салып, тапсыру жоспарда бар.
Пікір • 28 Мамыр, 2023
Қай қоғамды алып қарасақ та, анадан ардақты, анадан асыл ешкім жоқ. «Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын» деп ұдайы аузымызда жүрген, жадымызда жатталған әдепкі әннің сөзімен айтсақ, бәріміздің анамыз алтын екеніне шәк келтіре алмаймыз. Алайда қоғам болған соң әркімнің өзіне лайық қадір-қасиетімен қоса материалдық игіліктермен өлшенетін әлеуметтік мәртебесі де болады.
Медицина • 24 Мамыр, 2023
Сегізкөзге жасалған сәтті операция
Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері сегізкөз өріміне операция жасап, құйымшақтағы қатерлі ісікті алып тастады.
Туризм • 24 Мамыр, 2023
Арқаның кербез сұлу Көкшетауын тамашалағысы келіп, жер-жерден ағылатын жұрттың қатары жыл сайын артып келеді. Былтыр курорттық аумаққа 711 мыңнан аса адам келіпті. Биыл туристер саны бұл межеден де асып түсуі мүмкін. Бұл ретте демалушылардың да қауіпсіздігін, тұмса табиғаттың да бүтіндігін қамтамасыз ету аса маңызды. Мұндайда «ақылды», яғни смарт жобалардың тигізетін септігі мол.
Медицина • 18 Мамыр, 2023
Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері Рапунцель синдромына шалдыққан атыраулық балаға МӘМС жүйесі аясында операция жасап, асқазанынан «шашты ісікті» алып тастады.
Қоғам • 17 Мамыр, 2023
Айлығын шайлығына әрең жеткізіп күнелтіп жүрген, табысы аз және оның едәуір бөлігін коммуналдық қызметтердің төлеміне жұмсайтын отбасыларға, азаматтарға мемлекеттен тұрғын үй көмегі көрсетіліп келеді. Жыл басынан бері осы көмектің шарапаты тиген шаңырақтың қатары көп.
Медицина • 17 Мамыр, 2023
Омыртқаға жасалған бірегей операция
Астанада ғалымдардың ең жаңа әзірлемесі – титан металл конструкциясы алғаш рет үш жасар балаға туабітті патологиясы – сколиоздың ауыр түрін түзету үшін орнатылды.
Мектеп • 16 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Жайлы мектеп» жобасы, үш ауысымды мектептер, апаттық жағдайда тұрған білім ошақтары мәселесі еліміздің барлық өңірінде мектеп құрылысына қарқынды серпін беріп жатыр. Осы орайда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада жаңадан салынып жатқан мектептер туралы мәлімет берді.
Елорда • 15 Мамыр, 2023
Астанада әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасы газға тегін қосылады. Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар, көпбалалы және тағы басқа санаттағы тұрғындар бар.