Коронавирус • 14 Қаңтар, 2021
Қазақстан орташа қауіпті «сары аймаққа» ауысты
Әлемді әлекке салған арыны қатты індеттің беті қайтар түрі жоқ. Англияда анықталған коронавирустың жаңа штаммы басқа да елдерден табылып, жаһан жұртын әжептәуір алаңдатып қойды. Вирустың бұл түрі біздің елде кездеспегенімен, жалпы Қазақстандағы эпидемиялық жағдай нашарлаған. Қазір еліміз тәуекелі төмен «жасыл аймақтан» орташа қауіпті «сары аймаққа» ауысты.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2021
Санитарлық талаптар пысықталды
Еліміздегі эпидемиялық ахуал әлі оңала қойған жоқ. Сондықтан әдеттегідей сақтық шараларын қатаң ұстануды әсте ұмытпаған жөн. Әсіресе саяси науқан кезінде сайлаушылардың саулығын басты назарда ұстау керек. Осы ретте Мемлекетттік бас санитарлық дәрігер алдағы сайлау қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы қаулы қабылдады.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2021
Зейнетақы жинағы – жарылқайтын игілік (Ілкімді бастама жаңа жылдан бастап іске асырыла бастайды)
Жаңа жылдан жұрт күткен игіліктің бірі – зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсау. Халықтың тұрғын үй мәселесін шешудің тиімді бір тетігі болатын Президенттің бұл бастамасы бұқара тарапынан кең қолдау тауып, жүзеге асырылуын асыға күтіп жүргендер көп. Зейнетақы қорындағы қаражатының мардымсыздығынан біраз ағайын бұл игіліктен құр қалатындай көрінген.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2020
Зейнетақы қаржысын пайдалану қалай жүзеге асырылады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарына пайдалану туралы тапсырмасы іске асырыла бастады. Енді жаңа жылдан бастап 760 мың жұмыс істейтін азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан баспана алуға, емделуге жинағының бір бөлігін пайдалана алады.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2020
«ҚазМұнайГаз» үшін жыл қалай өтті?
Қатаң үнемдеу шаралары Пандемия салдарынан мұнай бағасы күрт төмендеп, нарықтағы ахуал нашарлағаннан кейін «ҚазМұнайГаз» шұғыл түрде дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдады. 2020 жылы операциялық, күрделі және әкімшілік шығындар 147 млрд теңгеге қысқартылды. Алдағы бес жылда тағы да 586 млрд теңге үнемделмек.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2020
Мереке күндері шектеу шаралары күшейеді
Елімізде Covid-19 індетінің таралуы бақылауға болатын деңгейде тұр. Дегенмен эпидемиялық ахуал толық тұрақталғанша сақтық шараларын қатаң ұстанбасақ, жағдай одан сайын ушығып, ырыққа көнбей кетуі мүмкін. Бұл ретте той-томалақты, топтанып жүруді барынша тыйған жөн. Әсіресе бүгінгінің «алтын ережесін» алдағы мереке күндері әсте ұмытпауымыз керек. Сондықтан 25 желтоқсаннан бастап барлық өңірде шектеу шаралары күшейтіледі.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2020
Қоғам қорлыққа қарсы қорған болуы керек
Қай қоғам үшін де әйел теңсіздігі – қашаннан өзекті мәселе. Бұрынғының бұрымдылары сүйгеніне қосыла алмай қор болатын. Ал бүгінде қыз-келіншектер теңін тапса да, олардың ар-намысының тапталуы тыйылар емес. Әйелдерге жасалатын әлімжеттік – әлеуметтік әділетсіздіктің бір көрінісі. Сондықтан мұндай әділетсіздікпен қоғам болып күресу керек. Жақында «Қазақстан әйелдеріне қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық» атты петиция жарияланып, оны қолдаушылардың қатары көбейіп келеді.
Сұхбат • 10 Желтоқсан, 2020
Заң түзелмей, реформалар өрге баспайды
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңаша даму бағдарын айқындап, нақты мақсат-міндеттерді белгіледі. Ұсынылған реформалардың тиімді орындалуы үшін алдымен жаңа заң нормаларымен бекемделуі тиіс. Осы ретте Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы Бейбіт Исабаевпен сұхбат құрып, Мемлекет басшысы көтерген бастамаларды жүзеге асырудың заңнамалық негіздері хақында сөз қозғадық.
Коронавирус • 30 Қараша, 2020
Өңі өзгерген өңірлер: Елімізде эпидемиялық ахуал қиындап барады
Жаман індеттің жайылуы қарқын алып келеді. 27 қарашадағы жағдай бойынша еліміз «сары аймақта», яғни орташа қауіпті аймақта тұр. Ал ахуал тым күрделеніп, «қызыл аймаққа» енген өңірлеріміздің саны бесеуге жетті. Қазанмен салыстырғанда қарашада індетке шалдыққандар 3,7 есе өскен. Қазақстандағы барлық ауру жұқтыру жағдайының 70 пайызы «қызыл аймақта» тұрған өңірлерге тиесілі.
Экономика • 27 Қараша, 2020
Шекара бекеттерін жаңғырту тіршілікті жандандырады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ шекаралық бекеттердің логистикалық инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына басымдық беріп келеді. Бұл бекеттердің жұмысын жандандыру көрші мемлекеттермен барыс-келісті күшейтіп қана қоймай, шекараның маңайындағы елді мекендердің де инфрақұрылымдарын жақсарта түсетіні анық.